Біздің заманымыздан бұрынғы бірінші мыңжылдықтың екінші жартысынан бастап Еуразияның этникалық-саяси тарихында Орталық Азияның көшпелі тайпаларының рөлі өсті. Солардың бірі ғұндар еді. Ғұн тайпаларының аты тарихта олардың жауынгерлік даңқымен, қаталдығымен және халықтардың Ұлы қоныс аударуының басталуына негіз болған көшиенділігімен мәлім. Еуразияның кең байтақ даласын мекендеген ғұндардың әлемдік өркениеттегі орны да ерекше. Ғұндардың шығуы туралы мәлімет. Ғұндардың этникалық тегі туралы мәселе әлі анықталып біткен жоқ. Зерттеушілердің көпшілігі оларды түріктердің арғы аталары деп болжайды. Шаруашылықтың біртіндеп дамуы, тұрмыстың біршама ортақтығы, этникалық жақындық, саяси тәртіп факторы Орталық Азияда, ертедегі таптық ірі бірлестіктердің құрылуына әкеп соқты. Олардың уақыты жағынан алғашқылары сюнну болды. Б.з.б.…
Автор: admin
Демалыс күндері Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Рахат ауылы маңында «Саят» ұлттық спорт түрлерінен құсбегілердің «Сонар – 2015 Республикалық жарысы болып өтті, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыс көлемінде 1987 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан құсбегілердің осынау республикалық жарысына Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстары мен Астана қаласынан барлығы 44 бүркітші мен 5 қаршығасы бар құсбегілер қатысты. Құстың сыны, құсбегінің киім үлгісі, құстың аңға түсу шеберлігі, құсбегімен ара-қатынасы, шырға тарту сынды бірінші кезеңнен іріктелген 17 бүркіт екінші кезеңде қоянға, түлкіге салу финалдық айналымына өтті. Бүркітшілер арасында бас жүлдені Алматы облысы Еңбекшіқазақ…
ҚазТАГ – Бауыржан Мұқанов. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев барлық сауда желілерінде «Қазақстанда жасалған» акциясын іске қосуды ұсынды, деп хабарлайды ҚазТАГ тілшісі. «Барлық сауда желілерінде қазақстандық тауарлар секция пайда болуы үшін, «Қазақстанда жасалған» акциясын іске қосайық қанеки. Облыс әкімдері осыны бақылауға алсын», — деді Н. Назарбаев сәрсенбі күні үкіметтің кеңейтілген отырысында. «Барша қазақстандықтарға осынау қиын жағдайда патриот болып, біздің қазақстандық тауарларды сатып алу өтінішімен жүгінейікші қане», — деп ұсынды ол. Оның пікірінше, қазақстандық құрам, меморандумға отыру бойынша форумдар өткізу практикасын жандандыру керек. «Астанада ЕХРО-2017-ге дайындық есебінен үлкен құрылыстар жүріп жатыр, және де қомақты қаражатқа орындалатын барлық жұмыстар, оларға да қазақстандық…

