Автор: admin

Барлыбаев Садуақас. Садуақас 1879 жылы дүниеге келеді. Әлти қажының ұрпағы. Садуақас ұзын бойлы, денелі, көрікті, шоқша сақалды, мінезі ауыр, көп сөйлемейтін адам болған. Әлти қажы 46 жасында шаруадан қалады да, бай шаруашылықты 21 жасар Садуақас басқарып әкетеді. Қазіргі Жамбыл ауданының жеріндегі Преснов болысы Таузар мен Аққұсақ болысы болып екіге бөлінгенде Садуақас Аққұсақ болысына болыс болып сайланады. 1918 жылы шілде айының аяғында Аққұсақ болысында үлкен оқиға болады. Мұнда Алаш Орда басшыларының ұйымдастыруымен үлкен жиналыс болып, оған Ақмола облысының Қызылжар және Көкшетау уездерінің 22 болысының өкілдері қатысады. Жиналыстың күн тәртібінде большевиктердің қаупінен құтылу үшін Алаштың милициясын құру мәселесі қаралып, осы жиынның шығының…

Read More

Тоғжанов Ғаббас Садуақасұлы 1900 жылы , қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Қызыл Ту ауданы, Жарқын ауылында туған. 1937 жылы дүниеден өтті. Жазушы, сыншы. 1915-1917 жылдары Омбы гимназиясында оқыды. «Бірлік » , «Жас азамат» атты қазақ жастар ұйымдарының жұмыстарына араласты. 1919 жылы РКЖО-ның Сібір бюросы жанындағы қазақ- татар секциясының хатшысы, «Еңбекшіл жастар» газетінің редакторы қызметін атқарды. 1920-1922 жж. Ақмола губерниясы төтенше комиссиясының хатшысы, бөлім бастығы, алқа мүшесі болды. 1922 жылы Орта Азия университетіне оқуға түсті әрі «Жас қайрат» (куйінгі «Лениншіл жас») газеті жауапты редакторының орынбасары қызметін атқарды. 1923-1924 жж. Мәскеудегі В.Г.Плеханов атындағы Халық шаруашылығы институтында оқып жүріп, Орталық «Күншығыс»  баспасы қазақ секциясының…

Read More

Садуақасұлы Смағұл 1900 жылы, бұрыңғы Көкшетау облысы, Ленин ауданы, Жарқын ауылында  туған. 1933, Мәскеуде қайтыс болды. Ғалым,сыншы, жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері.  1910 жылы  «Ғалия» медресесін , 1915 жылы Павлодардардағы 2 сыныптық орыс-қазақ   училищесін ,1932  жылы Мәскеу көлік инженерлері институтын бітірген. 1918-20 ж. «Центро-сибирь» кооперативтер бірлестігінде қызмет істеген. 1920 ж. Орынборда Қазақстандағы  алғашқы Жастар ұйымының хатшысы, Қазақ Автономиялы респ

Read More