Базылхан Бұқатұлы
(1932-2012жж.)
Моңғолияның алғашқы түріктанушысы. Белгілі алтаист ғалым. Казақ, моңғол тілінің маманы, қазақ және моңғол тілдерінің салыстырмалы тарихи зерттеуінің тұңғыш негізін салушы. Филология ғылымдарының докторы (1993 ж.), профессор (1995 ж. ), Халықаралық Моңғолтану одағының мүшесі (1990 ж.), Моңғолия Ғылым академиясының бірініші дәрежелі сыйлығының иегері (1992 ж.), Моңғолияның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (2008ж.)
Базылхан Бұқатұлы 1932 жылы мамырдың 9 күні Моңғолияның Баян-Өлгий аймағы, Цэнгэл сұмыны (ауылы) «Қақ көл» деген жерде туған.
Базылханның арғы атасы Ботақанұлы Іргебай, Абақ Керей Қарақас руының беделді бай адамы болған. Іргебайдан Әбіш, Әбілқайыр, Бұқат деген үш ұл, Әбітән, Әбілше деген екі қыз туған. Іргебайұлы Бұқат (1900-1983) мал өсіріп тіршілік еткен, 1940-1942 жылдары Моңғолия Алтанбулаг деген жердегі фабрикасында жұмыс істеді. Ол 1942-1945 жылдары Моңғолияның Совет армиясына арналған көмегін Бийскі қаласына дейін жеткізетін кіре (тауар) тасымалдайтын қызмет атқарған екен.
Базылхан Бұқатұлы 1941-1948 жылдары Өлгий қаласының 7 жылдық мектебін бітіріп, 1948-1951 жылдары Ұланбатыр қаласындағы Мұғалімдер дайындау мектебін үздік оқып тамамдаған. Б.Базылхан 1951-1956 жылдары Баян-Өлгий аймағының Хужирт, Дэлүүн, Цэнгэл, Улаанхус сұмындарында мұғалім болып істеді.
Б.Базылхан 1956-1960 жылдары Моңғолия ұлттық университетінің филология факультетінде оқып, моңғол тілі, әдебиеті мамандығы бойынша үздік тамамдаған. Ол 1960-1961 жылдары Ұланбатыр қаласындағы Қазақ радиосының алғашқы редакторы және дикторы болды.
Б.Базылхан 1960-1994 жылдары аралығында Моңғолия Ғылым академиясының Тіл, әдебиет институтында кіші, аға, жетекші , бас ғылыми қызметкері болды.
Ол 1960 ж. қаңтардың 23 күнi Моңғолия Ғылым академиясының Тiл, әдебиет институты құрылғанда алғашқы ғылыми қызметкерлердің бiрi болды. Сол кездерi Моңғолияның маңдай алды ғұлама ғалымдары академик Бямбын Ринчен, академик Цэндийн Дамдинсүрэн, Я.Цэвэл, Ш.Лувсанвандан қатарлы көп тiлдi (тибет, санскрит, қытай, манжұр, ағылшын, немiс, француз, грек, латын және басқа тілдерді) меңгерген, полиглот оқымыстыларымен бiрге, жас қазақ зерттеушi Б.Базылханның болуы абыройлы да мақтанышты iс едi.
Бұл ғалымдар Б.Базылханның болашақ ғылыми зерттеу бағытына көп әсер еткенi сөзсiз. Б.Базылхан 1960-1961 жылдары моңғол ғалымы Я.Цэвэлдiң жасаған 30 мың сөздi қамтыған «Моңғол тiлiнiң қысқаша түсiндiрме сөздiгін» редакторлау iсiне қатысты, сөйтiп, ол ғылыми сөздік дайындау лексикографиялық тәжiрибесiн кеңейiттi, сөздiк түзеуге едәуiр машықтанды.
Б.Базылхан 1961 жылы СССР-дің Мәскеудегi Ғылым Академиясының Тiл бiлiмi институтында тәжiрибе жинаған. Ол түрiктанудың әлемге белгілі ғалымдары: А.Н. Кононов, Н.А. Баскаков, Е.И. Убрятова, Э.Р. Тенишев сынды зерттеушілермен танысып, кеңес алып, пiкiр алмасты. Мәскеу, Ленинград (қазiргi Санкт-Петербор) қалаларының әйгілі кiтапханаларында, архивтерінде түрiктану, моңғолтану, алтаистика салалары бойынша сирек кездесетiн, бірегей ғылыми әдебиеттерiмен жұмыс жасады. Мұны жас ғалымның бiлiмiн арттыруға күнi-түнi еңбек еткен аса маңызды қауырт кезi дерлiк. Шынында да, тым қысқа мерзiмде Б.Базылхан түрiктану мен моңғолтану саласының бiлгiрi атана бастады, аға буын ғалымдар оның еңбекқорлығы мен талантына тәнтi болды.
