Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Руханият»Санжар Керімбай. Румидің әулиелігі
Руханият

Санжар Керімбай. Румидің әулиелігі

21/05/20140
Ұлт ақпарат

Санжар Керімбай. Румидің әулиелігі

Көзі тірісінде-ақ Хазреті Румидің атағы жер жарады. Даңқы шарықтап, сол аймаққа түгел таралады. Оның айтқан нақыл сөздерін мұсылман жұрты жаппай жатқа соғып, рухани ләззат алады. Меснеуилерін естіген христианның бір ғұламасы оны бір көруге ынтық болады. Күндердің күнінде онымен кездесіп, сұхбат құру үшін ол Кония қаласына аттанады.

Мұсылман досы оны әулиенің үйіне ертіп келе жатқанда, күтпеген жерден алдарынан Мәуләнә шыға келеді. Жол бастаушы жігіт: — Сіз іздеп келе жатқан Хазреті Мәуләнә Руми деген ұстазымыз осы болады, — дейді.

Христиан монахы ойланбастан сол жерде Румиге 15 рет иіліп айрықша құрмет көрсетеді. Ол бола бергенде Руми де ойланбастан оның алдында 20 рет иіліп, ерекше ілтипат танытады. Танысып болған соң христан монахы: — Менің білуімше сіздің дінде тірі адамға иіліп, сәжде етпеуші еді. Сіз неге сонша басыңызды төмен иіп, маған зор құрмет көрсеттіңіз? Әрі беріден соң мен діні бөтен христианмын,-дейді.

Мәулана: Пайғамбарымыз «Ұлық Алла: егер мені сүйгендерің рас болса, мен жаратқан барлық мақұлықты да жақсы көріңдер. Оларды мен жақсы көрем, сендер де оларға соған лайық құрмет көрсетіңдер» — деп хадис қалдырды. Дініңіз бөлек болғанмен, сіз де Алланың жаратқан адамысыз. Бізден айырмаңыз жоқ. Сізге құрмет көрсетпесем — Аллаға қарсы шыққаным. Пайғамбардың да өсиетін құлаққа ілмеген — надан болар едім,-дейді.
Содан не керек, христиан тақуасы 3-4 күн қонақ болып, рухани сұхбатқа әбден мейірі қанып, риза болып еліне қайтыпты.

Ол кете салысымен Сұлтан әулиені сарайына алдырып: — Тақсыр, сізге христианның ғұламасы келіпті деп естідік. Соның жаңалығын айта отырыңыз,-дейді. Сонда Мәуләнә: Ей, сұлтаным, ол христианмен ойнауға болмайды. Ол тегін адам емес. Өзіңіз білесіз, бекзада пайғамбарымыздың біздей қарабет үмбеттеріне мирас етіп қалдырған жалғыз ғана алтын тәжі бар еді.

Ол алтын тәж-сынықтық еді. Ол мені көргенде 15 рет иіліп, маған тағзым етті. Сол сынық мінезімен мұсылманның басындағы алтын тәжді шешіп алып,өзімен бірге еліне ала кетуге аз-ақ қалды. Бірақ, не де болса бізді Құдай сақтады! Маған да сол күні Алланың мейрім шапағаты мен пазыл-жәрдемі молынан жауды. Алладан пәрмен болған соң, мен де қарап қалмадым. Басым жерге жеткенше оған 20 рет тағзым етіп, мұсылманның алтын тәжін әзер дегенде алып қалдым.Болмаса, БАҚ пен БАҚЫТ христиан жұртына кеткелі-ақ тұр екен,- депті.

Ұлт ақпарат

 

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleШеттен келген қандастарды шетке қақпайық!
Next Article Керқұлан тағдыр, Кержаға

Оқи отырыңыз...

Нұралы батыр 1730 –1794

19/11/20263

Детектив жанры қазақ әдебиетіне қалай келді және оның басында кім тұрды?  

06/10/20261

ЖАЗУШЫЛЫҚ ҰЛЫЛЫҒЫНА ҚАРАМАСТАН, ТІРЛІКТЕ ӨТЕ ҚАРАПАЙЫМ ЕДІ

03/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.