Тарихыңды тани біл: Төрелер мен Төлеңгіттерді кімдер дейміз? Төрелер жүзге бөлінбеген. Бірақ, ұлтымыз қазақ деп мақтанады. Төбесіз жер болмайды- төресіз ел болмайды деген мәтел орынды да заңды айтылған-ау деймін. Расында үш жүзге бөлінген біздің қазақтың рушылдығы мен жершілдігі тайға таңба басқандай көзге көрініп тұратыны кімге болса да таңданбайтын таныс әдет. Біздің орта жүз: Жанарыс – Арысұлынан, Арғын, Найман, Қоңырат, Қыпшақ, Уақ алты ұл туып, әрқайсысы жеке-жеке рулы ел болып тарағаны тарихта белгілі. Енді негізгі бағытым Төре-Төлеңгіттер болғандықтан. Мәшһүр Жүсіп жазбасына да көңіл аударып отырмын. Ол кісінің жазбасы бойынша Арғынның апасы Нұржан атты қыз төре жігітімен көңілдес болып жүріп, үйде отырып…
Автор: admin
Байқоңыр қаласындағы Ресей алты мектеп пен бір балабақша Қазақстанға қайтарылды. Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, Байқоңырдағы алты мектеп пен бір балабақшаны қазақстандық білім жүйесінің қарамағына қайтару туралы келісімге президент Нұрсұлтан Назарбаевтың желтоқсанның 23-і күні Мәскеуге сапары барысында Қазақстан білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов пен Ресей білім министрі Дмитрий Ливанов қол қойған. Бұған дейін бұл алты мектепте оқушыларға Ресей стандарттары бойынша білім беріліп келген, енді қазақстандық бағдарлама бойынша білім берілмек. azattyq.org
Бүгін «Радиоточка» сайтындағы қазақ қоғамындағы рулардың рөлі туралы талқыға қатысып қайттым. Талқыдан шыққан соң миға мынадай бір аналогия келді. Рудан қорқудың, үркудің қажеті жоқ. Ру — қазақ болмысының бір бөлігі. Қандағы қанттың мөлшері сияқты дүние. Қантсыз қан болмайды. Мүмкін емес. Қант жеткіліксіз болса адам ағзасындағы заттар айырбасы нашарлап, жүрек ауруларына соқтырады, мидың қоректенуі нашарлап, адам жиі есінен танып, тіпті комаға кетіп жатады. Қант мөлшері тым көп болып кетсе, бұл қатерлі ауруларға, әсіресе диабетке апарып соқтырады. Адам ағзасы дұрыс жұмыс істемей, ішінен шіри бастайды. Аздық та, көптік те адам өліміне апаруы мүмкін. Яғни, руымызды, жеті атамызды білу міндет. Бірақ оны міндетсінуге…