Сөйтiп, әлемде қалыптасқалы бiрнеше жүз жыл болған түрiктану мен моңғолтанудың қос тұтқасын қатар ұстап, ғылымға ант суын iшкен Б.Базылхан ең әуелi өз зерттеулерiн көне түрiк ескерткіштерімен, өзі туып өскен Моңғолиядағы көне түрік дәуірінің бiтiк жазуларынан бастады. Бұл оның ғылымдағы алғашқы жорығы дерлiк. Бұл да заңды едi. Мәшһүр түрколог В.В.Радловтан кейiн көне түрiк бiтiк жазуларын зерттеу саласы «кеңселiк, кабинеттік» жұмысқа айналған, тоқтырауға түскен кезеңі деуге әбден болады. Кең далада жатқан тас жазуларды өз көзімен көріп, зерттеу жүргізушілер тым азайып қалған еді.
Шындығы сол, арысы түрiк әлемiнiң, берiсi қазақ елiнiң ата-бабаларының алтын қазынасы, асыл мұраларын көзбен көрiп, қолмен ұстап, бас көз болуға тағдыр Моңғолиялық қазақ жiгiті Бұқатұлы Базылханның маңдайына Түріктің Көк Тәңірісі бұйрыпты.
Күндей күштi күркiреген Түрiк Елiнiң көк байрақты қағандары Елтерiс, Бiлге, баһадүр ер Күлтегiн, данышпан Тонықұқ, Күлi-чұр, Мойын-чұр және басқа көптеген батыр бабаларымызға арналған ескерткiштердiң басы-қасында болып, зерттеген алғашқы түрік текті қазақ баласы- Б.Базылхан болды.
Жалпы, Моңғолиядағы түрiктану, қазақтану саласында Б.Базылханның жасаған еңбегi орасан зор. Ол, Елтерiс, Күлтегiн, Бiлге қаған, Тонықұқ , Мойын-чұр, Тариат, Гурвалжин уул, Хангидай, Өвөр дөрвөлж секілді түрiк бiтiк жазулы ғұрыптық кешендердi зерттеп, жаңаша оқып, түсініктемелері мен ғылыми аудармаларын жасады. «Моңғолиядағы көне түрiк бiтiк ескерткіштері» деген ғылыми зерттеудің көп жылдық жобасының жетекшiсi болды, әрi жүйелi зерттеулерi мен атласты дайындауға сүбелi еңбек еттi. Б.Базылхан 1962-1988 жылдары Моңғол — Совет тарихи-мәдени бiрлескен (СМИКЭ) экпедициясында совет ғалымдары Е.И. Убрятова, С.Г. Кляшторный секілді зерттеушілермен бірлесе жұмыс жасады. Б.Базылхан Моңғолиядағы көне түрiк бiтiк зерттеу саласының негiзiн қалады әрi бас маманы болып көп жылдық жобаны жүзеге асырды. Алайда, түрлi-түрлi қыспақ кедергiлер, әсіресе саяси-идеологиялық зардаптардан көне түрiк бiтiк жазуына байланысты iргелi ғылыми зерттеу еңбектерiн монография күйiнде емес, ғылыми мақалалар ретiнде ғана жарыққа шығара білді.
Б.Базылханның «Көне түрiк бiтiк жазулары тiлiнiң сөз құрылысы» атты монографиясы — көне түрiк тiлiнiң табиғи болмысын, сөз бен морфема, қосымша морфемалар тiзбегiн жаңа ғылыми тұжырым бойынша зерттеген iргелi еңбек. Бұл ғылыми еңбек 1974 жылы әзiрленгенiмен, 1984 жылы яғни 10 жылдан кейiн, моңғол ғалымы полиглот, филология ғылымдарының докторы, профессор Чой. Лувсанжавтың қолдауымен Моңғолия мемлекеттiк университетiнiң баспахасынан жарық көрдi.
Б.Базылхан Моңғолия Ғылым академиясының Тiл, әдебиет институтында жұмыс істеп жүрген кезiнен бастап «саяси-экономикалық өмiрi бiр шаңыраққа сыйысып отырған Моңғол Халық Республикасының Баян-Өлгий аймағындағы қазақтардың, олардың жас жеткiншек ұрпақтары өзiнiң отандас тiлi моңғол тiлiн өз ана тiлi – қазақ тiлi арқылы сол деңгейде үйрену үшiн жағдай жасап, жеңiлдiк тудыру» мақсатын көздеп, 1963-1970 жылдары жоспардан тыс, «Қазақша-моңғолша сөздiгiн» толық жасап бiтiредi. 30 мыңнан астам сөздi қамтыған аталмыш сөздiк бiр зерттеуші адам үшiн ауыр болса да, күнi-түнi тыңғылықты еңбектiң арқасында ғана жасап бітті, жас зерттеушi Б.Базылханның «Қазақша-моңғолша сөздiгі» – тiлi бiлiмi ғылымының лексикографиялық талапқа толық, сай жазылған алғашқы, iргелі зерттеу еңбегi, 1977 жылы СССР мен Моңғол Халық Республикасы мемлекетаралық мәдени ынтымақтастық келiсiмi бойынша, Алматы қаласында басылып шығады. Б.Базылханның ғылыми еңбегiнен хабардар адамдар осы сөздiктi «Бәзеңнiң жасыл сөздiгi» деп атайды.
