Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Қоғам»Украина президенті кім болуы мүмкін?
Қоғам

Украина президенті кім болуы мүмкін?

25/02/20142

Виктор Янукович биліктен кетті. Енді Украинаның жаңа президенті кім болуы мүмкін? Азаттық тілшісі осы сауалға жауап іздеп көрді.

Киевтегі Тәуелсіздік алаңында Виктор Януковичтің қайда екенін сұрастырған мына бір плакат ілініп тұр. Киев, 24 ақпан 2014 жыл.

Киевтегі Тәуелсіздік алаңында Виктор Януковичтің қайда екенін сұрастырған мына бір плакат ілініп тұр. Киев, 24 ақпан 2014 жыл.

Украинадағы үш айға созылған қақтығыстан соң шерушілер жеңіске жетті, Виктор Янукович биліктен шеттетілді. Бірақ бұл елдің болашағы қалай болары белгісіз. Оппозицияның қолына өткен парламент шерушілерге өзін жақсы жағынан көрсетуге тырысып-ақ жатыр. Осы күндері 45 миллион халқы бар Украинаның келесі президенті туралы сыбыс көбейіп кетті. 

АЛЕКСАНДР ТУРЧИНОВ 

Виктор Януковичті орнынан алып тастаған соң, ақпанның 23-і күні Украина парламенті спикерді уақытша президент етіп сайлады. Юлия Тимошенконың жақын адамы Турчинов мамырдың 25-і күні өтетін сайлауға дейін президент міндетін атқарады.

Бұрын Украинаның мемлекеттік қауіпсіздігін (СБУ) басқарған Турчинов — «Батькивщина» партиясының мүшесі. Оның саясаттағы қызметі Тимошенкомен тығыз байланысты. Турчинов Украинадағы дәстүрлі православ немесе католик дінін емес, баптизм жолын ұстанады. Ол жазушы ретінде де танылды. «Үрей елесі» атты психологиялық триллер жазып, осы кітап желісімен фильм түсірген. 2008 жылы фильм үздік шетелдік туынды ретінде Оскар сыйлығын алды.

Александр Турчинов Украина парламентінде төрағалық етіп отыр. Киев, 23 ақпан 2014 жыл.Александр Турчинов Украина парламентінде төрағалық етіп отыр. Киев, 23 ақпан 2014 жыл.

Қазір билік соның қолында болса да, «Еуромайдан» белсенділері оған толықтай сенім артпайды. Ол Янукович Киевтен қуылған соң, шерушілерден тарап кетуді талап етіп, наразылардың ашуын тудырды.

Кейбір сыншылар Wikileaks сайтында жарияланған құжаттарды мысалға келтіріп, оның «қолы таза емес», «СБУ жетекшісі болған кезінде Тимошенко мен ұйымдасқан қылмыстық ұйым басшысы арасындағы құпия деректерді жойып жіберген» дейді. Турчиновты «харизмасы жоқ» деп айыптайтындар да бар. 2008 жылы Киев мэрі болу үшін сайлауға түсіп, Тимошенконың қолдауына қарамастан жеңіліп қалды. 2007 жылы гейлерге қарсы мәлімдеме жасап, гомосексуализмді «бұзылу, азғындау» деп бағалағаны үшін құқық қорғаушылардың сынына ұшыраған.

ЮЛИЯ ТИМОШЕНКО 

Януковичтің басты қарсыласы Юлия Тимошенко елдегі екінші ірі саяси ұйым — «Батькивщина» партиясын басқарады. 2004 жылғы қызғылт-сары төңкерістің қаһарманы Тимошенко 2010 жылғы президенттік сайлау кезінде Януковичтен сәл ғана аз дауыс жинап, жеңілген. Кейін оны «қызметтік міндетін асыра пайдаланды» деп түрмеге қамағанда көпшілік оны «Януковичтің кек алуы» деп түсінді. Екі жылдан астам түрмеде отырған ол ақпанның 22-сі күні абақты ауруханасынан шығып, саяси сахнаға қайта оралды.

Украина экс-премьері Юлия Тимошенко шерушілер алдында сөйлеп отыр. Киев, 22 ақпан 2014 жыл.Украина экс-премьері Юлия Тимошенко шерушілер алдында сөйлеп отыр. Киев, 22 ақпан 2014 жыл.

Премьер-министр қызметін атқарушы лауазымына тағайындалуы мүмкін екенін жоққа шығарған Тимошенко мамырдың 25-сі күні өтетін президент сайлауына қатысатынын айтты. Одақтасы Турчиновтың уақытша президент болғаны оның билікке оралу мүмкіндігін арттырды. Батыс саясаткерлерінің бірқатары, соның ішінде Германия канцлері Ангела Меркель оны бостандыққа шығуымен құттықтады. Ресейлік танымал депутат Леонид Слуцкий де оны қолдайтынын білдірді.

