Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Қоғам»Азат Перуашев: “Ресей мүддесін емес… халқымыздың таңдау құқын қорғауымыз керек!”
Қоғам

Азат Перуашев: “Ресей мүддесін емес… халқымыздың таңдау құқын қорғауымыз керек!”

18/09/20131

  «Сіз сапалы өмір сүруге ынталандырудың орнына кедейшілікке итермелеп отырсыз, министр мырза? 

 

AzatКөлемі 150 шаршы метрден асатын пәтерлер мен 300 шаршы метрден асатын жеке тұрғын үйлерге салынатын салық көлемі 3 есеге дейін өсуі мүмкін.dosaevСондай-ақ «қанша ластасаң, сонша төлейсің» деген қағидамен 3-4 мың.текше.см көлемнен асатын көліктерге салынатын салық түрі де ұлғаймақшы. Салық кодексіне ұсынылатын түзетулердің сықпыты осындай. Алайда экономика және бюджетті жоспарлау министрі Ерболат Досаев әкеліп таныстырған жобаға Мәжіліс депутаттары ішінара қарсылық білдірді. Мысалы «Ақ жол» партиясының жетекшісі, Мәжілістегі партия фракциясының басшысы  Азат Перуашев: «Салық кодексіне ұсынылатын түзетулер қазақстандықтардың өмір сүру сапасының әлсіреуіне әкеп соғады» деп ашық айтты.    

«Неге сіз, тұрғын үйде қанша адам тұратындығынан гөрі, тұрғылықты ауданын ғана есепке алып отырсыз? – деп таныстырылу барысында Азат Перуашев Ерболат Досаевқа сұрақ қойды. 150 шаршы.м деген 4-6 баласы бар отбасыға не болады? Қазақ отбасыларында үш ұрпақ: балалары мен әке-шешесі ғана емес, сонымен бірге  ата-әжелері де бірге өмір сүріп жатады. Астана мен Алматыға, облыс орталықтарына туған-туысқандардың балалары  оқуға, не жұмыс істеуге келетіндері тағы бар. Неге осы мән-жайды ескермейсіз? Бүгіндері отбасындағы көпбалалық пен демографияны қолдау керектігін айтып жүрміз. Оларға көмектесудің орнына керісінше Үкіметке алақан жаймай  аяқтарына тұрған отбасыларға қалайша меншік салығын 3-есеге көбейтеміз?!

А.Перуашев министрге Тұрғын үй құрылысын дамыту мен өмір сүру стандарттарының  деңгейін жақсарту туралы  Елбасының тапсырмаларын есіне салып өтті.  «Сіз сапалы өмір сүруге ынталандырудың орнына кедейшілікке итермелеп,  тұрғындарымызды қайтадан «хрушевкаларға» тығуды ұсынып отырсыз?  «Ақ жол» фракциясының депутаттары кедейлерді азайту, ауқатты қазақстандық отбасыларды көбейту үшін табанды күресуде – деді депутат, – Тұрғын үй құрылысы, жақсы үйге сұраныс – бұл жұмыс орындары, бұл бюджетке салық түсіру, бұл құрылыс материалдарын өңдіру. Сонда сіз, іс-жүзінде осыларды қысқартуды ұсынып отырғаныңызды түсінесіз бе?»

Көлікке салынатын салықты ұлғайту туралы Азат Перуашев: «Бұл тікелей Ресей автомобильдерінің мүддесін қорғау,  «Мерседес» немесе «Тойоталарға» қарағанда көлемі шағын болғанымен, Ресей автомобильдерінің газ қалдықтарын шығаруы көп»,- деді. Оның пікірінше,  Үкімет экология үшін  күрес дегенді желеу етіп, ресейлік емес өнімнен гөрі сапалы заманауи көліктерді сатып алушыларға шүйлігуде: «Біз Ресейдің қысымымен онсыз да сырттан келетін көліктерге баж алымын өсірдік.  Ресей автомобиль өнідірісінің қазақстандық нарықтағы мүддесін одан әрі тықпаламай, өзіміздің азаматтарымыздың өз қаржыларына алғысы келетін таңдау құқықтарын қорғауымыз керек» деп сөзін түйіндеді ол.

«Ақ жол» партиясы және оның депутаттары қолданыстағы салық саясатын ұлттық индустрия мүдделеріне сай жаңғырту керектігін айтумен келеді. ҚҚС-ның  салалық мөлшерлемелерін енгізу туралы ұсыныс салық заңнамасын алдыңғы талқылауда «Ақ жол» партиясының депутаттарының күшімен енгізілген, бірақ кері қайтарылған болатын.

Министр Ерболат Досаев осы жолы «ақжолдықтармен» жақтас болып табылатынына сендірді: «Мен келешегі бар бағыттағы салалық қолдау жағындамын. Тексеру аяқталған соң, қаржының бір бөлігін типтік жеңілдіктерден босатамыз, ал бұл 1 триллион 251 миллиард теңге, біз бұны салалық бағытқа жібереміз және өндірістік кәсіпорындарды, инновацияларды қолдаймыз», – деді министр.

www.qazaquni.kz

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Мемлекеттік тілді қолдау» акциясына келіңіз!
Next Article ДӘСТҮР ТУРАЛЫ ДӘСТҮРСІЗ ӘҢГІМЕ

Оқи отырыңыз...

Бұрын жұмысқа алу үшін орысша білуді талап етсе, қалыпты нәрсе еді, қазір “неге олай?” деген сұрақ көбейген

03/10/20261

Қытай интеллигенциясы қытай иероглифін сынады, қытай тілін емес…

23/08/20262

Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясы

17/08/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.