Әлқисса, Оралман дегеніміз кім? Жаппай саяси қуғын-сүргін актілері, заңсыз реквизициялау, күштеп ұжымдастыру, ізгілікке жат езге де әрекеттер салдарынан тарихи отанынан тысқары жерге қуылған және азаматтығынан айырылған, Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатымен ерікті түрде қоныс аударған байырғы ұлт адамы, сондай-ақ оның ұрпақтары. Мынаған қараңыз, өткенде бір БАҚ- бетінде, «Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспары» бекітілді. Сонда олар бейімдейтін аң болғаны ма, жоқ басқа пленаның тұрғындары ма еді? табиғатқа үйлеспейтін әлде бөгде ортаны жатырқайтын нлома екен. Ай мен күннің аманында ауруған ға ежелден ем қонған ба? Экономика және бюджетті жоспарлау Вице-министрі Мәдина Әбілқасымова ханым бүй дейді. http://abai.kz/post/view?id=643 оралмандардың 8,6 пайызы жоғарғы білімді, 20,6 орта білімді, 71 пайызының жалпы білім бар немесе мүлдем білім алмаған. Сондықтан, білімі мен кәсіби мамандығы жоқ, болса да дәрежесі төмен еңбек күші Қазақстанның еңбек күші нарығына қосылып жатыр. Бұл мәселе оралмандардың қоғамға сіңісіп кетуіне кедергі болуда» депті. Жауап ретінде, көші-қон және оралмандар мәселесін ұдайы назарда ұстап келе жатқан «Жебеу» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Рахым Айыпұлы тілге тиек еткен 74 ғылым докторы . 213 ғылым кандидаты, 1600 шығармашылық қызметкері, 12,5 мың білім беру саласының қызметкерлері, 7 мың медицина саласы мамандары бар. Сондай-ақ 40777 жоғары білім иелері, 2509 аяқтамаған жоғары білім иелері бар. Әрі оралмандардың 93600-і арнаулы орта білім иесі. Шеттен оралған қандастарымыздың арасынан 620 адам ҚР қарулы күштері қатарында екенін айтты. Оларды көрмек түгіл естімеген бе Мәдина ханым. Ата газеттің (Сейсенбі, 20 мамыр 2014) санында, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқа төрағасының бірінші орынбасары Талғат МАМАШЕВ, «Сырт жерлерден этникалық қазақтардың көптеп көшіп келуі Қазақстанға үлкен демеу болды. » өз ойын осылай жеткізді. Сол жерде шеттегі қандастарымыздың Отанға керектігін жақсы айтты.
Батыстық бір пысықай аға, қабарласпағанымызға да алты жыл болған еді, әдетте іздемейтін, Бір күні аяқ астынан ұялы телефоным шыр ете қалды, кілтін ашып құлақ тоссам, аржағынан екі иығынан дем алып сол саудегер ағам. Қалайсың інім азаматтық алдың ба? Мен, жоқ. «Ренжіме үйіме тіркеуге тұрғызар ем, сол жеңгең қосылмай қойды емес пе, айтпақшы ата-анаң арғы беттен қашан көшіп келмекші.»- дей қалмасы барма? Ойымда ештеңе жоқ. Ағама ақыл кірген екен деп қоямын іштей. Сүйтсем «Ішінде өлген ит жатыр» екен. «Ата-анаң көшіп келсе қабарлас, бізде 1948 жылдары соғылған екі бөлмелі ескі там бар, соны жалға алсын, өзімсініп жақын тартқаным ғой. Біз жақта елдің бәрі үйлеріне күрделі жөндеулер жүргізіп, ескі тамдарын ағартып, сылап-сипауда.» ертең шеттен келген қандастарға жалға бермекші. Ағамның сөзі осымен тынды. Аң-таңмын, не күлерімді не жвыларымды білмей. Онсызда шеттен сарғайып жеткен қандастың қалтасын қағып алмақ болып даярланып жатқан пысқайларды, Алла өзі тураласын. Қазақстан Үкіметінің 20 наурыздағы 2014 жылғы №248 қаулысы бойынша оралмандарды орналастыру еліміздің 7 облысымен ғана шектеліп, өзге өңірлерге келген ағайындарға оралман мәртебесін мүлдем бермеу мәселесі күн тәртібіне қойылды. Сол 7 облыс көшелерінде «Квартира жалға береміз, тек оралмандар үшін.» -деген, хабарламалар ілінбесе болғаны. Көңілге медеу, жақында көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Аслан Қаржаубаев этникалық қазақтардың атажұртына келіп қоныстануы біріздендіріленіп, азаматтық алу жеңілдейтінін жеткізді.
Айтқали Жақсыбек


