Автор: admin

ҚазТАГ — Өзінің ұшқыштарын дайындау үшін Қазақстан оқу аэродромын салады, деп мәлімдеді ҚР инвестиция және даму министрлігінің азаматтық авиация комитетінің төрағасы Бекен Сейдахметов. «… Жаттығуларға арналған өндірістік ғимарат салуға қосымша қаржы бөлу жоспарлануда. Оны болашақта оқу аэродромына айналдырамыз», — делінген жұма күні primeminister.kz сайтында жарияланған Б. Сейдахметовтың сұхбатында. Оның айтуынша, ұшқыштар тапшылығы мәселесі Қазақстанда ғана, бүкіл әлемдегі өзекті мәселе. «Жоғары класты ұшқыштарды дайындау үшін нақты материалдық ресурстар, уақыт керек. Сондықтан бізде қазіргі таңда ұшқыштардың 65%-ы қазақстандық, 35% — ы шетелдіктер. Біз алдымызға 2018 жылға дейін әуе компанияларындағы ұшқыштардың 80%-ы қазақстандық болады деп жоспарлап отырмыз. Ал 2020 жылға қарай 100%-ы қазақстандық…

Read More

Моңғолиядағы қазақ диаспорасының белгілі өкілі жазда Стамбулда ДҚҚ мен жергілікті түркиялық қазақтар екі бөлек өткізген даулы кіші құрылтайдың себептері туралы сұхбат берді. Моңғолиядағы «Қазақ қорының» төрағасы Сайран Қадыр (ортадағы жаяу адам). Ғалым БОҚАШ Орталығы Алматыда орналасқан Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы (ДҚҚ) мен түркиялық қазақ диаспорасының бірқатар өкілдері арасында «Самұрық Қазына» қоры бөлген демеушілік қаржысы мен ұйымдастыру мәселесіне қатысты келіспеушілік туып, дәстүрлі түрде қазақтар тұратын елдерде ұйымдастырылып келген кіші құрылтай шарасы биылғы жазда Стамбулда екі бөлек өткен еді. Біріншісін ДҚҚ Түркияда жаңадан құрылған «Түркия қазақтарының білім және зерттеу қоғамының» атынан ұйымдастырған, ал екіншісін Стамбулда бұрыннан бар «Түркия қазақтарының қоры» атты ұйым өткізген.…

Read More

Байахымет Жұмабайұлы     Ержүрек батыр Бүркітбай     Тағдырдың жазымышы адам баласының ойынан өзгеше болатыны ғажап. Мысабай деген аталары жалғыз кіндік болғаны мен құдай оған мейірі тұсып, тұяқ, қияқ, қияқбай, түзбенбет, жақып деген бес бірдей ұл беріп, түзбенбет ержете құдай ажалынан қаза тауып, алып қойған желектісі аман жесір қалған соң ‹‹әмәнгерлік›› салтпен қайнағасы тұяққа қаратылады. Үйленгелі неше жыл болса да пұшпағы қанамаған жесір тұяққа тиген соң оспан, ақай, карман, Бүркітбайләрді арт-артынан дүниеге әкеліп тұяқ карияның от басын мәре-сәре етеді. Уақыттың отуымен атбалы азамат қатарына қосылған Бүркітбай шеруші Белдеубәйдің қызы нұрипамен махаббаты жарасып тұтын түтеткен еді. Амал не мына көпке…

Read More