1960 – ншы жылдардың орта тұсында комунизім деген бос елесті қяладаған , қызылтулы құдайсыз қоғамның көсемдері кремілде отырып , тұтас Түркістанға қожаңдайтын Кеңес одағы өкіметі азыуын айға білеп , бүкіл әлемге сес көрсетіп тұрған заманныңөзінде; Өзбекстанда тұтас Орта Азия және Қазақ елі мұсылмандарының діннй назараты (Мүфтилігі) қат – қабат қыйыншылықтың қоршауында тұрсада, өзінің халықаралық баспасөзі «Советлик шарқый мұсылмандары » («Кеңестік шығыс мұсылмандары») деген атпен Ташкентен Өзбек тілінде 3 айда бір мәрте шығып тұратын көркем безендірілген суретті журнал Шығарып тұрған. Біз мұны «Қазақ мұсылман кітәпханасы» деген ғылмый жоба аясындағы жұмысымыз барысында , Қазақ елінің сирек қолжазбалар мен кітәптар қорынан кездестірдік .
Аталған журналдың 1970 жылғы Наурыз айындағы № 1 саны Құрбанайт мерекесіне арналғанбір бетіне ,Палестина халқын отаршылдықтан азат етіу жолындағы күрескер Араб жауынгерлерінің көсемі ; Ясир Арафат өз қолымен Орта Азия және Қазақ елі халықтарын ежелгі діні бір мұсылман бауырластар іретінде,Түркістан халқын Палестиндік отаншыл азатткер мұсылман баурларына тілектес болыуын үндеген шағын пікір баянатынтөмендегіше жазып қалтырған екен .
« Бір Алланың қалауымен біз Палестина отаншылдары қасиетті құрбанайт мерекесі қарсаңында , осы жерге келдік . Бұл сапарымыз діні ортақ бауырлас халықтардың ғасырларбойы жалғасып келе жатқан тусқандығын әспеттеиді . Біздің тағдырлас бауырлас мұсылман халықтар екеніміз Алланың қалауымен әлемге аян болған тарихый шындық . Аллаһ қалаған бұл бауырластық бізді алда бұрынғысынанда жақындастырады деп сенемін . Біз Палестиндік отан қорғаушылар Орта Азияның басты қаласы Тәшентке келіп ,Алланың қалауымен діннй мәденй ғылым нұрның сабақтастығын жалғастырып отырған сіздерді бек құрметтеиміз .
Бұл күндері Шам – шәріфті жаулап алған сиянст басқыншылар халхымыздың тарихын бұрмалап , мәдениетіңмізді түбегеилі құртыуға жанталаса ұрынып отыр . Біз Палестин халқы қасиетті жерімізбен Исләмй хақ дін қалыптастырғанмұсылмандық құқымызды қорғау үшін басқыншлар басып алған қасиетті отанымызды азат етіп қайтарып алыу жолындағы жауынгерлік күресте, бір Алланың жәрдемімен жеңіске жететін боламыз. Сіздер бізді қолдап дұғада болады деп сенемін .Сіздерге бауыр : Ясыр Арафат .»
Бұл өзі осыдан 50 жыл аламайнда әлемді дүрілдеткен тарихи уақиғалардың алғашқы адымы еді, сарғая бастағн парақтарлегінде Палестин халқы бастан кешірген алашапқын айғай — шу «басқа мемілекеттің» маңдайына жазылған тағдыр тауқымет болсада , мен үшін Қазағымды «Құдай дұрыс жолға салған бақытты қауым екен –ау» дегентәуба етерлік таңданыс алдында; Субхан уә Аллаһу тағаланың ұлтма әперген тәуелсіздігіне қуанған сәттерімде , етегіме сүрініп жығылатынымды жасырып қалғым келмеиді .
Айтып айтпай не керек ! Ресей 300 жыл дізесін батырған Қазекемнің көз жасын Алла тыйды . Ал Арабтардың Жебреилермен тірескеніде 10 неше ғасырдан асты –ау деимін . «Отаршылдықтың тепкісін көрді » деген мәселеде аты мен заты бір болсада, екі елдіңде құдайдан сұрағаны бір ғана өз туған елінің тәуелсіздігі мен беибіт өмір еді . Ал Араб Ясыр Арафат марқұм ұлты үшін ерлерше еңіреп жүріп , азаттық жолында күрескен көсемдік қалпында , мына жарық дүниеден көз жұмды .Мен осы жолдардың авторы 1995 жылдары ҚР ұлттық кітәпханасының сирек қорындағы ,Ясыр Арафат марқұмның 1960 – ншы жвлдардың соңында орта Азиялық « Мұсылман бауырларының» бата — тілегін ала отырып , отанын жебіреилдердің жез тырнағынан құтқаратын ұлт азаттық күресін бастамақ болған көсемдік келбетінен мағұлмат беретінтарихый жазбаны көріп , бек разы болдымда ; Алматы қаласындағы өте жұпыны ғана 5 – 6 бөлме жер үйде тұратын Фалестина елшілігіне барып; бас елші Мұхаммед мырзаның қолынаЯ . Арафаттың «Кеңестік шығыс мұсылмандары » журналына басылған қолтаңбасын Қазақша және Орысша аудармаларын қосыптабыс еттім . Бас елші маған шын ықласты алғысын айта отырып , « Сіз біздің басшымыз Я Арафатты силап мұндай бағалы матриял әкелген екенсіз . Сол үшін мына сыилықты Я Арафаттың өз қолынан алдым деп есептеңіз » — деп бас елші маған сеифті ашып , жұпар сүйегінен жасаған тәсбих ұсынды . Айтып — айтпай не керек , мен Хажылық сафармен Араб еліне бара алмасамда , Меке мединаға жақын жердегі Палестинаның көсемі , Ясыр Арафйаттың өзі «Мені іздеп келген Мұсылман бауырға менің атымнан тапсырғын » деген қасиетті тәсбихты алған Қазақ екеннімді мақтаншпен айта отырыпі , осы сәтте мен -« дін мұсылман аманда,береке қонбақ ғаламға» демекпін .
Тілеухан әл – Мажени
«Халықаралық Абай Қорының»
Шығыс тілдер бөлімінің жетекшісі.
Алматы қаласы.