«Сөздiктi жазып, жарыққа шығуына дейiн үй тұрмысында мүмкiндiк туғызып отырған Рахметқызы Бөкейге оқырман қауымның алдында ерекше алғыс айтамын» — дейдi «Қазақша моңғолша сөздiктiң» алғы сөзiнде авторы — Б.Базылхан.
|
Б.Базылхан, зайыбы Рахметқызы Бөкей. Ұланбатыр, 1961 |
Ғылымның ауыр жолындағы талай-талай асуларда Б.Базылханның өмiрлiк жолдасы-сабырлы да байсалды, бекзада зайыбы Рахметқызы Бөкей мұғалiм, Рысбек, Нұрбек, Нәпіл, Сәтбек, Бек деген бес ұл тәрбиелеген ардақты ана. Бөкей мұғалiмнiң әкесi Рахмет пен анасы Дәкей екеуі, Моңғолия қазақтарында «Қозы Көрпеш, Баян сұлудай» аңызға айналған асыл жандар. Дәкей Ерқарақызы — Моңғолия Баян-Өлгий қазақтарының әйелдер кеңесiнiң алғашқы қарлығашы, қазақтардың салт-дәстүрін сақтауда, оқу-білімдерін жетілдіруге ерекше еңбек сіңірді.
Б.Базылхан 1958 жылдары студент кезiнде бастаған қазақ, моңғол тiлдерiнiң тілдік болмысын салыстыра жүргізген зерттеуiн тамамдап, 1973 жылы Өлгий қаласында «Қазақ моңғол тiлдерiнiң салыстырмалы тарихи- грамматикасы» атты қысқаша курсын баспадан жарыққа шығарады.
Оның 15 жыл бойы зерттеген бұл ғылыми еңбегi түрiктану мен моңғолтануда, тiптi де, алтаистикада (алтай тiл бiлiмiнде) аты-шулы ғалымдардың теориялық тұжырымдарын, ғылыми пiкiр таластарын түбегейлi өзгертiп, «тас-талқан» етедi деп қайдан бiлсiн, бiрде, көне түрiк бiтiк тастарын шұқшия зерделеп жүрген, бiрде, қазақ балаларға арнап оқулық жазып жүрген, бiрде қазiргi моңғол тiлiнiң академиялық грамматикасын жазуға қатысып жүрген, ендi бiрде ауыл ақсақалдарынан шежiре тарих сұрап, көне сөз сарқыншағын белгiлiп жүрген бұл жас ғалым –Бұқатұлы Базылхан еді.
Сөйтiп, ол көп ұзамай 1975 жылы Қазақ ССР ҒА-ның А. Байтұрсынов атындағы Тiл бiлiмi институтында филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін «Қазақ моңғол тiлдерiнiң салыстырмалы- тарихи грамматикасы» тақырыбында 10.02.16- моңғол тілдері, 10.02.06- түрік тілдері мамандығы бойынша табысты қорғап шықты. Оның ғылыми жетекшілері А. Лувсандэндэв, Ә.Қайдаров, ал, ресми оппонеттері академик Бямбын Ринчен, Г.Д.Санжеев, Ш.Ш. Сарыбаев, Н. Оралбаева болды.
Б.Базылхан туған жері Моңғолиядағы қазақтардың тарихына, тіліне, ауыз әдебиетіне, этнографиясына байланысты көптеген тың материалдарды 1962-1990 жылдар аралығында, өзі басқарған арнайы ғылыми іссапарлар мен экспедициялар барысында аса бай, тарихи деректерді жинақтаған болатын. Онда көне көз қариялардан жинастырған шежiрелер, жыр аңыздар, толғаулар, тарихи әңгімелер, діни ғұрыптық жосын жоралғыларға байланысты деректер, ескі қолжазбалар, салт дәстүрге байланысты ерекшелiктерi, күнделiктi тұрмыста қолданылатын зат бұйымдар, ою өрнектердiң сызба суреттерi, тағы басқа мұралар кездеседі. Әсiресе, XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың ширек жүзiн көрген ақсақалдардан 1960-1970 жылдары жинаған тарих, этнография, ауыз әдебиеті бойынша таптырмас, өте құнды материалдарды атап өткен абзал. Ал, Б.Базылхан 1990 жылы «Моңғолиядағы қазақтардың этнографиясы» атты монографиялық еңбегінің қолжазбасын тамамдағанымен, бүгінге дейін толық күйінде жарыққа шықпаған.
Б.Базылхан, Моңғолиядағы қазақтарды зерттеу, Моңғолия Ғылым академиясының Қазақ бөлiмшесiн Баян-өлгий аймағында ашу және аймақтық қазақ баспаханасының техникалық жабдықтары мен баспа мүмкiндiктерiн ұлғайту, Қазақ ұлттық театр құрылысын салу, тыва балаларын ұлттық тiлде оқыту туралы мәселелердi тұңғыш рет 1965 жылы көтердi. Жергiлiктi және жоғарғы мекемелерден тиiстi шешiм 1968 жылы қабылдағанға дейiн оған әрдайым қозғау салып отырды. Бұл мәселе бiртiндеп, 1988 жылы жүзеге асып шешiлдi деуге әбден болады. Сөйтіп, қазір Моңғолия Ғылым академиясының Баян-Өлгий аймағындағы Қоғамдық ғылымдар зерттеу орталығы жұмыс істеп келеді.
