Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Қоғам»Павелдiң емес, Абылай ханның қаласы болсын!
Қоғам

Павелдiң емес, Абылай ханның қаласы болсын!

15/10/20130

Павлодар мен Петропавл қалалары атауларының, тәуелсiз мемлекет бол­ғанымызға 20 жылдан астам уақыт өтсе де, сол қалпында өзгермей тұруы – ең алдымен, бүгiнгi билiк үшiн, содан кейiн бүгiнгi ұрпақ – бiздер үшiн үлкен сын! Ендi отаршылдық кезеңдi еске салатын Павлодар мен Петропавл атауларынан бiржолата құтылуымыз керек! Бұл мәселе әсiресе биыл мемлекеттiк хатшы М.Тажиннiң бастауымен өткiзiлген тарихшы-ғалымдардың үлкен жиынында айтылған сөздерiнен туындаған тарихымызды жаңаша көзқараспен жазып шығу керек деген ойдан кейiн ерекше маңызды да өзектi болмақ. Өйткенi жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу үшiн ұлттық құндылықтарымызды, шынайы ұлттық тарихымызды, сол тарихымыздың ажырамас бөлiгi саналатын және патша үкiметi заманында жасанды жолмен жойылған Қазақстанның жер-су төл атауларын қайтаруы­мыз керек!

Кезiнде Қазақстан президентi     Н.Ә.Назарбаевтың өзi ономастика мәселесi жөнiнде мынадай пiкiр айтқан-ды: “Ономастикалық саясатты босаңсытуға болмайды. Жалтақтай беретiн ештеңе жоқ… Отаршыл заманды еске салып, халықтың намысына тиетiн атауларды да, тiлдiң өзiндiк заңдылығын, табиғи үндестiгiн бұзып тұратын атауларды да ауыстырмаса болмайды” (қараңыз: Н.Назарбаев. “Қазақтың бүкiл тарихы – бiрiгу тарихы, тұтастану тарихы”. Егемен Қазақстан, № 53, 18 наурыз, 1998 ж.). Ал 10 жыл өткен соң ол кiсi: “Тәуелсiз мемле­кеттiң бiр белгiсi оның ұлттық нышандары десек, сол ұлттық нышандар елдi мекендердiң, көшелердiң, алаңдардың аттарынан да көрiнiп тұруға тиiс… отаршылдық саясаттың көзiндей сақталып қалған атаулардан бiрте-бiрте арылу шарт…”, – деп тағы бiр мәрте өзiнiң бұл мәселеге қатысты ойын қадап айт­қан едi. (Қараңыз: Нұрсұлтан Назарбаев. “Ұлттың ұлы мұраты жолында ұйысайық”, «Ана тiлi», № 23, маусымның 5-i – 11-i, 2008 ж.). Сондай-ақ, президент “бәрi де уақытында шешiледi” (бұл да сонда), – деген сөздерiмен әрбiр қазақтың жүрегiнде “бәрi де өзгередi” деген үмiт пен Қазақстанның болашағына деген сенiмдiлiк отын ұялатты.
Қарап отырсақ, одан берi 5 жыл өтiптi – барлығы 15 жыл! Алайда “баяғы жартас – сол жартас”! 20 жыл бойы бiрқатар ғалымдар мен ақын-жазушылар Павлодар мен Петропавл қалаларының ескi аттарын қайтарайық деп дабыл қағып келедi, алайда билiк селт етпейдi, солай бола бередi де егер халық бұл аса маңызды мәселеге нем­құрайлы қарамай белсендiлiк танытпаса! Ендi тағы уақыт өткiзiп алсақ тым кеш болатыны айқын, және бүгiнгi қоғамда қалыптасқан саяси ахуалға байланысты аталған қалалардың ескi аттарын қайтару Қазақстан прези­дентiнiң қолынан ғана келетiнi айтпаса да түсiнiктi! Алайда ол халыққа берген уәдесiн орындауға асығар емес! Сондықтан зиялы қауым бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жаппай наразылық бiлдiрiп аталған қалалардың аттарын жақын арада өзгерту керектiгiн жоғарғы билiк алдында, Қазақстан президентi алдында талап етуi тиiс!
Бұл жерде айтарымыз, әрине, қоғамның ұйтқысы болып отырған қазақ ұлтының өзектi мәселелерiнiң ұзақ жылдар бойы шешiлмей келуi Ата заңымыз бойынша ұлттық құндылықтарымызды, ұлттық тарихымызды, мә­дениетiмiздi сақтап қалып болашақ ұрпаққа жеткiзудiң кепiлi саналатын мемлекет басшысы, Қазақстан пре­зидентiнiң өзiне тiкелей байланысты! Өйткенi сөз жүзiнде халықтың жанашыры болып көрiнгенмен, iс жүзiнде ұлттық мәселеге келгенде Н.Назарбаев­тың өзi Ресейге жалтақтап отыр. Ресейден патша үкiметi мен кеңестiк отаршылдық заманда көп зардап көрген қазақ халқы үшiн батыл қадамдарға бармай бұл мәселенi жылы жауып қойғаны өкiнiштi. Сонымен қатар күнi бүгiнге дейiн қазақ мәселесiнiң шешiлмеуi қазақ зиялыларының жауапкершiлiгiнiң жеткiлiксiздiгiне де байланысты болып отыр. Өкiнiшке қарай, сол жоғарғы билiкке қазақ тарихында ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүр бойынша ықпал етуге тиiстi зия­лы қауым ауызбiршiлiктiң болмауынан, сондай-ақ жағымпаздық пен немқұрайдылықтың сананы улап ақиқат жолын таба алмай адасып жүргендiктен, қазақ мәселесiн шешуге мiндеттi болса да шеше алмай келедi. Бұл тiптi өкiнiштi.
Бүгiнде бiздер зиялы қауым деп атап жүрген ғалымдар, ақын-жазушылар қашан да хандар мен сұлтандарына ақыл-кеңес берiп сын айтып оларға ықпал ете бiлгенi қазақ тарихына әйгiлi. Мәселен, ұлы хан Абылайдың кеңесшiсi болған Бұхар-жырау Қалқаманұлы әмiршiсiне ақыл-кеңесiн берiп қатал сын айтқан. Абылай хан болса ақылшысының айтқан пiкiрiмен санасып ақиқат пен шындық үшiн әдiлеттi ортақ шешiмге келуге тырысқан. Мұндай мысалдар қазақ тарихында көптеп кездеседi. Алайда Қазақстан президентi өзiн бiр емес, көп мәрте дауыс берiп таққа отырғызған қазақ халқын менсiнбейдi, оның пiкiрiмен санаспайды және санасқысы да келмейдi! Қазақстанның, Қазақстан халқының ұйтқысы саналатын қазақ ұлтының ұлттық мәселелерi алдыңғы қатарға шығып шешiлмейiнше қоғам, мемлекет iргелi дамымайды. Бұл қағиданы жоғар­ғы билiк жадына тоқып мықтап ұстануы тиiс!
