Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Қоғам»Қазақты жинайтын кез келді
Қоғам

Қазақты жинайтын кез келді

05/11/20130

Сейсен ӘМІРБЕКҰЛЫ

Кезінде тағдырдың талайымен ата­мекеннен жырақ, сыртта қалған қан­дас­тарымыздың мәселесі кімді де болса тол­ғандырары анық.  Нақты деректерге сүйенер болсақ, шекараның ар жағында 5 миллионнан астам қазақ әлемнің 44 мемлекетінде тарыдай шашылып жа­тыр. Олардың өмір сүріп жатқан ортасы қандай, қандастарымыз ата-баба тілін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын сақтап отыр ма? Әлде өзге ұлттарға жұтылып бара ма? Оларды елге шақыруда қазақ билігі қандай тірлік атқаруда? Сыртта қалған қаракөз ба­уырларымызбен қарым-қатынас қандай жолға қойылған? Олардың мұң-мұқ­та­жына Қазақстан дипломатиялық жол­дармен үн қатуда ма? Сұрақ көп. Жауапқа кел­генде кібіртіктеп қаламыз. Неге?
Сыртта қалған қандастарымыздың ең көп шоғырланған мекені – Қытай. Ресми деректер аждаһа елінде 1 жарым миллион қазақ бар десе, бейресми деректер 2 мил­лионның төңірегі дегенді келтіреді. Өкі­ніш­тісі, қазір ол елдегі қазақтар асси­ми­ля­цияға қатты ұшырауда. Ондағы қазақ мек­тептерінде қытай тілі ертеректе 7 сы­нып­тан бастап оқытылса, қазір 3 сыныптан бастап оқыту жолға қойылған. Одан кейін дарынды, қолынан іс келетін қазақ жас­та­ры Бейжің, Шанхай Гуанчжоу секілді ірі ша­һарларға барып оқуын жалғастырады. Ал ол жерде ешқандай қазақ тілінің исі шықпайтыны белгілі. Демек, қазақтың көзі ашық жастарының қытайлануы бас­та­лады.
Сондай-ақ Ресейде 700 мыңнан 1 миллионға тарта қазақ тұрады. Мұнда осыншама қазақ өмір сүре тұрса да ол елде небәрі 2 қазақ мектебі бар. Оның өзі Қазақстанға таяу жерде – Алтай өңірінде. Бұл да қынжылтатын жағдай. Қаншама көген көз қазақ баласы өзінің баба тілінен, әдет-ғұрпынан, мәдениетінен мақұрым өсіп жатыр…
Ал ана тілінің уызынан нәр алмаған бала сыртқы келбеті қазақ болғанымен жан­дүниесі өзге болып шығары хақ. Ондай жаннан иісі қазаққа не пайда? Не істеу керек? Сырттағы қазақты сақтап қалу үшін қайтпек қажет. Өкініштісі, елге оралған қандастарымыздың өзіне аза­­мат­тық беру мәселесі 5 жылға дейін шеге­ріледі деген заң Парламентте қаралуда. Бұған қарсы ұлтым дейтін азаматтар дау көтеріп, сырттан келген қандастарымыз­-
ға азаматтықты тоқтаусыз беру керектігін айтып, жарғақ құлақтары жастыққа ти­меуде. Өйткені шекараның ар жағында қалған қандастарымызды елге шақырып алмасақ, түбі олар өзге ортаға жұтылып кету қаупі төніп тұр. Белгілі қоғам қай­рат­кері Әкім Ысқақ: «Жалпы, әлемде қан­дас­тарын шақырған үш ел бар: Германия, Израиль және Қазақстан. Ресей бұған былтыр қосылды. Путин орыстарды өз елі­не шақыруда және барлық жағдайын жа­сауда. Дерекке сүйенсек, соңғы 6 айда Ре­сейге бұрынғыға қарағанда орыстар­дың оралуы күрт артқан. Бұл нені көр­се­теді? Әрине, Путиннің өз ұлтына қам­қор­лығын. Бізде ше? Бізде бұған дейін де Отанына оралған оралман азаматтығын алып, жұмысын тауып жүріп жатты. Тіпті өзге ұлт өкілдері басым, Павлодар, Петро­павл жақтарда қазақтың қарасы көбейіп, жақсы болып қалып еді. Ал 5 жылдан кейін азаматтық беру әлемнің 44 мем­ле­кетінде шашырап жатқан қандастары­мыздың елге оралуына бөгет қою деген сөз. Азаматтығы жоқ азамат қанатсыз құспен тең. Ол еш нәрсеге дауыс бере ал­майды, қажет кезде несие де ала алмайды. Бұл дұрыс емес.