Сонымен қатар ол 1961-1980 жылдары Баян-Өлгий қазақтарының жергiлiктi тiл ерекшелiктерiн зерттеу барысында жинаған диалектологиялық материалдарына негiздеп, 1980 жылы тамамдаған ғылыми зерттеуiнiң қолжазбасын Моңғолия мұсылмандары қоғамының төрағасы Қадiрұлы Сайран, Дәлелқызы Қибадаттардың демеуiмен 1991 жылы Өлгий қаласында баспадан жарыққа шығарады. Бұл еңбек «Моңғолиядағы қазақтарының тiлi» туралы ең iргелi зерттеу болып табылады. Зерттеу еңбекте Моңғолия қазақтарының тіліндегі жергілікті тіл ерекшеліктерін фонетикалық, морфологиялық, лексикалық тұрғыдан қазақ әдеби тілімен, қазақ тілінің говорларымен және де өзге түрік тіл сөйленістерімен, моңғол тілімен салыстырмалы талдап, сол тіл арқылы енген кірме сөздерді кеңінен қарастырған.
1984 жылы Баян-Өлгий аймағының Өлгий қаласында Б.Базылханның «Моңғолша-қазақша сөздiгi» басылып шықты. Аталмыш сөздiкте 40 мыңнан астам реестр сөз қамтылған және онда реестр-сөздерiнiң моңғолша, қазақша синонимдерi, фразеологиялық оралымдары, термин атаулары сынды кең түсiндiрмелерi берілді, екi тiлдiң салыстырмалы грамматикасы да қоса тіркелген. Осы сөздiк – ғалымның «инемен құдық қазғандай», көп еңбек еткен, түріктану, қазақтану, моңғолтану және де алтаистика саласы бойынша тарихи салыстырмалы зерттеулерді жүргізу үшін де аса қажет еңбек болып табылады.
Б.Базылхан Моңғолиядағы қазақ мектептерiнде үйретiлетiн моңғол тiлi пәнiнiң ғылыми негiздi тұңғыш программасын жасады. Моңғолия қазақтарында «Бәзеңнiң оқулығы» деген сөз бар. Ол — «Монгол хэл» (Моңғол тiлi ) деген 5-6 кластарға арналған оқулықтары. Бұл оқулықтары Баян-Өлгйи қазақтарында 40 жылдай уақыт қолданылды. Өзге де (2, 3, 4, 7, 8, 9,10) класстарға арналған оқулықтарды жасауға жетекшiлiк еттi, ортақ авторы да болды.
Б. Базылхан ғылыми iстерiмен қатарластыра педагогикалық, жас ғалымдарды тәрбиелеу iстерiн де қадағалап жүрген. Тарих ғылымдарының докторлары Құрметхан Мұхамадиұлы, Биқұмар Кәмалашұлы, тарих ғылымдарының кандидаттары М. Шинэхүү, Л. Болд, Жүкел Қамайұлы, Еділхан Қонысбайұлы, Гагаагийн Золбаяр, Ақедiл Тойшанұлы, Цэндийн Баттулга, Ринчинхоролын Мөнхтулга қатарлы жас ғалымдар Бәзеңнiң ғылыми iстерiн жалғастырып келедi.
Б.Базылхан Моңғолия мемлекеттiк университетiнде, педагогикалық институттарында 1965-1994 жылдары алтаистика, түрiктану, моңғолтану салалары бойынша дәрiс берiп, лекция оқыды. Ғалым — Моңғолияның жоғарғы оқу орындарына арналған «Қазiргi моңғол тiлi» (1966ж.), «Моңғол тiлдерi мен диалектiлерiнiң салыстырмалы грамматикасы» (1984 ж.), «Қазiргi моңғол тiлiнiң морфологиялық құрылысы» (1987 ж.), «Қазiргi моңғол тiлiнiң синтаксисi» (1988ж.) , «Қазiргi моңғол тiлi» академиялық грамматикасы (1993ж.) және басқа iргелi оқулықтары авторларының бiрi.
Б.Базылхан 1993 жылы Қазақстан Республикасының А.Байтұрсынов атындағы Тiл бiлiм институтында «Моңғолиядағы қазақтардың тiлi және оның кейбiр алтай тiлдерiне қатысы» тақырыбында баспадан шыққан еңбектері негізінде филология ғылымдарының докторы атағын (мамандығы-10.02.03- түркі тілдері) қорғады. Ресми оппоненттері Е.З. Қажыбеков, Ғ.Қалиев, Е.Жанпейісов болды.
