Автор: admin

Сәмек туралы Сәмек (1740 ـــ 1810) Өралтайға алғаш келгендердің бірі. Өзінің ерен батыр, шешен, парасаттылығымен молқының бір табы құлдың иесі болып әрі ұранына айналған адам. Сәмек ел өрге аумай тұрғанда ордың «қарағаш» деген жеріне елу неше түтіннің қаракерейдың ішінде отырады екен де, керейдің жаппай ауып жатқанын естіп, «телім өмір тірлік болмайды, оданда елмен бірге бірлік құрып, тірлік етейік» деп елін жинап көшеді, әсіресе құлдың бірі қошетер қаракерейге әбден бауыр басып кеткен соң, оны да әдыс — амалмен көшіреді де, аққабадан өтеді (қазіргі қаба ауданындағы сәмек асуы содан қалған) . Ол елін Өралтайға өткізіп, асу бермес қиындардан асып, егілме құм, жарқабақты…

Read More

Жұңғар Қазақ даласын жүйеден Алтай — Тарбағатай — Іле өңірін басып алды деген күннің өзінде ол жерлерде Қазақтың сарқыншағы Жұңғарлармен бірге ғұмыр кешкен, мысалы, қазіргі «құбының құмындағы», «бура құм» аталатын өңірде кезінде жүргіншілер мен кірелерді тосып, шөмішбәй, сабанбай, тұяқбай деген бәукеспе бес ағайындылар отырған, соның шөмішбәйі түйе киіктің бурасын атып тастап, киесіне қалғандықтан, бураның қу басының күндіз — түні боздаған дауысы шөмішбәйді есәләң етіп, отбасындағы қатын — баласыы өліп, ақыры бұл өңірден көшуге мәжбүр болады, әне осы өңір күні бүгінге дейін «шөмішбәй», «бура құм» аталып келеді. Екінші: Мошқа әулие (Сүйінбәй жәнтекей самырат елінен) меркіттің бес азаматын арнайы қонаққа шақырып,…

Read More

АҚШ вице-президенті Джо Байденнің сейсенбі күні Киевтегі қатаң мәлімдемелерін, Пентагонның жүздеген әскери қызметшісін біріккен жаттығу және Польша мен Балтық елдерінің армияларын әскери дайындықтан өткізу үшін жіберу туралы сөзін Америка сарапшылары «Ресейге жасалған аса қатаң ескерту» деп бағалады. Жуырда Мәскеуге ықпал етудің қосымша шаралары енгізілуі мүмкін. Джо Байден Киевте сөйлеген сөзінде АҚШ Украинаны Ресеймен тартысында сөзсіз қолдайтынын, Вашингтон Қырымды аннекциялауды мойындамайтынын ашық мәлімдеді. – Біз, АҚШ, біртұтас Украинаны қорғауда сіздермен біргеміз. Ресейдің Қырымдағы акцияларын мойындамаймыз. Мен мұны бүкіл жауапкершілікпен мәлімдеймін, – деген АҚШ вице-президенті Ресейден Женевада берген уәдесін орындауды талап етті. – Соңғы күндері Ресейдің ресми тұлғаларының сөздерін көп естідік. Бірақ…

Read More