Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Қоғам»ПРЕЗИДЕНТКЕ БІР ТІЛЕК
Қоғам

ПРЕЗИДЕНТКЕ БІР ТІЛЕК

27/04/20151

Оппозиция дегеннің өзі бытырап кетті ғой. Бұрын осындай сайлаулардан кейін бәріміз жиналып, баға беріп жататынбыз. Бүгінде о да жоқ.

Сондықтан сайланған президентке мен бір тілек айтайын. Бұл менің жеке пікірім.

Нұрсұлтан Әбішұлы!

Сайлау бітті. Таққа тағы да отырдыңыз.

Ендігі жерде өзіңіз айтқан реформаларды дереу қолға алыңыз!
Әсіресе, саяси реформа, заңдар мен Ата Заңға өзгерту секілді маңызды шаруаларға баса көңіл бөліңіз. Қоғамда қалыптасқан пікір-ойды алуандығын ескеріп, мейлінше кең қамтыңыз, өйткені осы жылдар ішінде өзін не билікте, не оппозицияда көргісі келмейтін жаңа күштер мен тұлғалар қалыптасып қалды.

Саяси өлімдердің шындығын ашу, тәуелсіз БАҚ қудалауды доғару секілді шаруалар кезек күттірмейтіні анық.

Осы жылдары маңайыңыз өркениетті де заң аясында қызмет жасай алатын саяси оппозицияның быт-шытын шығарды: бірін қудалады, бірін — өзіне бейім қылып алды. Ол партияларға ел сенбейді. Ал ресми оппозиция болмаған соң, билікке сын айтушылар бейресми, заңнан тыс алаңға шығып кетіп жатыр. Ол болса, экстремизм мен терроризм, радикализм мен бітіспеушілікке ұласуда! Сондықтан да бізге жасанды емес, шынайы, өкіметке балама ұсыныс айта алатын, ең бастысы, ел Тәуелсіздігін ту етіп ұстай алатын, сол үшін жанын бере алатын саяси күш керек! Сол жағын да ойлаңыз. Яғни қоғамда қалыптасып келе жатқан сол күштерге қысым жасалмауы тиіс!

Берген уәдеңіз сол баяғы шенеуніктердің қолы мен құзырында қалып, баянсыз боп кетпесін!

Жаңа мерзіміңіз алда тұр. Осы кезеңде маңайыңыз кезінде елге сыйдырмай, сыртқа кетіп қалған мықты қазақтарды елге қайтарсаңыз. Өз бауырларыңыз ғой, кейбірі тіпті балаларыңызбен жасты емес пе? Ол бір сауапты іс болар еді. Қоғам ол бастамаңызды сөзсіз қолдар еді.

Алда парламенттік сайлау. Қоғамда бар барлық саяси күштерді соның қүрамына неге енгізбеске? Алуан-түрді пікір қазаны боп, қайнап жатсын! Баршамыз зәру боп жүрген ақиқат сол қазанда піспей ме?

Айтпақшы, Конституция бойынша отставкаға кететін үкіметіңізді де бір сілкілеп алсаңыз! Әйтпесе, Сіз тапсырма бермесеңіз, жұмыс істей алмайтындар толып жүр ішінде. Бізге жаңаша, заман талаптарына сай, елмен жұмыс істей алатын, жауапкершілікті мойнына алатын Үкімет керек! Белгілі бір кезеңге бағдарлама жасап, соны уақытында орындай алмаса, өз еркімен отставкаға кететін үкімет керек!

Билік институттары жаңарса, қоғам да жаңарары сөзсіз!

Әзірше осы.

PS. Бұл менің ғана тілегім. Оппозициядағы басқалар өзгеше ойлауы мүмкін. Бізде қалыптасқан жағдайда бұл пікірім президентке жетеді және ол оған құлақ асады дегенге сене қоймаймын. Бірақ менің позициямды қоғам білсін деген оймен жазып отырмын.

Әміржан Қосановтің facebook парақшасынан алынды

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleАлматыда “Адем” сауда үй өртенді (фото, видео)
Next Article ДЕМОКРАТТАН ДИКТАТОРҒА ДЕЙІН

Оқи отырыңыз...

Бұрын жұмысқа алу үшін орысша білуді талап етсе, қалыпты нәрсе еді, қазір “неге олай?” деген сұрақ көбейген

03/10/20261

Қытай интеллигенциясы қытай иероглифін сынады, қытай тілін емес…

23/08/20262

Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясы

17/08/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201463

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.