Әншілер Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиеваның жанұясында егіз ұл дүниеге келді. Бұл туралы МузАРТ тобының әншісі Сәкен Майғазиев өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жазды деп хабарлайдыBnews.kz.

“Тоқаш досым,3 ұлдың әкесi атанғаның құтты болсын! Ұлдарың өзiңнен өте тусын. Алла тағала Бейбiт екеуiңе баянды ғұмыр бергей”, – деп жазыпты Майғазиев.
Бұған дейін жұлдызды жанұя Instagram әлеуметтік желісіндегі toktar_beibyt парақшасында Бейбіт Сейдуалиева жүктіліктің сегізінші айында екенін жариялаған еді.

Естеріңізге саламыз, Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиева 2007 жылы шаңырақ көтеріп, қазір 7 жасар Беколжас есімді ұлдарын тәрбиелеп отыр. Биыл бірінші сыныпты тәмамдайтын Беколжас әке-шешесінің көз қуанышы.


