Қазақстандық ақпарат агенттіктері мерзімінен бұрын өткен президент сайлауының экзит-полл нәтижесі бойынша Нұрсұлтан Назарбаевтың 97,5 пайыз дауыс алғанын хабарлады. Сауалнаманы өткізген — «Қазақстан азаматтық альянсы» ұйымы.
Ел аумағында сауалнама жүргізгендерін айтқан «Демократия институты» қауымдастығының директоры Юлия Кучинскаяның мәлімдеуінше, экзит-полл нәтижесіне қарағанда президент сайлауына түскен кандидаттардың енді бірі Тұрғын Сыздықов — 1,87 пайыз, екіншісі Әбілғазы Құсайынов 0,63 пайыз дауыс алған.
Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларынан түскен хабарлар бойынша жалпы республика бойынша сайлаушылардың келуі 95,11 %-ды құрады.


