Алматыда “Адем” сауда үйі өртенді деп хабарлайды қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап 24.kz.

Алапат өрт түнгі сағат 21:00 шамасында тұтанған. Әуелде сауда үйінен будақтаған түтін шығып, соңы жалын шарпыған өртке ұласыпты.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, сауда үйін жалға алғандар өрт басталысымен жедел жеткенімен, тілсіз жаудан тауарларын арашап қала алмаған көрінеді.
Сондай-ақ өрт басталғанда сауда үйінен қатты жарылыс даусы естілген. Бұл дыбысты газ балоннының жарылған дауысы деген болжамдар айтылуда.



https://youtu.be/A0EyXVhA4P0


