Автор: admin

Dosay Kenjetay – Кеңестік саясат жалпы түркі халықтарын ислам философиясы мен өркениеті шеңберінен тыс қарастыруға ұмтылды. Оған тарихи сана кедергі болғандықтан ислам философиясының өңін айналдырып таныту идеологиялық ұстаным болды. Аударылған мәтіндері де ақтаңдақталып берілді. Орыс ориенталистикасы мектебінің арнайы методологиялық негіздері мен түсіндіру тұғыры арқылы шектеліп, күзелгендіктен аты ғана исламдық мазмұны ежелгі грек философиясынан көшірілген деп танытылды. Алайда тәуелсіздік алысымен мемлекеттіліктің тұғыры ретінде тарих қайта тұжырымдалып, «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында тарихымыз бен ойлау жүйемізге қатысты жәдігерлер мен ойшыл даналарымыздың мұралары сараланып өз тілімізге аударыла бастады. Міне, осы белес түркі ислам мәдениеті, өркениеті мен философиясының жаңаша тұжырымдалуына алғашқы қадам болды. ҚР БҒМ…

Read More

Көрші ақысы – Тәңір ақысы Қазақ халқы көрші ақысын жете түсінген. «Көрші ақысы – Тәңір ақысы» деп қоңсылықты ерекше қадірлеген. Жан-жағында тіршілік етіп жатқан жандармен әрдайым тату тұрған. Сондықтан да бауырды да, басқаны да жанына жақын тартып, көмек берген. Ел аузында «Алыстағы туысыңнан қасыңдағы көршің артық» деген нақыл сақталған. Расымен де, басқа іс түскенде жырақтағы ағайыннан гөрі жәрдем беруге жүгіретін де, қайғымен, қуанышпен алдымен бөлісетін де жанашыр көрші. Сондықтан да оның орны ерекше. Халқымыз «Көршіні ешкім таңдамайды, Құдай қосады» деп, қоңсыны Жаратушының Өзі белгілейтіндігіне сенген. Сондықтан да жақын көршіні «Құдайы көрші» деп атаған. Мұның мағынасы «Құдайдың Өзі қосқан, үйімізді, малымызды, жанымызды…

Read More

Кездесу барысында Қазақстан-Америка қарым-қатынасының стратегиялық сипаты, сондай-ақ сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қарқынды дамуы атап өтілді.  Сонымен қатар, тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. АҚШ конгрессмендері Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін атай отырып, екі елдің арасындағы өзара тиімді серіктестік бұдан әрі нығая береді деп үміттенетіндіктерін  жеткізді. БАҚ өкілдеріне арналған брифингте Д.Рорабакер Конгресс мүшелері сапар аясында жоғары деңгейде бірқатар кездесулер өткізгенін айтты. – Құрама Штаттар мен әлемнің өзге де елдерінің халқы Қазақстан бүгінде бұдан арғы дамудың бағдарын айқындайтын маңызды ойыншы болып саналатынын білгені жөн. Болашақта ол экономикалық өсім үдерісіне айтарлықтай ықпал ететін болады, біз соған орай елдеріміздің өзара тиімді ынтымақтастығын талқыладық, – деді Д.Рорабакер. Ол…

Read More