Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Әдебиет әлемі»«Жармақ» немесе жаңа романдар
Әдебиет әлемі

«Жармақ» немесе жаңа романдар

16/01/20151
«Жармақ» немесе жаңа романдар
  • «Жармақ» немесе жаңа романдар«Жармақ» немесе жаңа романдар

Мұхтар Мағауинның «Жармақ» романы жарияланғалы да біраз уақыт өтті. Әркім әртүрлі пікірін айтты. Классиктің дәстүрлі жазу үлгісіне үйреніп қалған жұрттың тосырқайтын да жөні бар шығар. Бірақ бұған дейінгі пікірлердің ішінде «Жармақ» өмірге келген кеңістік пен уақыт ішінде «өзге жұртта роман жанры қалай жазылып жүр» деген салыстыра талдаулар мүлдем кездеспеді. Ең көп айтылған уәждің дені — «Жармақтың» көркемдік өресі төмен, қарабайыр жазылған, публицикадан аса алмаған» деген сыңайда болды. Кеш те болса бізде өз пікірімізді білдіруді жөн көрдік. Әрине, романды бастан-аяқ талдап, керемет бір мақала жазбасақ та, азды-көпті оқыған қазіргі заман романдарының жазылу формасымен «Жармақты» салыстырып көру ниетіміз.

Баяғыда жұрт бірі Шығыста, бірі Батыста болса да – Джирджи Зейдан мен Александр Дюманың роман жазу әдістерін бір-біріне қатты ұқсатқан. Екі жазушының өмір сүрген мезгілі бір уақытқа сай келеді. Қарап отырсаңыз бір кезеңге тән әдеби әдіс-тәсіл ізденіс үстіндегі жазушыны форма жақтан бір-бірінен сабақ алуға жігерлендіріп отырады. Әрине, мұны көшіру немесе қайталау деп түсінбеуіміз керек. Осы ғасырда Нобель сыйлығын алған екі жазушы – Орхан Памук пен Мо Янь және түріктің тағы бір жазушысы Зюльфю Ливанелидің («Стамбул бақыты» атты романы әлемнің біраз тіліне аударылған) романдарын оқып, жазу стильне қарап отырсаңыз бір-бірінен мүлде бөлек, бірақ осы ғасырға тән қолтаңбаны анық байқар едіңіз. Тіпті Орхан Памуктің «Менің атым Қызыл» романын парақтағанда жазылу формасы мүлде бөлек, өнертануға қатысты басқа бір дүниені оқып отырғандай күй кешесіз. Оқиға XVI ғасырда Стамбұлда қастандықпен өлтірілген суретші жайында өрбиді. Сыншылар бұл кітап «ислам дүниесіндегі сурет өнерінің Батыстың реалистік суретінің әсерінде дағдарысқа түсіп, өз кемшілігінің шырмауында шатылып қалған болмысы арқылы бүгінгі түрік қоғамының көзге көрінбейтін қайшылықтарын ашқан» деп қарайды. Біздің «Жармақтан» ескі сарынды іздеген әдебиетшілер секілді көзсіз айқайға баспайды. Мо Янь да «Шарап елі» романында сәлемнен кейінгі дәстүрлі сауалы «тамақ іштің бе?» деп басталатын қытай халқының тарихи санасы қазіргі былыққан һәм жемқорлық жайлаған қоғамында қандай трагедиялар тудырғанын, үрейлі сырларын стиль алауан түрлі формалармен жеткізеді. Романда автор оқырманның көңіл-күйін табам деп «ұзын тұрқын қысқартқан, тығыз қалпын сиреткен, жазылуы өзгеше сипатын өзгертпеген». Орхан Памук «түркияның музыкасы, мәдениеті және саяси өмірінде кем болса болмайтын тұлға» деп баға берген Зюльфю Ливанелидің де «Стамбул бақыты» романының жазылу формасы мүлде бөлек. Жауыздық, махаббат және басқа да күрделі қайшылықтар арқылы бір мемлекеттің сипатын ашады. Үш романнан да публицика, детектив, сатира, т.б жанрларды бір арнада тоғыстырған шеберлік басым. Стиль алуан түрлі кесек шығармалар.

