Мына суреттегі келіншек осыдан 4 жыл бұрын Ауғанстаннан Шымкентке қоныс аударыпты. Статусы — оралман. 4 баласы бар. Күйеуі 2008 жылы қайтыс болған. Қазір ол біреудің тозығы жеткен баспанасының бір бөлмесін ғана паналап отыр. Сол бөлменің жағдайын көрсеңіз жағаңызды ұстайсыз. Терезелері кленкамен қапталған. Есігінің орнына корпе жауып қойған. Едені бетон, дуалдары опырылып жатыр. Терезеден жел уілдеп тұр. Тамақ жасайтын орын тіптен нашар. Сенесіздер ме, балаларына тамақ істеп берейін десе азық-түлігі жоқ. Өзінің денсаулығы да нашар. Кәмелетке толмаған үш баласына тоқсанына бір болмашы тиын-тебен төленеді екен. Мыналардың тұрмысын көріп жүрегім қан жылады. Оралман келіншек тұрғын үй алуға кезекке де тұрған. Бірақ, ол кезектің бірер жылда келе қояды деуге сену қиын. Қазіргі оның арманы, екі бөлмелі болса да, іші жылы, есік терезесі бар, жуынатын жері бар баспанаға көшіп бару. Бірақ… Жомарт жандар қол ұшын берсе дейді. Аянып қалмайықшы, қол ұшын беруге шақырамын!


