Автор: admin

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) арнайы мониторинг жүргізу миссиясы басшысы Ертугрул Апакан сенбі күні Мариуполь қаласын артиллериялық қарудан атқылауды айыптады. Ол бұл оқиғаны жан-жақты тексеруге және жанжалға қатысушы тараптарды атысты дереу тоқтатып, келіссөздерді қайта жалғастыруға шақырды. ЕҚЫҰ қаңтардың 24-і күні Мариуполь қаласының «Град» әскери артиллериялық қарудан атқыланғаны анықталғаны туралы хабарлаған. Соңғы ақпараттар бойынша, сенбі күні Мариупольдің тұрғын үйлер кварталдарына түскен әскери снарядтардан 30 адам қаза тауып, 90-нан астамы жараланған. Бұған дейін Еуропа Одағының (ЕО) сыртқы саясат жөніндегі өкілі Федерика Могерини «ашық әскери жанжалды» одан ары ушықтыру бейбіт тұрғындар арасында қайғылы жайттарды көбейтеді деп мәлімдеген. Ол оқиғаның бұлайша жалғасуы Ресей…

Read More

Украинаның шығысындағы шайқастарда қаңтардың 17-сі мен 22-сі аралығында украиналық 18 сарбаз мерт болып, 235-і жараланған. Украина қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, осы кезеңде сепаратистерден 600 адам өліп, 175-і жараланған. Өзін өзі жариялаған «Донецк халық республикасы» өкілдері болса, үкімет әскерінен 750-ден аса адам қаза тапқан дейді. Донбаста өткен түнде сепаратистер үкімет күштерінің позицияларын 30-ға жуық рет атқылаған. Украинаның әскери операциялар баспасөз қызметінің хабарлауынша, Луганск облыстарында Счастье қаласы мен Новотошковка кенті оқ астында қалған. Мариуполь қаласының шығыс бөлігін «Град» артиллериялық қондырғысынан атқылап, 10 адам мерт болған, бірнеше тұрғын үй қираған. Донецк облысының Дебальцево қаласында әскери қимылдар жалғасып жатыр. ТСН телеарнасы қалада жарық жоғын, тұрғындардың…

Read More

Боксшы қазір 19-шы кездесуіне дайындық үстінде. Кәсіпқой бокста қазақтың абыройын асқақтатып жүрген жігіттердің бірі – Қанат Ислам. 2012 жылдан бері 69-70 келі салмақ дәрежесінде кәсіби бокста 18 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Оның ішінде 15 қарсыласын нокаутпен ұтты. Былғары қолғап шебері бүгінде алдағы кездесулерде тағы да жеңіс тұғырынан көріну үшін қызу дайындық үстінде. «2015 жыл мен үшін маңызды болғалы тұр. Себебі, 19-шы кездесуім наурыз айында өтеді. Қазір соған дайындалудамын. Биыл кемінде 4-5 кездесу өткізу жоспарда бар. WBA тұжырымы бойынша мен 7-ші орындамын. Маған 5-ші орынға шығуға мүмкіндік бар. Ал, егер 5-ке өтсем, чемпиондық атаққа  таласуға бір табан жақындай түсемін»,-дейді боксшы. kaztrk.kz

Read More