ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТI НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВҚА АШЫҚ ХАТ Құрметтi Нұрсұлтан Әбiшұлы! Сiз елiмiз өз тәуелсiздiгiн жариялағаннан кейiнгi санаулы күндерде-ақ, дәлiрек айтқанда, 1991 жылы 31 желтоқсанда Қазақстанның тұңғыш президентi салауатыңызбен “Қазақ радиосы” арқылы шетелдердегi қазақтарға арнап былай деген едiңiз: “Қымбатты отандастар! Ежелгi атамекеннен жырақтап қалған сiздердi кешегi күнге дейiн ата-баба жерiне қайта келе аламыз ба деген сұрақтың алаңдатып келгенiн мен жақсы бiлемiн. “Туған жердiң түтiнi де ыстық” дейдi халқымыз. Қандас бауырларымызды байырғы ата қонысына тарту мақсатында адам құқығы туралы ел аралық ережелердi басшылыққа ала отырып, Қазақстан үкiметi: “Басқа республикалардан және шетелдерден селолық жерлерде жұмыс iстеуге тiлек бiлдiрушi байырғы ұлт адамдарын Қазақстанда қоныстандырудың тәртiбi мен шарттары…
Автор: admin
Doing Business: Қазақстан 50-орынға шықты Дүниежүзілік банк пен Халықаралық қаржы корпорациясының «Doing Business 2013» есебі. (Көрнекі сурет) Дүниежүзілік банк пен Халықаралық қаржы корпорациясы биыл дайындаған «Doing Business 2014» рейтингісінде Қазақстан 50 орынға көтерілді. Қазақстан бизнес жасауға қолайлы, жағдай жасалған елді анықтайтын бұл рейтингте былтыр 53-орында тұрған еді.
2011 жылы өткен әлем чемпионатынан 1 алтын, 1 қола медаль олжалаған Қытай құрамасының боксшылары Алматыдағы әлем чемпионатының iрiктеу сынынан сүрiндi. Он боксшының тоғызы алғашқы айналымда атынан ауып қалса, бiр боксшысы екiншi айналымда дүбiрден шет қалды. 2008 жылы Бейжiң олимпиадасында, былтыр Лондонда өткен жазғы олимпиада ойындарында жерлесiмiз Бiржан Жақыповтың жолын кескен Зоу Шимин кәсiпқой боксқа ауысқалы Қытай боксының қызыры бiрге көшiп кеткендей көрiнедi де тұрады. 31 жасқа дейiн әуесқойлар арасында алшаңдай басып, Олимпиаданың алтын медалiн екi мәрте, әлем чемпионы деген мәртебелi атақты үш рет иленген Зоудан кейiн Қытай боксшыларының шабысы баяулап қалғандай. Әлде бiр тырнағын iшiне бүккен ханзулардың көздегенi басқа ма?…