Моңғолиялық Б.Базылханның ғылыми зерттеулерiнiң жетiстiктерiне, қазақ тiл бiлiмiнiң бiлгiрлерi Төлеубай Қордабаев, Iсмет Кеңесбаев, Ахмеди Ысқақов, Нұржамал, Оралбаева, Шора Сарыбаев, Сейт Қасқабасов, Мархабат Томанов, Бақытжан Хасанов, Ғұбайдолла Айдаров, Алтай Аманжолов, Ғабдолла Қалиұлы, Серік Негимов, Әрсен Ибатов, Әбжан Құрышжанұлы, Ерден Қажыбеков, Мерует Әбусейтова, Хакім Омар, Сейсенбай Құдасов және басқа көптеген аға, замандас, iнi буын өкiлдерiнiң қолдау көмектерiнiң орны ерекше екенiн атап өткенiмiз абзал. Б.Базылхан атамекен Қазақстан Республикасының Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтында 1994-2001 жылдары жетекшi ғылыми қызметкер болды. Осы жылдары 80 мың сөзді қамтыған «Қазақша-моңғолша академиялық сөздiкті » және 70 мың сөзді қамтыған «Моңғолша қазақша академиялық сөздiкті » ұлы әрі шәкірті Нәпілмен бірлесе дайындап тамамдады.
Б.Базылханға 1978 жылы Моңғолия Ғылым академиясының аға ғылыми қызметкерi, 1993 жылы бас ғылыми қызметкерi, 2001 жылы Моңғолияның еңбек сiңірген ғылым қайраткерi атағы берiлдi.
Б.Базылхан — халықаралық ғылыми конференция, симпозиум мәжiлiстерінде алтай тiл бiлiмi, түрiктану, моңғолтану салалары бойынша 70-тен астам ғылыми мақалалары мен жиырмаға жуық оқулықтардың, монографиялық еңбектердiң, академиялық сөздiктердiң жеке авторы. Олардың денi алтай тіл білімі саласы, түрiк-моңғол тiлдерiнiң, соның iшiнде қазақ-моңғол тiлдерiнiң қатынасы мәселесiн диахрондық, синхрондық лингвистика негiзiнде зерттеуге арналды, бұл екi тiлдiң шығу тегiн бiр деп дәлелдедi.
Б.Базылхан алтай тiлi бiлiмiнде жаңа теориялық тұжырымды ұсынды. Соның нәтижесiнде Б.Базылхан — дүниежүзiлiк әйгiлi алтаистердiң қатарына көтерiлген, тұңғыш қазақ ғалымы. Алтаист Б.Базылхан «өзек тiл» деп атаған түрiк (қазақ), моңғол тiлдерiмен қатар, тұңғыс-манжұр, жапон, корей тiлдерiн салыстыра зерттеудiң нәтижесiнде мынадай қорытындыға келді. Алтайлық тектiлдiң ортақ элементi, V (дауысты дыбыс), CV (дауыссыз дыбыс-дауысты дыбыс) түрлеріндегі түбiр морфемалардың тұлғалық-мағыналық ортақтығынан басталды. О баста, бiр тектi тiлден қазiргi алтай төркiндес түрiк, моңғол, тұңғыс-манжұр, жапон, корей тiлдерi эволюциялық дамудың үш дәуiрiн , атап айтқанда, «ым тiл дәуiрiн» , «келте сөз дәуiрiн» , «күрделi сөз дәуiрiн» бастан кешiрiп, қазiргi дербес тiлдер деңгейiне жеттi. Бұл — алтаистика мен жалпы тiл бiлiмi саласындағы сөз құрылысын талдаудағы структурализм мен тарихи-салыстырмалы тiл бiлiмiнiң теориялық-методологиялық деңгейiн жетiлдiре-толықтыра түскен ғылыми қорытынды. Б.Базылханның жалпы тiл бiлiмiнiң «морфема теориясын» форма мен мазмұны жағынан толықтыра түсуi – тiл дамуының диалектикалық заңдылығына сәйкесерлiк, үлкен жаңалықты, ғылыми тұжырым ретiнде бағаланып келедi.
Ғалым Б.Базылханның ғылыми зерттеу жұмыстары 1958 жылдардан бастау алды десек, ол 50 жыл бойы ана тiлiмiздiң абыройы үшiн аянбай тер төгiп , бабаларымыздың бағзы мұралары бәдiзделген сынтастардан бастап, өзi туған өлкесi Алтай тауымен аталған Алтай тiл бiлiмiнде басбiлгiр ғалымдардың бiрi бола бiлген, өмiрбаяндық ғылыми жорық жолы қысқаша осындай.
Ол 1999-2009 жылдары Моңғолия, Баян-Өлгий аймағындағы Қоғамдық ғылымдар орталығында жетекшi ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді.
Бұқатұлы Базылхан 80-нің сеңгір жасында Моңғолия, Баян-Өлгий аймағы, Өлгий қаласында 2012 жылы қаңтардың 16-күні дүниеден өтті, өзі айрықша табынатын Көк Тәңіріне туған жерінен ұшып кетті.
Бұқатұлы Базылхан көп жылдар бойы түрік, моңғол, манжұр-тұңғыс, жапон, корей тілдерін салыстырмалы зерттеп, Алтай төркіндес тілдері туралы жаңа теориялық тұжырым жасады. Онысын түрік (қазақ), моңғол тілдерінің тарихи-салыстырмалы зерттеулері негізінде дәлелдеп берген, жалпы тілі білімінің морфема туралы теориясын жетілдіре кеңейткен, дүние жүзіне есімі белгілі болған атақты алтаист, түріктанушы, моңғолтанушы мәшһүр ғалым.
