www.camelphotos.com Үндістан шаһзадасының қазақтың ханы Тәукеге жазған хаты табылды, – деп хабарлайды «Алаш айнасы» басылымы «Қазақстан» ұлттық арнасына сілтеме жасап. Сондай-ақ, Ұлы Жібек жолының Орталық Қазақстан арқылы өткен жаңа бағыты туралы деректер табылған. Қазақ жерінде Ұлы Жібек жолының екі тармағы болған. Біріншісі бәрімізге белгілі еліміздің оңтүстігімен өткен. Ал, екінші сауда жолының барын орта ғасырда римдіктер жазып қалдырыпты. Сол ескі карталардың көшірмесі елге жетті. Онымен қоса, Қазақ ханы Тәуке Үндістан шаһзадасымен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқаны да белгілі болды. Тарихи деректерге жүгінсек, Ұлы Жібек жолы осыдан 3-4 мың жыл бұрын пайда болғанын байқайсыз. Бұл батыс пен шығысты жалғайтын сауда-саттық, өркениет алмасу жолы болған. Біздің ғалымдарға…
Автор: admin
Украина президенті елінің Қазақстанмен ғарыш саласында әріптестік орнатуға ниеті барын айтқан күннің ертеңінде «Роскосмос» украиналық зымыранға керек қозғалтқышты бермейтінін мәлімдеді. Ресейлік «Союз» зымыраны. Байқоңыр, 2 тамыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет) Қазанның 22-сі күні «ресейлік «Роскосмос» агенттігі украиналық «Южмаш» кәсіпорнына «Зенит» зымыранына керек қозғалтқышты беруден бас тартқаны хабарланды. «Известия» басылымының жазуынша, «Зенитті» жасайтын «Южмаш» тиесілі ақысын төлемегендіктен «Роскосмос» осындай шешім қабылдаған. Бұдан бір күн бұрын Украина президенті Петр Порошенко Днепропетровск қаласына барған сапарында елінің ғарышты игеру мәселесі бойынша мүдделі мемлекеттермен, соның ішінде Қазақстанмен де әріптестік орнатқысы келетінін мәлімдеген еді. Ғарыш саласы мамандары үш ел арасындағы әріптестікке бұл мемлекеттердегі саяси ахуалдың да әсер…
Мемлекет басшысының Астана қаласы активімен кездесу барысындағы мәлімдемесі – Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы бүгінде азаматтарымызды тамсандыратын және дүние жүзінен келетін қонақтарды таңдандыратын үлкен жетістіктерге жетті. Қазақстанды барлық өзге мемлекеттер құрметтейтін болды, бұл әсіресе менің Брюссель мен Миланға сапарларымда айрықша сезілді. Біздің ЕО-мен Кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісім жобасы бойынша, сондай-ақ Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі аясында ЕО-мен екіжақты келіссөздерді аяқтау туралы құжатқа қол қою дерегі бүкіл Еуропалық одақ тарапынан біздің елімізге деген зор сенімді білдіреді, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Миланда өткен «Азия-Еуропа» Форумының салиқалы саммитіне шақырылған Орталық Азия елдерінің ішіндегі жалғыз мемлекет болғанын да атап өтті. –…

