Павлодар мен Петропавл қалалары атауларының, тәуелсiз мемлекет болғанымызға 20 жылдан астам уақыт өтсе де, сол қалпында өзгермей тұруы – ең алдымен, бүгiнгi билiк үшiн, содан кейiн бүгiнгi ұрпақ – бiздер үшiн үлкен сын! Ендi отаршылдық кезеңдi еске салатын Павлодар мен Петропавл атауларынан бiржолата құтылуымыз керек! Бұл мәселе әсiресе биыл мемлекеттiк хатшы М.Тажиннiң бастауымен өткiзiлген тарихшы-ғалымдардың үлкен жиынында айтылған сөздерiнен туындаған тарихымызды жаңаша көзқараспен жазып шығу керек деген ойдан кейiн ерекше маңызды да өзектi болмақ. Өйткенi жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу үшiн ұлттық құндылықтарымызды, шынайы ұлттық тарихымызды, сол тарихымыздың ажырамас бөлiгi саналатын және патша үкiметi заманында жасанды жолмен жойылған Қазақстанның жер-су…
Автор: admin
ШЕТЕЛДЕГI 5 МИЛЛИОН ҚАНДАСТЫҢ ҚҰНЫ КӨК ТИЫН БОЛҒАНЫ МА? Соңғы жылдары шеттегi қандастардың елге оралуын түрлi кедергiлер арқылы қиындатқан қазақ үкiметi бұл жолы қазақ көшiн мүлде тоқтататын түрi бар. Өткен аптада “Еңбек миграциясы туралы” заң жобасын мақұлдаған сенат осыны дәлелдеп бергендей. Заң жобасын парламент үйiнде таныстырып қорғаған Экономика және бюджеттi жоспарлау министрi Ерболат Досаевтың айтуына қарағанда, ендi елге келген қандастарға азаматтық бес жылдан кейiн бiр-ақ берiлмек. Квотаны былай қойғанда, көшiп келгендерге заң бойынша тиесiлi 10 сотық жер де бес жылдан соң ғана тиедi.
Аббас батыр. Дәстем сал Қарабасұлы (1677-1752 ж.ж.) Аббас тархан атты дастанында Фархад ұлы жайында былайша толғайды: Өзбек, Жәнібек, Бердібек, Бұлантемір хандардың Ғаскерін бастап Ер Аббас, Елдің қырды жауларын. Қайтарып алу кәпірден Жұртының кеткен малдарын.

