Абай ОМАРОВ (коллаж) Елді аузына қаратқан Біржан-Сара айтысына мектепте бірсыдыртып қана тоқталғаннан болар, сөз сайысының, шындығында, өмірде болғандығына сенетінбіз. Жақында «Абай» журналының 1992 жылғы №3 нөмірін оқып отырып, Мұхтар Әуезовтің бұл айтыс үлгісін Абайдың ақын шәкірті Әріптің шығарғандығы туралы мақаласын оқып, таңғалдым. Не де болса, тарихи шындыққа көз жеткізбек мақсатта айтысты оқып шығып, ол туралы жазылған зерттеулерді ақтаруды жөн көрдім.
Автор: admin
Биғожин Қаратай елге танымал фольклоршы-ғалым. 1936 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Айымжан ауылында дүниеге келген. Текті атаның ұрпағы. Арғы түбі Дәулен батырдан басталатын Толыбай сыншы, оның жиырма ұлының үлкені Қарабас шешеннен тарап берісі атақты Шақшақ би, оның немересі Баһрамұлы Сегіз сері (Мұхаммед-Қанапия) әулетіне жалғасады. Сегіз серіден Мұсайын ақын, одан Нұрмұхаммед, одан Нұрғожа, Биғожа туса, Қаратай Сегіз серінің төртінші ұрпағы, яғни шөбересі. Қаратай 1955 жылы Баян орта мектебін жақсы бітіріп,Қызылжар қаласындағы техникумда экономист-бухгалтер мамандығын алады. Бір айта кетерлігі туа біткен дімкестігі бойындағы буырқанған талантын іске асыруға, жас кезінде де, өмір бойы да көп бөгет жасады. Техникумдық білімді қанағат тұтпаған…
Арғынбек Апашбайұлы КҮҢІРЕНІП ӨТКЕН ӨМІР Күрделі тағдыр. Кешкен күй, арқалаған азабы, әсіресе, ақыл азабы ауыр, айтқандары көргендерінен көп, жазғандары өлеңнің ең биік өлшемі болған ақын. Қияннан қиянға қуылып, не хат-хабары, не ақпараты жоқ әлемде жүріп, дүние ахуалын, халқының хал-күйін дәлме-дәл білу, болашағын анық айту даналыққа тән құбылыс. Қай өлеңін оқысаң да құйылып кетеді, жүрегіңе ұйып кетеді. Артығы да, кемі де жоқ, көкірегіңе түп-түгел сыйып кетеді:

