ҚазАқпарат — 1991 жылдан 2015 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде 259 159 отбасы немесе 952 882 этникалық қазақ (оның ішінде 2014 жылы 3792 отбасы немесе 8247 адам) тарихи Отанына қайта оралып, оралман мәртебесін алды. Бұл еліміз тұрғындарының жалпы санының 5,5% құрайды. Қазақстанға келген оралмандардың көпшілігі, яғни, 61,5% — Өзбекстаннан келген, сондай-ақ, 14,3% — Қытайдан, 9,3% — Моңғолиядан, 6,8% — Түркіменстаннан, 4,6% — Ресейден және 3,5% — өзге елдерден оралған қандастарымыз. Олардың 21,2% — Оңтүстік Қазақстан облысына, 16,3% — Алматы облысына, 13% — Маңғыстау облысына, 9,4% — Жамбыл облысына, 40,1% — еліміздің өзге өңірлеріне қоныстанды. Елге оралған қандастарымыздың 55,6% — еңбекке…
Автор: admin
Бүгін Халықаралық Түркі академиясының музейіне ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин 70 жебеден тұратын өзінің жеке коллекциясын сыйға тартты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. Жәдігерлер хронологиялық тұрғыдан тас дәуірінен бастап ХІХ ғасырға дейінгі аралыққа жатады. Ежелгі садақтардың оқтары көбінесе сақ, ғұн және түркі жауынгерлеріне тән. Коллекционердің жәдігерлерді жинауына моңғолиялық зерттеуші Сұраған Рахметұлы үлес қосқан. Айта өтейік, өткен жылы қайта жаңғыртылған Түркі академиясының музейі бүгінгі күні тарихи құнды жәдігерлермен толықтырылуда. Нұрсерік ЖОЛБАРЫС, Ғабит МАДАЛИЕВ (фото). baq.kz
2015 жылғы 12 қаңтарда Любляна қаласында Қазақстан Республикасының Аустриядағы Елшісі, Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі Қайрат Сарыбай Словения Республикасының Президенті Борут Пахорға Сенім грамоталарын табыс етті. Кездесу барысында қазақстандық дипломат словендық көшбасшысына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сәлемін жеткізді. Қ. Сарыбай Қазақстанның екі ел арасындағы инвестициялардың кеңеюіне мүдделілігі мен словендық компаниялардың қатысуы үшін тиімді алаң болып табылатын Астана қаласында өтетін Халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесінің маңыздылығын баса атап өтті. «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясаты мен индустриалды-инновациялық бағдарламаның екінші кезеңі словения компанияларының ҚР индустриалдық жобаларына қатысуына жаңа серпін беруі туралы атап өтілді. Өз кезегінде, Б. Пахор Қазақстан Президентінің жылы лебізіне…

