Автор: admin

 Бердіхан Құсайынов Шамамен өткен ғасырдың 80-жылдарының соңы. Құмдағы ауылда сабан-топырақты илеп соққан бір қабат сегіз жылдық орта мектепте оқимын. Май айы туған соң мектепте қызу мереке басталады. Әуелі, 1-мамыр Бейбітшілік күнін атап өтеміз. Одан кейін 9-мамыр – Жеңіс күні жетеді желпініп. Ауылда соғысқа қатысқан бар-жоғы 7-8 ақсақал болушы еді, біз оқып жүргенде 3-уі тірі-тін.  Бір қызығы осы үш ардагердің бірі Жанғали атамызды ұнатпаймыз. Не үшін ұнатпаймыз, оны өзімізде білмейміз. Жеңіс күні болатын ұлан-асыр мерекеге Жәкең қария бірде қатысып, бірде қатыспай шеттеп қалып жүрді. Неге олай? Итім біліп пе? Бертінде, яғни 90-жылдарың ортасы институт бітірген соң өзім оқыған мектепте 4…

Read More

7 мамыр былтыр елбасының жарлығымен мемлекеттік мерекелер қатарына ілікті. Бұл шешімнің – саяси сипаты басым, өз армиясы мен оның құрылған күнін арнайы мемлекеттік мереке ретінде тұту, басқа елдің армиясына жүгінбеудің бір мегземі, көрсеткіші. Әрине, Ресей тарапынан Қазақ даласын қорғауды сылтауратып, оның шекарасын не әуе кеңістігін ортақ әскери кеңістікке айналдырудың неше алуан қитұрқысы ұсынылуда. Әзірге бұлқынудамыз… Оған дәйек кеше ғана өткен әскери шеру. Бұл жолы халық тарапынан қазақ әскеріне деген ынта ерекше болды. Кейбір сарапшылардың пікірінше 100 мыңға тарта астаналықтар мен қонақтар Қазақ елі алаңына, Тәуелсіздік даңғылына жиналған. Жеңіл көліктердің ұзын саны бірнеше мыңға таяп, сол маңайдың қуыс-қолтығын толтырды. 7 мамыр…

Read More

ҚОҢЫРАУЛЫ НАЙЗА ҚОЛҒА АЛЫП… Әріптің көлемі: Қалыпты Махамбет Өтемісұлы. Ереуіл атқа ер салмай Ереуіл атқа ер салмай, Егеулі найза қолға алмай, Еңку-еңку жер шалмай, Қоңыр салқын төске алмай, Тебінгі терге шірімей, Терлігі майдай ерімей, Алты малта ас болмай, Өзіңнен туған жас бала Сақалы шығып жат болмай, Ат үстінде күн көрмей, Ашаршылық, шөл көрмей, Арып-ашып жол көрмей, Өзегі талып ет жемей, Ер төсектен безінбей, Ұлы түске ұрынбай, Түн қатып жүріп түс қашпай, Тебінгі теріс тағынбай, Темірқазық жастанбай, Қу толағай бастанбай, Ерлердің ісі бітер ме?! … Бекініп садақ асынбай, Біріндеп жауды қашырмай, Білтеліге доп салмай, Қорамсаққа қол салмай, Қозы жауырын оқ алмай, Атқан оғы…

Read More