Автор: admin

Абайдың шөбересі Ишағы Жағыпарқызы. Алматы, 3 тамыз 2012 жыл. Абайдың шөбересі — бәйбішесі Ділдәдан туған ұлы Мағауиядан тарайтын Ишағы Жағыпарқызы 92 жасында қайтыс болды. Марқұмның туыстарының Азаттыққа хабарлауынша, Ишағы Жағыпарқызы Шығыс Қазақстан облысындағы Ақшоқы ауылына жерленеді. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан Ишағы Жағыпарқызы — Абай әулеті жайлы естеліктер мен деректерді жеткізген адамдардың бірі. Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Read More

  Басымыз ауырып, балтырымыз сыздаса болды, дәрігерге жүгініп, дәрі іздейміз. Күнделікті телеарналардан беріліп жатқан шетелдік дәрі-дәрмектің жарнамасын көрген қарапайым жұрт бағасы қымбат болса да, сол дәрілерге әлі де тәуелді болып отыр. Елімізде науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің барлық алғышарты жасалған. Керек десеңіз, кешегі кеңестік кезеңдегі базалық жағдайлары толық жасалған зауыттар да елімізде жұмыс жасап жатыр. Үкімет те оларға әр түрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында инвестиция құйып, жобаларға қаржылай көмек көрсетуде. Бірақ сонда да импорт жол берер емес. Бізде өндірілетін аспирин, аналгин, парацетамолдан гөрі, өзгенің аналгині өтімді болып тұр қазіргі уақытта. Неге бұлай? Бұл саланың өркендейтін кезі жетті емес пе? Фармацевтика отандық өнеркәсіптің…

Read More

12 маусымда тұсауы кесілетін әлемдік доп додасы Бразилияның 12 қаласында өтеді (Рио-де-Жанейро, Белу-Оризонти, Сан-Паулу, Салвадор, Бразилиа, Форталеза, Ресифи, Натал, Манаус, Куяба, Куритиба, Порту-Алегри). Чемпионатқа 32 команда қатысады. Олар 8 топқа бөлінген. «А» тобы: Бразилия, Хорватия, Мексика, Камерун «В» тобы: Испания, Голландия, Чили, Австралия «С» тобы: Колумбия, Грекия, Кот-д’Ивуар, Жапония «D» тобы: Уругвай, Коста-Рика, Англия, Италия «E» тобы: Швейцария, Эквадор, Франция, Гондурас «F» тобы: Аргентина, Босния, Иран, Нигерия «G» тобы: Германия, Португалия, Гана, АҚШ «Н» тобы: Бельгия, Алжир, Ресей, Оңтүстік Корея Ойындарды «Қазақстан» ұлттық арнасы мен «Еуразия» бірінші арнасы тікелей эфирден көрсетеді. «Қазақстаннан» көрсетілетін матчтарды тура сол мезетте «ҚазСпорт» арнасынан да тамашалауға болады. Ескерту: Мына кестеде Астана уақытымен ойындардың басталар…

Read More