Филология ғылымдарының докторы, профессор
Б. Базылханның ғылыми еңбектерінің тізімі
I. Ғылыми монографиялық еңбектері
- Моңғол-қазақ тiлдерiнiң салыстырмалы тарихи грамматикасы (қысқаша курс). — Өлгий, 1973 . -174 бет.
- Краткая сравнительная-историческая грамматика монгольского и казахского языков. (на материале лексики и грамматики). 10.02.16- монгольские языки, 10.02.06 –тюркские языки. Доклад, обобщающий содержание опубликованных и выполненных работ, представленных к защите на соискание ученый степени кандидат филологических наук. –Алма-Ата, 1974. -32 c.
- Қазiргi қазақ әдеби тiлiндегi құрмалас сөйлемнiң кейбiр мәселелерi. — Өлгий, 1967.-21 бет.
- Қазақша-моңғолша сөздiк. (30 000 сөз ). -Алматы-Улаанбаатар, 1977. -392 бет.
- Монгол казах толь (Моңғолша-қазақша сөздiк. 40 000 сөз). Улаанбаатар-Өлгий, 1984 . -887 бет.
- Эртний түрэг бичээсний хэлний үгийн бүтэц (Морфологическая структура слов языка древнетюркской надписи) –Улаанбаатар, 1984. -158 бет.
- Қазiргi қазақ және моңғол тiлдерi бойынша салыстырмалы белгiлеулер.-Улаанбаатар, 1984. -80 бет.
- Моңғолиядағы қазақтардың тiлi. -Улаанбаатар-Өлгий, (1980)1991. -206 бет.
- Моңғолия қазақтарының тiлi және оның кейбiр алтай тiлдерiне қатысы. Мамандығы-10.02.03- түркі тілдері. Баспадан шыққан еңбектер негізінде филология ғылымдарының докторы атағын алу үшін жазылған ғылыми баяндама. -Алматы,1993 . -66 бет.
- Қазақ және моңғол тiлдерiнiң салыстырмалы тарихи грамматикасы. Фонетика. -Алматы, 1999. -165 бет.
- Қазақ және моңғол тiлдерiнiң салыстырмалы тарихи грамматикасы. Морфология. -Алматы, 2000.- 446 бет.
II. Баспадан жарыққа шықпаған монографиялық еңбектері:
- Моңғолия қазақтарына қатысты зерттеулерi (тарих, этнография, ауыз әдебиетi)- 1900 бет.
- Монголын казахуудын тухай судлагаанууд (түүх, угсаатны зүй, аман зохиол) – 600 бет.
- Алтай төркіндес тілдердің ортақтығы туралы мәселелер (Б. Нәпілмен бірге) — 323 бет
- Алтай хэлний нийтлэгийн тухай онолын асуудалд (Б. Нәпілмен бірге) — 323 бет.
- Монгол нутаг дахь эртний түрэг бичгийн дурсгалууд (Б. Нәпілмен бірге) – 220 бет.
- Түрік — моңғол тарихи-салыстырмалы этномәдени сөздік (Б. Нәпілмен бірге) – 400 бет
- Қазақша — моңғолша академиялық сөздік (Казах монгол их тайлбар толь) 80 000 сөз (Б. Нәпілмен бірге) – 2500 бет.
- Монгол казах их тайлбар толь (Моңғолша- қазақша академиялық сөздік). 70 000 сөз (Б. Нәпілмен бірге) – 1950 бет.
III. Ғылыми мақалалары:
- Эртний тюрк бичээсийг судалсан дүнгээс (Е.И.Убрятованы хамт) // ШУА-ийн мэдээ. -Улаанбаатар, 1963, -№4.- 71-74.
- Эртний түрэг бичээстэй мутрын тэмдэг // ШУА-ийн мэдээ. Улаанбаатар, 1964, -№ 9. -74-75.
- Баян-Өлгий аймағының топонимикасы жөнінде // Қазақ ССР Ғылым Академиясының хабарлары. Қоғамдық ғылым сериясы. 1964. 3 шығ. – 56-62.
- Баян-Өлгий аймгийн Казахын аман аялгуунд орсон монгол үг хэллэг // ШУА-ийн мэдээ. –Улаанбаатар: ШУА-ийн хэвлэл, 1964. -№4 .-60-69.
- Моңғолияда тұратын қазақтардың тiлiндегi кейбiр жергiлiктi ерекшелiктері // Қазақ диалектологиясы. -Алматы, 1965, 1 шыгуы. -35-60.
- Эртний түрэг тамга бүхий чагт // ШУА-ийн мэдээ. — Улаанбаатар, 1966, -№ 4. -54-55.
- Монгольские заимствование в Баян-Ульгейском говоре казахского языка // Studia Mongolica. Tomus VI. Fasc. II. – Ulan-bator,1967. -17-92.
- Монгол түрэг хэлтний нийтлэг үг // Шинжлэх ухаан амьдрал-4. –Улаанбаатар,1968. -54-64.