Рас, әлемнің бірқатар елдерінде көшіп келгендер 5 жыл тұрады. Сосын барып азаматтық беріледі. Бірақ елімізге келіп жатқан оралмандар өзге емес, өз қан­дас­тарымыз емес пе?! Оларды елге шақырып алып, тағы бес жыл күттіргеніміз қалай болмақ?» десе, белгілі жазушы Смағұл Елубай өз ойын былайша өрбітті: «Қазақ­стан тәрізді жері кең һәм аса бай оның үстіне алып мемлекеттердің ортасында отырған жұрттың басты мәселесі ол – хал­қының аздығы. Бізге көзалартып отыр­ғандар көп. Бұл жағдай кез келген қазақ­-
ты ойландыруы тиіс. Амал қанша қызыл империяның пәрменімен жүзеге асқан аштық, қуғын-сүргін болмағанда иісі қазақ бүгінде 50 миллионға тақап, ұлы елдердің біріне айналып отырар еді. Ал бүгінгі санымыз небәрі 17 миллион. Бұл – Қытайдың шағын бір қаласындағы ха­лықтың санымен бірдей. Егерде сыртта қалған 5 миллион қандасымызды көшіру­ге шамамыз келмесе, қаржымызды қимасақ, бұл тәуелсіздігіміздің алдындағы ке­ші­рілмес қылмыс болар еді. Өйткені тә­уел­сіздігі баянды, жері тұтас ел болу үшін халық санының көптігі қажет. Ал біз сырттан келетін қандастарымызға түрлі желеу айтып қаржы бөлуге енжармыз. Сол қазақ жерінің байлығын қотарып, мил­лиардтарын жат біреулердің қалта­сына салып бергенге еш қынжылмай­мыз. Өкі­нішті. Саяси элитаның арасында орал­ман десе , шашы тік тұратындар жет­кі­лікті. Олар оралмандарға бола бас ауырт­қысы жоқ.
Рас, бір елден екінші елге қоныс аудару оңай емес. Баспана керек, жұмыс керек, тіркеу керек, азаматтық керек. Мұның бәрі біздің шенеуніктер үшін бас бермес асу секілді көрінеді. Бірақ еліміздің бо­ла­шағын, тәуелсіздігіміздің мызғымасты­ғын, сырттан келер қауіп-қатерді ойласақ, сырт­­тағы қандастарымызды қалайда кө­ші­­ріп алу үшін күш салған жөн.
Бір өкініштісі – «Нұрлы көш» деп атал­ған ұлы көше пышырап тоқтап қал­­ды. Енді келіп, келгендерге азамат­тықты 5 жылдан кейін береміз деу де дұрыс емес. Бұл өз қандастарымызды қорлау деген сөз. Егерде Парламент осы заңды қабыл­дап жіберетін болса, бұл Парламент та­рихта қазақ көшін тоқтатқан деген мас­қара атпен қалмақ. Бұған мен де, жалпы, зиялы қауым да қарсы. Әлі де ойланады, дұрыс шешім қабылдайды деген ойда­мын». Бұған алып қосар ештеңе жоқ. Ел сенімін иығына артқан азаматтар қазақ көшіне бөгет болмайды, керісінше, иісі қа­зақтың қарасы молаюына жолды кеңі­рек ашады деп бек сенеміз.

aikyn.kz

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleТезек төре туралы
Next Article Досан БАЙМОЛДА: Мұстафа Шоқайдың Польшадағы өмірін де зерттемекпін

Оқи отырыңыз...

Бұрын жұмысқа алу үшін орысша білуді талап етсе, қалыпты нәрсе еді, қазір “неге олай?” деген сұрақ көбейген

03/10/20261

Қытай интеллигенциясы қытай иероглифін сынады, қытай тілін емес…

23/08/20262

Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясы

17/08/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.