Ей, Абылай, Абылай, Абылай ханым, бұл қалай? Бұл қалайдан сескеніп, Сөзімді қойма тындамай. Талай істер басыңнан Өтіп еді-ау жасыңнан, Қиын, қызық әрбір жай.
Автор: admin
«Қазақ ұлтына сырттан келер үлкен көмек бар, ол — оралмандар. Мен мұны «көмек» деп әдейі бөліп айтып отырмын. Себебеі, оралмандарды ұлтқа көмектесуші адамдар ретінде қабылдауымыз керек. Ұлттың санын молайтатын, сапасын жақсартатын, ұлттық экономикаға ие болатын, сырттан келіп қосылып жатқан «жаңа күш» ретінде қараумыз керек. Әсіресе, гуманитарлық салада, тіл, мәдениет саласында біз көріп отырған қиыншылықтардан алып шығуға өз үлесін қосатын күш ретінде қарауымыз керек».Мемлекет және қоғам қайраткері, АЛТЫНБЕКСӘРСЕНБАЙҰЛЫ
19 қазанда Астана қаласындағы Шәкерім Құдайбредіұлы көшесі мен Пушкин көшелерінің қиылысында әкімішіліктің рұқсатымен митингі өтеді. Гептил мен әскери полигондарға қарсы Халықтық альянс мүшелері ұйымдастырған митингіге Президенттің «Халықтың көші-қоны» туралы заңға енгізілген өзгерістерге қол қоймауын сұраған бір топ қоғам мүшелері де қатыспақ. Аталған заңдағы жаңа өзгерістер бойынша Отанына оралған қазақ тек 5 жылдан кейін ғана азаматтықа қол жеткізе алады. Яғни шетелдегі этникалық қазақтардың мәртебесі жатжұрттықтармен бірдей болмақ.

