Бейсенбі би Дөненбәй ұлы (1760-ـــ 1850 — жасаған делінсе, өз ұрпақтары 1799-
ـــ 1872 — жылдары жасаған деп айтады) 37 жасында Төрт бидің бірі болды, 35 жыл ел биледі, 73 жасында қаза болған.
Дөненбәй домбырашы болған, әйелі мәмижәннән туған бейсенбі де домбыраға құмар болып, жастайынан әкесінің баулуында болады, бейсенбі он алты жасқа шыққанда жылқы алған жортуылшылармен жалғыз айқасып қалып, жазым болған әке өліміне қайғырып, «жеке батыр» күйін шығарады әрі маман би, шегетәй батырдың қасында болып, сөзге құлақ түріп, билікке араласумен бірге, топ арасында күй өнерімен көзге түседі.
1836 — жылы билікке отырған соң, әдыл би болып, халқына жағымды болады. Ол өзінің билік кеңесіндегі ойына домбыра күйін жолбасшы етіп, өнер мен билікті қос қанат етіп алып жүргендіктен, «жеке батыр», «бодан кеңес», «құла ала ат», «жылжып өткен дүние — ай», «болмашы боқан», «көк иірім», «ой, дүние», «көк төбел айғырдың жүрісі», «арман — ай» сияқты көптеген күйлерімен өз өмірі емес сол дәуірдің тынысын бейнелейтін өміршеңдікке ие күйлері ұрпақ жадында қалды. Сондықтан, Қазақ сәзгерлігінде оның орны бөлек.
1993 — жылы бейсенбінің ертіс пен буыршын арасындағы сүйегі көшіріліп, ескерткіш тұрғызды.
Байахмет Жұмабайұлы
kerey.kz


