kerey.kz

Қызға таласып қырылысқан екеудің қылмыстық оқиғасын қоғамға жеткізген Әлібидің әкесі Нұрлан Жұмағұловтың Фейсбуктағы акаунты жойылды. Адвокаты белгісіз біреулер аккаунтты бұзып кіріп жойып жіберген деп жазыпты.
Кеше күдікті Қайрат Жамалиевтің әйелі Алина Жамалиеваның да ФБ-парақшасы жойылған болатын.
Сондай-ақ, осы оқиғада аты аталған Айнұр Исина да әлеуметтік желідегі аккаунтарын жауып тастады.
Әлеуметтік желі қолданушылары Нұрлан Жұмағұловтың аккаунты парақшасындағы таяқ жеген ұлының ұсқынсыз суретіне ұжымдық шағым түскендіктен жабылған болуы мүмкін дейді. Себебі, ФБ ондай ұжымдық шағымдарды бірден қанағаттандырады.
Бір сағат бұрын жаңадан парақша ашқан ол былай деп жазды:
“Қымбатты достар! Менің facebook парақшам бұғатталды, не үшін екенін білмеймін және оны орнына келтіре алмадым. Оны бұзғандар бір нәрсені ескермеді – бұл істері пайда бермейді ғой, себебі біз мұнда жарты миллион адамбыз. Бізді ешкім сатып алған жоқ, біз қажетімізге жұмсап жатқан барлық шығындарды Сіздер берген көмектермен жабудамыз. Сіздердің хабарларыңыз түкпір-түкпірден түсіп жатыр, мың алғыс! Біздің басымыздағы барлық жағдайды осында жазып оытрамыз, назарыңызда болсын.
Тағы өтінім сұрайтыным, экстремизмге жол бермейік! Мен өз бетінше сот жасау, Жұмалиевтің бала-шағасын жазалау секілді т.б. пікірлеріңізді бірден өшіріп отырамын. Осындай сөздер үшін парақшамды бұғаттап тастаған секілді. Мүмкін оны арнадатушылар әдейі жазған шығар. Мен сіздердің жағдайды ақылға салып, әртүрлі кәсіби мамандардың көмегімен жазадан жалтармақшы болып жатқан қылмыскермен бірге күресуге шақырамын.
Бізді рухани демеп, менің ұлым үшін дұға қылыңыздаршы. Бізбен бірге болып адамгершілк келбетін жоғалтқан қылмыскерлердің жазалануына қол жеткізуімізге көмектесіңіздер.
Ұлымның денсаулық жағдайы туралы жаңа ақпаратты біраздан соң жариялаймын. Оның ауыр халде жатқанына күмәнданушылар көрсін. Барлығыңызға тағы дла рахмет айтамын!”
“Шын-ақпарат”