- Хангидай хадны түрэг бичээс // ШУА-ийн мэдээ. -Улаанбаатар, 1968, -№ 4 — 96-97.
- Өвөр дөрвөлжийн түрэг бичээс // ШУА-ийн мэдээ. -Улаанбаатар, 1969, -№1 . -28-29.
- Гурвалжин уулын түрэг бичээс // ШУА-ийн мэдээ. -Улаанбаатар, 1969, -№ 4. -14-15.
- Күлтегиний хөшөөний мэлхий чулууны түрэг бичээс // Хэл зохиол. -Улаанбаатар. 1969,1-13-р дэвтэр. -253-255.
- Монгол казах хэлэн дэх ижил язгуурт үг // Хэл зохиол. Тomus XII.- Улаанбаатар,1977. — 41-44 .
- Казах монгол хэлний үгийн сангийн харьцааны асуудалд // Хэл зохиол. Тomus XIII. Fasc.4. — Улаанбаатар,1977. — 31-46.
- Однокорневые слова в монгольском и тюркском языке // ОУМЭ III их хурал. -Улаанбаатар, 1979. III -боть. -123-129.
- Монгол хэлний бүтээврийн тухай асуудалд // Хэл зохиол. -Улаанбаатар, 1980. Tomus. XIII. -31-46.
- Тэрхийн түрэг бичээс // Studia Mongolia. Tomus. YII (5), Fasc. 1-15, -Улаанбаатар, 1980, -163-175.
- Күл-тегиний хөшөөний бичээсийн монгол орчуулга (Их, бага бичээс) // Хэл зохиол, — Улаанбаатар, 1982, 16-р боть, 1-19-р дэвтэр. -45-67.
- Эртний түрэг хэлний үгийн бүтцийн асуудалд // Studia Mongolica. Tomus X (18). Fasc. 1-19. – Ulan-bator, 1986. -149-152.
- Аффиксальные морфемы в монгольском и казахском языках // Studia Mongolica. Tomus X (18). Fasc. 1-19. – Ulan-bator, 1986. -154-164.
- Специфические особенности Баян-Ульгийского говора казахского языка // Монголын судлал. Tomus XIII. -Улаанбаатар,1987. -38-42.
- Монгол казах хэлний тэмдэг нэрийн харьцуулга // Шинжлэх ухааны академийн мэдээ. -№ 1, — Улаанбаатар, 1988. -15-18.
- Пракорневые элементы в монгольских и других алтайских языках // ОУМЭ –ий V их хурал. -Улаанбаатар, 1991. — 56-60.
- Пракорневые элементы в монгольских и других алтайских языках // Монгол судлалын бичиг. Bulleten, 1991, -№ 1. Улаанбаатар, 1991.-20-24.
- Тоньюкукийн түрэг руни бичээс // Bulleten the IAMS News Information on Mongol Studies. — Улаанбаатар, 1993, -№ 2 (12), 1994, -№ 1 (13), -55-65.
- Монгол түрэг хэлнүүдийн харьцуулсан судалгааны дүнгээс. Гийгүүлэгч фонем үгзүй. // Bulleten the IAMS News Information on Mongol Studies. — Улаанбаатар, 1995, -№ 2 (16).-36-45.
- Монгол түрэг хэлнүүдийн харьцуулсан судалгааны дүнгээс. Гийгүүлэгч фонем үгзүй. // Bulleten the IAMS News Information on Mongol Studies. — Улаанбаатар, 1996, № 1 (17), 1996, -№ 2 (18).-90-104.
- Алтай төркіндес тілдердің ортақтығы туралы // «Қазақстан мектебі».–Алматы, 1996, -№3. -64-73.
- Алтай төркіндес тілдердің ортақтығы туралы мәселе // ҚР Ғылыми министрлігі -ҒА хабарлары. Тіл, әдебиет сериясы, 1996. -№ 2. -3-12.
- Қазақ және моңғол тілдерінің сөз құрылысы //«Қазақстан мектебі».–Алматы, 1997, -№2. -58-75.
- Алтаистика // «Қазақ тілі» энциклопедиясы.- Алматы, 1998. – 17-18.
- Орал Алтай тілдері // «Қазақ тілі» энциклопедиясы.- Алматы, 1998. – 301-302.
- Моңғолдың құпия шежіресі // «Қазақ тілі» энциклопедиясы.- Алматы, 1998. –278 бетте.
- Қазақ және моңғол тілдерінің сөз құрылысы // Актуальные проблемы Казахстанского монголоведения : прошлое, настоящее и перспективы. Материалы международного научного колловиума 18 декабря 1998 года. -Алматы, 1999, Koktengri. -№-1, -91-114.
- Қазақ және моңғол тілдерін салыстырып зерттеуден шыққан қорытынды // Актуальные проблемы Казахстанского монголоведения: прошлое, настоящее и перспективы. Материалы международного научного колловиума 18 декабря 1998 года -Алматы, 1999, Koktengri, -№-1, -115-116.
- Моңғолиядағы қазақтардың салт-дәстүрлері (1962-1990 жылдары жинаған тарихи-этнографиялық материалдар) // Қазақтану. Халықаралық ғылыми журнал. -№ 3-4 (16-17) 2010. -16-27.
