Автор: admin

Алматыда “Адем” сауда үйі өртенді деп хабарлайды қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап 24.kz. Алапат өрт түнгі сағат 21:00 шамасында тұтанған. Әуелде сауда үйінен будақтаған түтін шығып, соңы жалын шарпыған өртке ұласыпты. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, сауда үйін жалға алғандар өрт басталысымен жедел жеткенімен, тілсіз жаудан тауарларын арашап қала алмаған көрінеді. Сондай-ақ өрт басталғанда сауда үйінен қатты жарылыс даусы естілген. Бұл дыбысты газ балоннының жарылған дауысы деген болжамдар айтылуда. https://youtu.be/A0EyXVhA4P0  24.kz

Read More

Қазақстандық ақпарат агенттіктері мерзімінен бұрын өткен президент сайлауының экзит-полл нәтижесі бойынша Нұрсұлтан Назарбаевтың 97,5 пайыз дауыс алғанын хабарлады. Сауалнаманы өткізген — «Қазақстан азаматтық альянсы» ұйымы. Ел аумағында сауалнама жүргізгендерін айтқан «Демократия институты» қауымдастығының директоры Юлия Кучинскаяның мәлімдеуінше, экзит-полл нәтижесіне қарағанда президент сайлауына түскен кандидаттардың енді бірі Тұрғын Сыздықов — 1,87 пайыз, екіншісі Әбілғазы Құсайынов 0,63 пайыз дауыс алған. Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларынан түскен хабарлар бойынша жалпы республика бойынша сайлаушылардың келуі 95,11 %-ды құрады.

Read More

kerey.kz   |  Сәу 26, 2015 Қызға таласып қырылысқан екеудің қылмыстық оқиғасын қоғамға жеткізген Әлібидің әкесі Нұрлан Жұмағұловтың Фейсбуктағы акаунты жойылды. Адвокаты белгісіз біреулер аккаунтты бұзып кіріп жойып жіберген деп жазыпты. Кеше күдікті Қайрат Жамалиевтің әйелі Алина Жамалиеваның да ФБ-парақшасы жойылған болатын. Сондай-ақ, осы оқиғада аты аталған Айнұр Исина да әлеуметтік желідегі аккаунтарын жауып тастады. Әлеуметтік желі қолданушылары Нұрлан Жұмағұловтың аккаунты парақшасындағы таяқ жеген ұлының ұсқынсыз суретіне ұжымдық шағым түскендіктен жабылған болуы мүмкін дейді. Себебі, ФБ ондай ұжымдық шағымдарды бірден қанағаттандырады. Бір сағат бұрын жаңадан парақша ашқан ол былай деп жазды: “Қымбатты достар! Менің facebook парақшам бұғатталды, не үшін екенін білмеймін және…

Read More