Автор: admin

Отандық телеарналардан «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ тапсырысымен Әміре Қашаубаевтың орындауындағы «Балқадиша» әнін лейтмотив еткен шағын бейнероликтер көрсетіле бастағанын көзіміз шалып жүр. Онда Майра Мұхамедқызы, Айман Мұсақожаева сынды өнер майталмандары бастаған отандық сахна жұлдыздары Әміренің әнін әуезін бұзбай, жаңаша шырқайды. Ал 1925 жылы дәл осы әнді әнші Әміре Парижде өткен «ЭКСПО» көрмесінде әуелеткенін біріміз білсек, бірімізге ол беймәлім. Араға ғасыр салып, қайта жаңғырған бұл оқиғаны ұрпақ сабақтастығы, дәуір үндестігі десек, қателеспеспіз, сірә. Белгілі музыка зерттеушісі, Қазақ­станның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, «Сазген» ансамблінің негізін салушы Жарқын Шәкерім қазақтың маңдайына біткен біртуар перзенті, қайталанбас талант иесі Әміре Қашаубаев жайында құнды…

Read More

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары, бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысы, сондай-ақ халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері талқыланды. Қазақстан Президенті Түрікменстанның біздің елге жақын әрі бауырлас мемлекет екенін атап өтті. — Біз әрдайым саяси-экономикалық жақсы қарым-қатынаста болдық және оны әрі қарай жалғастыруға дайынбыз. Қазір маңызды жоба – Қазақстаннан Түрікменстан мен Иран арқылы Парсы шығанағына шығатын теміржол құрылысын аяқтау күтіліп отыр. Ол аяқталысымен бүкіл өңірдегі  сауда қатынастары мүлде жаңа деңгейге көтеріледі, — деді Нұрсұлтан Назарбаев. Өз кезегінде Р.Мередов Президент Гүрбангулы Бердымухамедовтың жылы лебізін жеткізді. Сондай-ақ  Қазақстан-Түрікменстан-Иран теміржолы құрылысының барысы туралы әңгімелеп, оны іске қосудың әуелгі мерзімі жөнінде хабардар етті.…

Read More

АҚШ Конгрессі кітапханасының сайты ХІХ ғасырда өмір сүрген қазақтардың тұрмысы, салт-дәстүрінен сыр шертетін мұрағаттық фотосуреттерді жариялады. Түркістандық альбом (Turkestan Album) сирек фотолардан тұрады, аталмыш суреттер Ресей империясының үстемдігіне дейін түсірілген. Альбом 1200 фотосуреттен тұрады. Ислам өркениеті, жеке портреттер және қазақ халқының тұрмысынан сыр шертетін суреттер бар. Міне, сол суреттердің кейбірі: источник: 365info.kz

Read More