Автор: admin

ҚазТАГ – Сергей Зелепухин. Экономист Олжас Құдайбергеновтың айтуымен экономиканы долларсыздандыру және девальвациялық болжалдарды төмендету тақырыбы сарапшылар мен қаржылық шолушылардың назарына ілікті. Ол, өзінің пікірінше, ұлттық валютаға деген сенімді қайтаратын және долларлық депозиттердің тартымдылығын төмендететін бірқатар амал-шараларды ұсынды. Бірақ ол айтқан ұсыныстарды іске асырған күннің өзінде қазақстандықтар өздерінің доллар жинақтарын шұғыл түрде теңгеге алмастыра бастайды деп күту үлкен күмән тудырады. Қолыңнан келсе қонышыңнан бас Еске салсақ, ұлттық валютаға деген сенімді арттыру үшін Ұлттық банк төрағасының бұрынғы кеңесшісі реттеушіге келесідей ұсыныс ұсынды. Ол бойынша бес жыл бойына сақталу мерзімі бір жылдан асатын теңгелік депозиттерге, егер осы жылы теңге 6%-дан астамға арзандаса, бағам…

Read More

Минскіде бүгін, 11 ақпанда өтетін келіссөздер нәтиже бермеген жағдайда АҚШ Украинаға қару беруі мүмкін. Донбаста соғысып жатқан Украина әскері. АҚШ президенті Барак Обама Украинаға қорғаныс қаруларын тасымалдау жөнінде шешім қабылдамас бұрын Минскіде сәрсенбі күні өтетін бейбіт келіссөздердің нәтижесін күтпек. Обама бұл жайында дүйсенбі күні Германия канцлері Ангела Меркельмен кездесуі аяқталған соң Вашингтонда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Екі басшы да Украинаның шығысындағы шиеленісті дипломатиялық жолмен шешуді қолдайтындарын айтты. Бірақ Обаманың Меркельге қарағанда басқаша ойлайтыны байқалды. Өткен аптада «Нью-Йорк Таймс» газетіне «Обама мен оның кеңесшілері (әскери және саяси кеңесшілері) Украинаны қару-жарақпен жабдықтауға дайын» деген мақала басылып, оны оқыған жұрт дүрлігісіп қалды. Дүйсенбі күні Барак Обама бейбіт келіссөздердің тағы…

Read More

Оспан батырға өзгеше көзқарас. “Алматы” телеарнасы тәуелсіз “Ислам Шығыс Түркістан” автономиясын құруға бүкіл ғұмырын сарп еткен Алтай оғланы туралы тың мағлұматтар тапты. Соның негізінде ауқымды деректі фильм түсіруді көздеп отыр. Арна тілшілері шет мемлекетке сапар шегіп, батырдың көзін көрген, бірге соғысқан қазіргі қарт сарбазбен сұхбаттасып келді. Сондай-ақ, осы күнге дейін еш жерде жарияланбаған қолжазба көшірмелерін елге жеткізді. Алдағы күнде Ресей, Қытай мен Монғол елдерінде сақталған құпия құжаттар зерделеніп, қалың қауымның назарына ұсынылады. Бұл өткен ғасырдың 40-50 жылдары Оспан батыр сарбаздарының айтқан әнұраны. Қолбасшы қармағында 60 сарбазға командир болған 93 жастағы ақсақал, қазақ жігіттерінің сол кездегі әскери әнін әлі күнге жатқа…

Read More