Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Қоғам»Қандастарымыздың қоғамдық ұйымдары көші-қон «жүгін» көтеруге дайын
Қоғам

Қандастарымыздың қоғамдық ұйымдары көші-қон «жүгін» көтеруге дайын

17/09/20130

  Бүгін Астана қаласындағы шеттен келген ағайындар үшін қызмет етіп жүрген бір қанша қоғамдық ұйым басшылары бас қосып, «Қандастарымызды орналастыруда қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік мекемелердің өзара қарым-қатынасы мен ынтымақтастығын нығайту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Кездесуде көші-қон мәселесі мен тарихи отанына оралған қандастарымыздың құжаттық, әлеуметтік қиындықтары да сөз болды,-деп хабарлайды BAQ.KZ AA тілшісі.  

Басқосу «Жаңа қадам» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Құрметбек Көбей жақында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Дүйсенова Тамара Босымбекқызының қабылдауында болып, көші-қон және қандастарымыздың қазіргі дөп келіп отырған қиындықтары төңірегінде ой бөлісіп, шетелден келген қазақтардың қоғамын басқарып отырған басшы ретіндегі ұсыныстарын жеткізгенінен басталды. Оның айтуынша, соңғы жылдары қордаланған мәселелердің шешілуіне қоғамдық ұйымдардың да үлесі болуы керек. Сондықтан да Құрметбек Көбейдің министр ханымға бірінші ұсынысы – министрлік жанындағы Көші-қон комитеті мен қоғамдық ұйымдар арасында меморандум жасалып, қандастарымыздың проблемасын ортақ шешу жайлы болыпты.
– Министр Тамара Босымбекқызының қабылдауында болған кезде өз тарабымнан үш ұсынысты жеткіздім. Ең алдымен, шетелден келген қазақтардың қамын жеуге тырысып жүрген қоғамдық ұйымдар мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитеті арасында меморандумдар бекітіліп, бірлесе жұмыс жасасақ деген өтінішті айттым. Екіншісі, атажұртына жетуге ынтасы бар, бірақ көшіп келуге жағдайы болмай отырған отбасыларын да мемлекеттік құзырлы органдарымен бірлесе отырып көшуіне мүмкіндіктер жасасақ. Оларды моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша иен қалған аудан, ауылдарға орналастырсақ деген ұсыныс болды. Көші-қон комитеті отанға оралған қазақтардың өзекті мәселелерін шешетін қазіргі кездегі бірден-бір мемлекеттік ұйым болғандықтан, осы мекемеге шетелден келген қазақ зиялысынан бір адамды жұмысқа тартсаңыздар деген үшінші ұсынысымды да айттым. Алдағы уақытта осында отырған қоғамдық ұйым басшыларымен бірлесе отырып жоғарыда айтылған ұсыныстар төңірегінде жұмыс жасайтын боламыз,-дейді «Жаңа қадам» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.
Дөңгелек үстелге Алматыдағы «Жебеу» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рақым Айыпұлы, Көші-қон комитетінің өкілі Марат Тоқсанбаев және «Қазақстанда парламетшілікті дамыту қорының» төрайымы Зәуреш Батталова қатысып қандастарымыздың құжаттық, әлеуметтік қиындықтары жайлы ой өрбітті.

Автор: Майгүл СҰЛТАН
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleДін мұсылман аманда, береке қонбақ ғаламға!
Next Article Кенесары ханның сүйегі қайда?

Оқи отырыңыз...

Бұрын жұмысқа алу үшін орысша білуді талап етсе, қалыпты нәрсе еді, қазір “неге олай?” деген сұрақ көбейген

03/10/20261

Қытай интеллигенциясы қытай иероглифін сынады, қытай тілін емес…

23/08/20262

Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясы

17/08/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.