АЙТАРЫМ БАР Автор: Жәнібек ҚОЖЫҚ Маңғыстаулықтар Қаратаудың ең биік шоқысы Отпан таудың басына 2008 жылы Адай атаға арнап үлкен ескерткіш-кесене орнатқан болатын. Биіктігі теңіз деңгейінен 532 метр таудың басына құрылыс салу, қара тауды қақ жарып жол жасау, ол жерді халыққа қызмет ететін тарихи-мәдени кешенге айналдыру — тек айтуға оңай шаруа. Мұндай алып құрылыс ел азаматтарының қажырлы еңбегінің, ел болып қолдауының арқасында салынып бітті. Бұл жобаның басты мақсаты — өткен ата-бабалар тарихына құрмет, оны кейінгі ұрпаққа мұра етіп, ұлттың рухани ұйытқысы болатын киелі орынға айналдыру еді. Жыл сайын сегіз арыс Адайдан тараған ұрпақтары кезектесіп 14-наурыз күні Отпан таудың басында Амал мерекесін…
Автор: admin
Басты мәселе – Үкіметтің оралмандарға деген ұстанымында, көзқарасында. Яғни Үкіметте «шетелдегі қазақтарды Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына қайтіп қатыстырамыз, қалай тиімді пайдаланамыз» деген ең болмаса бес-алты беттен тұратын айқын бағдар-тұжырымдама болуға тиіс. Әзірше ондай ештеңе байқалмайды. Керісінше, бұған мүлдем керағар пікірлер айтылады. Мысалы, оралмандар міндетті түрде жоғары білімді маман болу керек деген мәселе көтеріліп жүр. Мұның қайдан шыққан әңгіме екені маған түсініксіз. Өйткені жоғары білімді мамандар бізде жетіп-артылады. Мысалы, жыл сайын Қазақстандағы қаптаған университеттерді сан мыңдаған жастар бітіріп шығады. Міне, осылардың кем дегенде жартысы өз мамандықтары бойынша жұмыс таба алмайды. Себебі жоғары білімді дипломы бар мамандар өте көп, ал ондай мамандарды…
Өзбекстанның Бұхара облысы Тамды ауданыда жасайтынбыз. Тамдыны Тауелібай деп те атайды. Тамды ауданы негізі қазақтың жері болса да, Кеңес өкіметін орнату кезінде Өзбекстанға беріліп кеткен. Аудан халқы — кіші жүздің Шөмекей аталығына жататын қазақтар. Шәмшіні білмейтін қазақ жоқ. Ал оның әндері төрткүл дүниені кезіп жүр. Сол атақты өнер иесімен бір болған азаматтың әңгімесіне назар аударсақ, арада өткен 41 жыл ештеңені ескірте алмайды. Атақты ағамен сапарлас болған қылыш телғараев ағамыз сөзін былай бастады: -Өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының басында маған қазақ вальсінің королі, қазіргі егемен Қазақстанның мемлекеттік әнұранының авторы Шәмші Қалдаяқов ағамызбен бір күн сапарлас болу бақыты бұйырып еді.…

