Автор: admin

Мемлекет басшысы Астанадағы Қабанбай батыр даңғылы бойында орналасқан жаңа мешітте болды Елбасы Қазақстанның барша мұсылман қауымын ертең басталатын қасиетті Рамазан айымен құттықтады. –  Бұл айда жұрттар, Құран Кәрімде өсиет етілгендей, ораза ұстайды. Құран қағидаттарына сәйкес, осы айда адам баласы Аллаға жақындай түседі және олар мейірім, бақыт, береке-бірлік, толеранттылық, өзге жандарға қайырымдылық жасау,  күнәларынан арылу және медет тілеу жөнінде ойлануға тиіс. Еліміздің барша мұсылмандарына ұлық Ораза айының сынағынан сүрінбей өтуді тілеймін, – деді Қазақстан Президенті. «Пригородный» тұрғын алабында, Арнасай көшесі мен Қабанбай батыр даңғылының қиылысында орналасқан жаңа мешітті көру барысында Нұрсұлтан Назарбаев  оның елордадағы сегізінші мешіт екенін атап өтті. – Мешіт…

Read More

Бүгінде кейбір зерттеушілер Арқа төрінде салтанат құрған бас қаламыз Астанамыздың тарихын патша заманынан, яғни сонау 1830 жылдан бастау алады деп жүр.  Өйткені дәл сол жылы Батыс-Сібір губернаторы Вельяминовтың Қараөткел аймағында Ақмола деп аталатын төртінші округ құру жөніндегі бұйрығын орындау үшін қасында екі жүз адамы бар Федор Шубин келіп қаланың қазіргі орнына қазық қақты. 1830 жылдың 28 мамыр күні басталған қала құрылысы 2 жылға созылып, 1832 жылдың 22 тамызында аяқталады. Алайда көп жағдайларда Алаш астанасының сан ғасырлық тарихы бар екенін бажайлай бермейміз. Тарих­шылардың айтуына қарағанда Есіл өңірінде жатқан осы бір қаланың тарихы тым әріге – ашель – мустьер заманына кететін…

Read More

Франциядан тарап жатқан ақпарат құралдары Түркияның премьер-министрі Реджеп Тайып Ердоған мемлекеттік сапары аясында Париж қазақтарымен кездесті деген ақпаратты таратты. Бұл деректі Парижде тұратын қандасымыз Берлин Иришев те растады.  Париж қазақтары Түркия премьерін әуежайда қазақтың көк туын желбіретіп тұрып қарсы алған. Көз көргендер бұл жай­лы «Түркиялық премьер Париж тө­рінде желбіреген қазақтың туын өз елінің туындай қабылдады» дейді. Күтпеген кез­десуге риза болған ол «Қазақтар мен тү­ріктердің мемлекеттік шекараларының қиыспайтындығы да, елтаңбаларының бір-біріне ұқсамайтындығы да бір-бірінен бөле алмайды. Біз түбі де, тегі де бір ха­лықпыз. Аталы тұқым ешқашан азып-тозбайды» депті. Түбі-тегі бір бауырларының ықыла­сына риза болған түркиялық премьер са­пар хаттамасына әуежай басында шұғыл…

Read More