Қазіргі әдеби әдіс-тәсілді, әлемдік жаңаша стиль негізінде қарайтын болсақ, Мұхтар Мағауиннің «Жармағы» шын мәнінде құбылыс деп қарауға тұрарлық шығарма. Бір денеден екіге жарылған Мұрат пен Мараттың трагедиясы арқылы қазақ халқының қазіргі жағдайын, өкініші мен өксігін әлемге көрсете алатын «Жармақты» парақтап отырғаныңызда Анталья туралы шырын қиялыңыздың шырқын бұзатын Зюльфю Ливанелидің «Стамбул бақыты» еске оралады. Мо Яньның «Шарап елі» санаңызда жаңғырады. Ұлт танып, ұлыс біліуде жылатып айтар дос – қаламгерге алғыстан басқа айтарымыз жоқ болуы керек еді ғой негізі…

Кейде тым ескілікке жармасу, болмаса бізді ұшпаққа шығара қоймаған көне қалыппен дүниені қабылдау деген де – трагедия. Ертеде бір әлсіз патша болыпты. Жаулары өзін тақтан қуып түсер ме екен деп үнемі қауіптенеді екене. Тағын ұлына тапсырып кету үшін ертерек қамданады. Тіпті ұлын патша ордасындағы шеткері бір үйде ауаша ұстайды. Ханзада күн де түспейтін бұл үйде үй қамақта отырғандай 31 жыл өткізеді. Үнемі кітап оқиды, кітаптан жылқының суреттерін көруге әуес болады. Жылқыны жақсы көруі кітап арқылы қалыптасады. Әкесі қайтыс болғаннан кейін бұл ханзада таққа отырады. Таққа отыра салысымен: «Маған бір жылқы алып келіңдерші, олардың суретін үнемі кітаптан көруші едім. Сірә, қандай болады екен, көрейін?», — деп бұйырады. Жасауылдар ордаға ең әсем жылқыны алып келеді. Сол кезде таққа жаңа отырған патша жылқының суреттегідей емес сиықсыз, тарбиған танауы, сорайған сирағы, салбыраған мүшесі бар бейнесін көріп қатты үмітсізденеді. Өз еліндегі бүкіл жылқыны қырып тастауға жарлық береді. Қанды қасап қырық күн жалғасады. Тігерге тұяқ қалмайды. Дәл сол кезде жау шабады. Атты әскері жоқ ақымақ патша жеңіліп, жаулары оның денесін кескілеп, елге зобалаң орнайды…

P.S. «Соқыр көргенінен жазбайды». Біз жазылған, ендігі жазылар көркем шығармаларды XX ғасырдың басындағы, ортасындағы, соңындағы дәстүрлі үлгімізбен ғана салыстырып, саралап бағалайтын болсақ, «жылқыдан күдер үзген» байқұс ханзаданың күйін кешпейміз бе?..
Ырысбек ДӘБЕЙ

«Қала мен Дала» газеті

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleМұхтар МАҒАУИН: Құрманғазының суретi
Next Article ҰЛТАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚТЫҢ ҰСТЫНЫ – ҚАЗАҚТАР

Оқи отырыңыз...

Детектив жанры қазақ әдебиетіне қалай келді және оның басында кім тұрды?  

06/10/20261

ЖАЗУШЫЛЫҚ ҰЛЫЛЫҒЫНА ҚАРАМАСТАН, ТІРЛІКТЕ ӨТЕ ҚАРАПАЙЫМ ЕДІ

03/10/20262

28- қыркүйек. Оралхан Бөкейдің өмір есігін ашқан күні.

28/09/20261
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.