Бiздiң ойымызша “бәрi де уақытында шешiледi” деп белгiленген уақыт әлдеқашан жеттi. Тiптi тәуелсiз­дiгiмiздiң 10 жылдығына орай, 2001 жылы Павлодар мен Петропавл қалаларының аттарын сол уақытта өзгерту керек едi, өкiнiштi-ақ! Өйткенi әр нәрсенiң құдай белгiлеп беретiн уақыты болады. “Ештен кеш жақсы” демекшi жақын арада аталған қалалардың атауларын өзгерту керек. Қазақ халқына көп қасiрет әкелген, тарихи құндылықтарымыздан ажыратқан отаршылдық кезеңдi (XVIII – XX ғ. 80 жж.) тарихымыздың азалы дәуiрi деп ұғынуы­мыз қажет және болашақ ұрпаққа мұны жеткiзу бүгiнгi қоғам үшiн парыз, ал сол “отаршыл кезеңдi еске салатын, халықтың намысына тиетiн” Павлодар мен Петропавл атауларының сақталуы жастарды патриоттық, ұлттық рухта тәрбиелеуге керi әсерiн тигiзуде.
Ұлы тұлғалардың, хандар мен патшалардың есiмдерi қалаларға берiлуi кездейсоқтық емес, бұл – бүгiнгi ұрпақтың олардың еңбегiн ерекше қадiрлеп бағалауы деп бiлуiмiз шарт. Мысалы, көршi Ресейде бiрқатар iрi қалалардың атаулары патшалардың аттарымен атал­ған: Петербург (Петр патшаның қаласы), Екатеринбург (Екатерина пат­шайым­ның қаласы), сондай-ақ Владимир (ұлы князь Владимирдiң құрметiне арнап қойылған), Грозный, Қазақстанда – Сәтбаев қаласы, т.т. Сондай-ақ жуық арада ғана Ресейдiң iрi қалалары болып саналатын Ленинград пен Свердловскiнiң Петербург және Екатеринбург болып өзгергенiн естен шығармағанымыз жөн, яғни Ресей билiгi өздерiнiң тарихи құндылықтарын қайтарып жатыр және ұлы көсемдерiне ар­уақтары риза болуы үшiн осындай сый-сияпат көрсетiп отыр. Ал бiз неге ұлы хандарымызды осылайша ұлықтай алмаймыз, қазақ хандарының орыс патшаларынан қай жерi кем? Тiптi қазақ хандары iшiнен бiреуiнiң есiмiн Қазақстанның iрi қалаларының бiрiне берсек артық болмас және ол ханның есiмi Абылай болса құба-құп! Өйткенi бiрiншiден, Абылай хан қазақтар үшiн қиын кезеңде тарыдай шашыраған үш жүздiң басын бiрiктiрiп Ресей мен Цинь сияқты алып империяларға, жоңғарлар­ға қарсы тұра бiлдi. Екiншiден, кезiнде хан Абылай М.Ж.Көпейұлы, басқа да зерттеушiлер жазып кеткендей киелi Баянауыл жерiнде өшпестей iз қалдыр­ған және, үшiншiден 2011 жылы ұлы ханның туғанына 300 толды. Осыған байланысты ұлы ханның есiмiн жадымызда мәңгiлiк сақтап қалу үшiн iрi қалалардың бiрiне берсек өте орынды болар едi! Бiздiң ойымызша бұған екi қаланың бiрi – Павлодар не Петропавл лайықты сияқты, алайда Петропавлдың Қызылжар деген әдемi төл атауы да­йын тұр. Сондықтан Абылайханның аты Павлодарға лайықты деп есептеймiз. Сондай-ақ Абылай сияқты ұлы ханның есiмi Щучинск секiлдi кiшiгiрiм қалаға емес – Павлодар сияқты саяси, экономикалық, геосаяси маңызы жоғары үлкен қалаға берiлуi тиiс. Бұл, сөзсiз халыққа, ең алдымен жастарға рух бередi, өз-өзiне деген сенiмдiлiгiн арттырады. Сондай-ақ, орыстанған жер­гiлiктi қазақтардың ұлттық сана-сезiмiн оятады, Қазақстанның болашағы – жас ұрпақтың Отанға, туған жерiне деген сүйiспеншiлiгiн ұлғайтады. Әрине, Павлодардың ескi Кереку атауы бар, алайда бұл атаудың шығу тарихы толық зерттелмеген, сондай-ақ оған қатысты деректер аз.
Сондықтан Павлодарды өзге мемлекеттiң патшазадасы Павелге емес қазақтың патшасы Абылайға сыйласақ, ұлы ханның аруағы бүгiнгi ұрпақ – бiздерге мәңгiлiк риза болады! Президенттiң айтқан өз сөзiнiң iске асқанының нақтылы дәлелi болады.
Қайырболат Нұрбаев,
тарих ғылымдарының докторы, профессор,
Павлолар қаласы.
zhasalash.kz
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleҚазақтарды Отанына келтiрмеудiң амалы
Next Article Түркілердің тарихынан

Оқи отырыңыз...

Бұрын жұмысқа алу үшін орысша білуді талап етсе, қалыпты нәрсе еді, қазір “неге олай?” деген сұрақ көбейген

03/10/20261

Қытай интеллигенциясы қытай иероглифін сынады, қытай тілін емес…

23/08/20262

Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясы

17/08/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.