Автор: admin

Бүгін Қарағанды облысында халқымыздың біртуар перзенті — Бұқар жыраудың ескерткіші салтанатты түрде ашылды. Алыстан көз тартатын асқақ рухты сәулет туындысының тұсаукесер рәсіміне жергілікті билік өкілдері, өнер және мәдениет қайраткерлері қатысты. — Төл тарихымызда өзіндік өшпес ізін қалдырған ардақты бабаларымызды әрқашанда мақтан етеміз. Солардың бірі – аты аңызға айналған Бұқар жырау Қалқаманұлы. Кезінде тамаша дарынымен «Көмекей әулие» атанған ардақты жырау бабамыз Алаштың айбынды Абылай ханының ақылшысы болғаны тарихтан жақсы белгілі. Ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен байтақ даламызды жаудан қорғап қалған батыр бабаларымызға, сол батырлардың ерен ерліктерін дәріптеген жырауларымызға қандай құрмет көрсетсек те артық болмайды. Бүгінгі игілікті шара осындай орынды құрметтің…

Read More

  Аталарымыз айтып отыратын жаугершілік заманда қазақтан көптеген батырлар шығып, жаудан ел мен жерді ерлікпен қорғаған ғой. Сол батырлардың бірсыпырасы ұмытылып, аттары аталмай қалуда. Кейбіреулерінің аттары белгілі болса да, олар туралы деректер аз болғандықтан, баспа бетіне түспеуде. Сондай батырлардың біреуі – жерлесіміз Итіке батыр Жандосұлы. Енді осы батырдың кім болғанын және оның ататегін таратып көрейік. Итіке Жандосұлы 1759 жылы осы күнгі Шал ақын ауданындағы Коноваловка елді мекенінің маңындағы ауылда туып, 1831 жылы 72 жасында қайтыс болады. Ол әуелі ауыл молдасынан, кейін Қазан қаласындағы медреседен оқыған. Онда діни біліммен қатар араб, парсы, ежелгі түркі және татар тілдерін үйренген. Итіке Ашамайлы Керей…

Read More

Айтуған МҰҚАШЕВ, кәсіпкер:  Отандық бұқаралық ақпарат құралдары «алты мың жылдық тарихы бар қазақтың қымызын неміс жұрты патенттеп алды» деп жарыса жариялағаны мәлім. Біз Германияға барған сапарымызда «қазақтың бал сусынын иемденіп алды» деген мәселенің мән-жайын барынша білуге тырыстық. Қазақтар бас қосқан бір жиында неміс аза­ма­ты­ның қымыз сатып тұрғанын көріп, жоғарыдағы ақпарат «рас екен-ау» деп топшылағанбыз. Бі­рақ Берлин қаласында «Жылқы шаруашылығының экологиясы мен экономикасы» бойынша зерттеу жүргізіп жүрген ғалым Айтуған Мұқашевтың «Қымызға патент алған немістер емес – мен!» деген сөзінен кейін көңілге бір үміт оянғандай болды. Ал мәселенің анық-қанығы қандай? Әңгіменің ақиқатын білу үшін жылқы шаруашылығын зерттеуші кәсіпкермен сұхбаттасудың сәті түсті.…

Read More