Автор: admin

http://www.youtube.com/watch?v=ftlNTh6DS-o Ресейде қазіргі күні 1 миллион 200 мың қандасымыз тұрады екен, орыстың ортасында отырып салт-дәстүр, дінін, тілін сақтап қалған тұтас ауылдар бар. Солардың бірі – Ресейдің Алтай өлкесі, Құлынды ауданына қарасты Керей деп аталатын елді мекен. 80-ге жуық шаңырақтан құралған шағын ауылда ана тілімізді оқытатын мектеп жұмыс істейді. Керейдегі қос қабатты мектеп. Бұл білім шаңырағынан түлеп ұшқан түлектер ат басын атажұртқа бұрады. Өйткені, ана тілінде білім алған бала мұқтажын Ресейдегі сансыз көп университеттер мен институттардан емес, отандық жоғарғы оқу орындарынан іздейді.

Read More

Өткен аптадағы ұлттық валюта девальвациясы халықтың біраз мазасын қашырғаны белгілі. Міне, біздегі осындай шетін жағдайды пайдаланған біреулер отқа май құйып, Қазақстандағы бірқатар банктің банкроттығы туралы өсек-аяң таратқан. Салдарынан ғаламторда аты аталып, түсі түстелген отандық банктер бір сәтте дүрбелеңге тап болып, зиян шеккен. Қазір бұл іске қатыстылардың ұсталғаны мәлімделді. Бірақ оның кімдер екені әлі жарияланбады. Ал баспасөздегі мамандардың бір болжамына сүйенсек, отандық банк секторына «от салушы» Ресей жақтан қол сұққан көрінеді. Өз кезегімізде «Алаш айнасы»  осы болжамның мәнісіне тереңірек үңілуді жөн көріп отырмыз…

Read More

Украина шекарашылары Донецк әуежайында Виктор Янукович мінген ұшақтың ел аумағынан ұшып шығуына мүмкіндік бермеді, деп хабарлайды РИА Новости Украина Шекара қызметі басшысының көмекшісі Сергей Астаховқа сілтеме жасап. «Мұздай қаруланған бір топ адам ел аумағынан ұшып шығуға рұқсат беру үшін шекарашыларға пара ұсынған. Алайда шекарашылар бұл ұсынысты қабылдамай тастағаннан кейін, ұшаққа брондалған екі көлік келгенде бірнеше адам сол көліктерге отырып, әуежай аумағынан кетіп қалды», — деді Астахов. Украиндық БАҚ таратқан мәліметте, шекарашылар Украинаның экс-прокуроры Виктор Пшонк, бұрынғы кіріс және жинау министр Александр Клименко мен ІІМ экс-басшысы Виталии Захарченконың да Донейцкіде рейске отыруына рұқсат бермей қойған. 

Read More