«Таңшолпанда» қонақта болған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Алдан Смайыл және Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі аталған мерекенің жай-жапсарына тоқталды. «Мен түркі жазуы туралы мәселені сонау 1990 жылы көтерген едім. Себебі, сол жылы славян жазуы күні атала бастады. Оны сол кездегі Ақмолада дүркіретіп атап өтті. Кейін Ресейде де тойланғанын естідік. Осыдан кейін ойлана бастадым. Бізде де сына, бітік жазуы жеген жазу болған. Ол адамзаттың үлкен жетістігі саналады. Өзге елдер атап өтіп жатқанда біз неге үнсіз отырмыз, деп көтерген едім»,-дейді Алдан Смайыл. «Түркі жазуы күні елімізде алғаш рет өткелі отыр. Оның неге дәл 18 күні өтетінінің өз маңызы бар. себебі, 18 мамыр – Күлтегін ескерткішінің Астанаға келген күні. Ал…
Автор: admin
Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото) Кеше ғана барша қазақтан «Ақсарбас» деп сүйінші сұраған жақсы жаңалығымызға бүгіндері өзіндік толықтырулар енгізілді. Алдында шекарадан ат терлетіп келіп, он жылға жуық етегіне сүрініп, түрлі мекеме есігін қарауылдап, азаматтық ала алмай көңілі аласарған қандастарымызды енді аталған мәселесі бір жыл барысында шешілетін болады деп қуантып едік. Ал бүгін Үкімет отанына оралғысы келетін ағайындарымызды құшағын кеңге жая қарсы алатын жеті өңірдің тізімін жариялады. Олар: Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстары, Батыс Қазақстан облысы, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары… Жер шары картасында көлемі бойынша тоғызыншы орынды қамтитын Қазақстанда бүгінгі таңда демографиялық мәселе өте өзекті. Сондықтан ел дамуы стратегиясында бала…
Зымыран тасығыш Байқоңырдан Астана уақытымен түнгі сағат 03:42-де ұшырылған. Ресми агенттік зымыранның жарылғаны, я жерге құлағаны туралы ақпарат бермеген. Ресей ақпарат құралдары ғарыш агенттігінің өкілдеріне сілтеме жасап, зымыран тасығыштың сынықтары «Қазақстаннан тыс, жоспарланбаған аумаққа — Тынық мұхиты немесе Алтай маңына құлауы мүмкін» екенін хабарлап жатыр. Ал «Қазғарыш» агенттігі баспасөз қызметінің өкілі Ербол Дәулетов Азаттық тілшісіне: — Зымыран ұшырылғаннан шамамен 4-5 минутта 300-350 километр қашықтыққа алыстап, Қазақстан аумағынан шығып кетеді. Ол зымыран ұшырылғаннан 9 минут өткенде апатқа ұшырады. Үшінші сатыда зымыран орбитаға жақындап қалады деген сөз. Бұл жағдайда зымыран апатқа ұшырағанның өзінде, көбінесе оның қалдықтары ауада жанып кетеді. Тіпті Жерге құлаған күннің өзінде қалдықтары…

