Құнанбайдың бай болғанын білеміз. Ал Абай ше? Ақын бай болған ба? Жалпы, Абайдың қанша малы болған? Біз бұған қатысты тың дерек таптық. Семейдегі Абай кітапханасының сирек жазбалар қорында 1914 жылы жарыққа шыққан анықтамалық бар екен. «Сельско-хозяйственный Обзоръ» деп аталады. Жинақты кітапхананың негізгі қорды сақтау бөлімінің меңгерушісі Жаңылгүл Әділбекқызының рұқсатымен алып қарадық. Міне, осы анықтамалықта Семей аймағына қарасты елдімекендерде қанша адам тұратыны, олардың қанша малы, қандай шаруашылығы бары жіпке тізгендей анық жазылған екен. 1900 жылы аймаққа статистикалық санақ жүргізіліпті. Сол санаққа сәйкес, Шыңғыс ұлысына қарасты аймақтың ауқатты адамдарының арасында Абайдың да есімі аталады. Кітапта…
Автор: admin
Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы Президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша бірлескен брифинг өткізді-деп хабарлайды президент баспа сөз қызметі. Қазақстан Президенті өз сөзінде Р.Ердоғанның сапары екі елдің стратегиялық серіктестігінің жаңа парағын ашқанын атап өтті. – Тәуелсіздігімізді ең бірінші болып таныған туыстас Түркияға деген Қазақстан халқының құрметі ерекше. Биыл біз Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтеміз. Сондықтан, түбі бір Түрік елі басшысының бұл сапарының символдық мәні бар. Түркия – Қазақстанның ең жақын сенімді саяси және экономикалық әріптестінің бірі, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі өткен келіссөздердің қорытындысы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайта түсетінін айтты. – Қазақстан бауырлас Түрік елінің бастамаларын толық қолдайды.…
Үстіміздегі жылдың 17-сәуірінде Түркістан қаласында Қожа Ахмет Яссауи атындағы кешенді мешіттің салтанатты ашылуы болады. Құлшылық ордасы түгелдей Түрік елінің Дін істері министрлігінің қаржылай қолдауымен салынған. Құрылыс жұмыстары 2009-жылдың 16-қазан күні басталған болатын. Құрылыс жұмыстарына жалпы мөлшері 10 млн АҚШ доллары жұмсалған. Мешітте бір уақытта 3 000-ға жуық адам құлшылық жасай алады. Қос ел арасындағы бауырластықты нығайтып, екі ел мәдениетін біріктіре өрілген мешіт қабырғаларынан қазақ елінің дәстүрлі сәулет өнері айқын көрінген. Мешіт қасында кітапхана және заманауи асхана залдары қарастырылған. Сондай-ақ, азаншылар мен имамдарға арналған бөлмелер, дәрісханалар да бар. Айта кетейік, 17-сәуір күні Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің оқу ордасы аумағында жаңа мешіттің іргетасы құйылады.…

