Қыз едің аңқау, боқмұрын,
Қылығың тәтті жоқ бүгін.
Өзгеріп, қалқам, кетіпсің,
Қолыңда шылым, оттығың.
Сырласың — сыра, жаныңда,
Өткенің ұмыт, сағым ба?
Бұлыңғыр дүние секілді,
Бұлыңғыр болашағыңда.
Қарайтын жігіт бөрікті,
Қыз едің тұйық, көрікті.
Бір өзің ғана сұлудай,
Мінезің пайда болыпты.
Салдырып сурет тәніңе,
Тапқаның ойлап тағы не?
Тартымдымын деп ойларсын,
Уақытша, қалқам, бәрі де.
Сүйкімді ең бала күніңде,
Бүгіншіл болма бүгінде.
Іздесең бақыт түбінде,
Бүлінбе, қайта күлімде.
Бір тылсым мұң бар көзіңде,
Бір салқын леп бар сөзіңде.
Қызыққа арзан арбалып,
Арзандап кетпе өзің де.
Қыз едің аңқау, боқмұрын,
Игі емес жалған шоқтығың.
Арыға кетіп қалмашы,
Арыңнаң басқа жоқ құның!