Дегенмен, Тимошенконың қызғылт-сары төңкеріс кезіндегі беделі солғын тартқан тәрізді, «Еуромайдан» өкілдерінің көбі оған күмәнмен қарайды. Наразылық танытушылар биліктен жаңа тұлғаларды көргісі келетінін білдірді. Қызғылт-сары төңкеріс кезінде оның Виктор Ющенкомен одақтас болған әрекеті сайлаушылардың көңіліне кірбің түсірді, енді оның Украинаның басын біріктіретін жетекші болатынына сенетіндер аз.

ВИТАЛИЙ КЛИЧКО 

10 жылдан астам уақыт Януковичті қатаң сынап келе жатқан боксшы, қазіргі саясаткер «Еуромайдан» шеруі кезінде ерекше көзге түсті. УДАР партиясының 42 жастағы жетекшісі үкіметтегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресетінін айтып келеді. Оппозициядағы басқа саясаткерлермен салыстырғанда ол  парақорлық пен жемқорлықтан таза адам ретінде сипатталады.

УДАР партиясы жетекшісі Виталий Кличко оппозиция мен билік арасындағы келісімге қол қойғаннан кейін Виктор Януковичтің қолын алып тұр. Киев, 21 ақпан 2014 жыл.УДАР партиясы жетекшісі Виталий Кличко оппозиция мен билік арасындағы келісімге қол қойғаннан кейін Виктор Януковичтің қолын алып тұр. Киев, 21 ақпан 2014 жыл.

Янукович премьер-министрдің орынбасары болуды ұсынғанда, Кличко одан бас тартып, бұл ұсынысты «оппозицияны ыдырату үшін жасалған зымиян әрекет» деп бағалады. Ол шерушілерді Тәуелсіздік алаңында Януковичті тақтан тайдырғанша тұруға шақырып, «шерушілердің ажалына себепкер болғандар жауапқа тартылады» деп мәлімдеді.

Бірақ өткен аптада Янукович оппозициямен келісімге отырған кезде президенттің қолын қысқан Кличконы шерушілер түсінбей қалды. Ол мамырдың 25-і күні өтетін президент сайлауына түспек.

АРСЕНИЙ ЯЦЕНЮК 

Тимошенконың тағы бір одақтасы – Яценюк. Ол Янукович билікке келгенге дейін үкіметте жоғары лауазымды қызметтер атқарды. Сыртқы істер министрі және Украинаның орталық банкі басшысының орынбасары болды.

Арсений Яценюк.Арсений Яценюк.

Яценюк Еуропа Одағына (ЕО) қосылу және Украинадағы жемқорлықты жою идеясын қолдайды.

«Еуромайдан» шеруі кезінде бұрынғы заңгер «Батькивщина» партиясы атынан келіссөз жүргізді, белсенділерді министр етіп сайлауды ұсынды.

Бірақ Турчинов уақытша президент болып сайланған соң, оның ықпалы әлсіреген тәрізді.

ПЕТР ПОРОШЕНКО

Порошенко — Украинаның «шоколад королі», өте ықпалды магнат әрі Тимошенконың одақтасы, «Батькивщина» партиясының мүшесі. Ол — Януковичті бұрыннан сынап келе жатқан саясаткер. Порошенко сыртқы істер министрі және сауда министрі қызметтерін атқарды.

Шерушілерді ашық қолдаған олигархтардың бірі. Өткен демалыста қақтығыс кезінде қаза тапқан шерушілерді еске алу рәсіміне қатысып, Порошенко тағы да күрескерлердің ықыласына ие болды. Оның қаржысы 1 миллиард долларға жуық деп бағаланады.

МАЙДАН 

Петр Порошенко.Петр Порошенко.
Күреске шыныққан шерушілер әлі күнге дейін Тәуелсіздік алаңында (Майдан — ред.) жүр және қазіргі саясаткерлерге күмәнмен қарайды.

Олар Украинаның саяси сахнасына жаңа тұлғалар шықса дейді, бірақ өздері нақты бір адамды президент сайлауына ұсынған жоқ.

Саяси элитаға толық сенбейтін шерушілер ақпанның 22-сі күні Тимошенко мен Яценюк отырған көлікті тоқтатып, «заң алдында барлық украиналықтардың тең екенін, төңкерісті ұйымдастырған адамдарды ұмытпау керектігін» ескертті.

(Клэр Бигтің мақаласын ағылшын тілінен аударған – Динара Әлімжан)

Азаттық радиосы
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleТүркістанның соңғы ханы — Тоғай төре
Next Article Тәшенов бермеген жерді, аламын деме Лимонов мырза

Оқи отырыңыз...

Бұрын жұмысқа алу үшін орысша білуді талап етсе, қалыпты нәрсе еді, қазір “неге олай?” деген сұрақ көбейген

03/10/20261

Қытай интеллигенциясы қытай иероглифін сынады, қытай тілін емес…

23/08/20262

Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясы

17/08/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.