IV. Жеке авторлық оқулықтары:
- Монгол хэл сурах бичиг. Нэгдүгээр дэвтэр. Авиазүй ба үгзүй. Казах дунд сургуулийн 5-6-р ангид үзэх сурах бичиг.–Улаанбаатар, 1963.-136.
- Монгол хэл. Шинэ программын дагуу шинээр зохиоглсон. Казах дунд сургуулийн 5-6-р ангид үзэх сурах бичиг. –Улаанбаатар, 1968.-280.
- Монгол хэл. Казах сургуулийн дөрөвдүгээр ангид үзнэ. –Улаанбаатар, 1974.-142.
- Монгол хэл. Шинэ программын дагуу шинээр зохиоглсон. Казах дунд сургуулийн 5-6-р ангид үзэх сурах бичиг. –Улаанбаатар, 1979.-320.
- Монгол хэл. Сурах бичиг (Нэмж зассан хоер дахь хэвлэл)–Улаанбаатар, 1985.-320.
- Монгол хэл. Сурах бичиг (Нэмж зассан гурав дахь хэвлэл)–Улаанбаатар, 1989.-272.
V. Ғылыми монографиялық ортақ авторлық еңбектері:
- Орчин цагийн монгол хэл. БНМАУ-ийн их, дээд сургуульд зориулсан сурах бичиг. (Б.Базылхан –үйл үгийн ерөнхий ойлголт, үйл үг бүтэхүй, үгүйсгэх, эс үгүйсгэх, тусах ба эс тусах үйл, үйл үгийн хэв, байдал, захирах хүсэх үйл, цагийг заах үйл- 127-153. ) –Улаанбаатар, 1966. -344.
- Монгол хэл. Сурах бичиг. Казах сургуулийн 2-р ангид зориулсан (Б.Базылхан, Р.Өмирзах). Улаанбаатар, 1974. — 187.
- Монгол хэл. Сурах бичиг. Казах сургуулийн 4-р ангид зориулсан (Б.Базылхан, Н.Мугалим, Х.Чаймардан). Улаанбаатар, 1974. -142.
- Монгол хэлнүүдийн харьцуулсан хэлзүй. Их, дээд сургуулийн хичээлийн хэрэглэгдэхүүнд зориулав. -Улаанбаатар, 1983.-258. (Б.Базылхан — нөхцөл үйл, үйлт нэр-218-235)
- Орчин цагийн монгол хэлний үгзүй байгуулал. Тэргүүн дэвтэр. (Б.Базылхан- удиртгал, монгол үгийн бүтэц- 4-25) –Улаанбаатар, 1987. – 148.
- Орчин цагийн монгол хэлний өгүүлбэрзүй (Их, дээд сургуулийн хичээлийн хэрэглэгдэхүүнд зориулав). (Б.Базылхан – холбоо үг, нэрийн холбоо-51-66) –Улаанбаатар, 1989.-274.
- Орчин цагийн монгол хэл.-Улаанбаатар, 1991.
- Монгол хэлний их тайлбарт толь( «ж» толгойт үг, гар бичмэл) , 1991.
VI. Ғылыми-публистикалық еңбектері:
- Ақтан Бабыұлы. Авьяас билгийн жигүүрийг ард түмэн өгсөн. // (Л.Чойжилсүрэнгийн хамт) // Соел,утга зохиол. -Улаанбаатар, 1964. -№22. -5.
- Аудармаға қойылатын талап // Шұғыла-4, Өлгий. 1967.
- Аударманың кейбiр мәселелерi // Жаңа өмiр. Өлгий, 1969. -№31. -3.
- Аударма ма , төңкерме ме ? // Жаңа өмiр. Өлгий, 1969. -№32. -3.
- Қазақ және моңғол тiлдерiндегi ортақ сөздер // Жаңа өмiр .- Өлгий. 1969. -№4. -2.
- Монгол улс дахь казах сургуульд монгол хэл сургалтын төвшин ямар байх естой вэ? // Сурган хүмүүжүүлэх. 4. -Улаанбаатар, 1972. -5-10.
- Қазақша аудармасының алғы сөзi // Моңғолдың құпия шежiресi. -Өлгий, 1978. -5-7.
- Өткен күннен белгі бар // «Жаңа дәуір». Аймақтық газет. -Өлгий, 2005. 25 көкек., № 04 (5390). -4.
VII. Ғылыми редакторы болған еңбектер:
- Дашдорж Д. Монгол хэл. БНМАУ-ын казах сургуулийн 1-р ангид зориулсан сурах бичиг. –Улаанбаатар, 1960. (редактор-Б.Базылхан), -95.
- Монголдың құпия шежіресі. Монголша үшінші рет басылуына сәйкес қазақша бірінші рет басылуы (Монголшадан аударған: Мағауия Сұлтанияұлы. Жалпы редакциясын басқарған: Базылхан Бұқатұлы. Редакция алқасы: Базылхан Бұқатұлы, Имашхан Байбатырұлы) — Өлгий, 1979. -150.
- Монголдың құпия шежіресі. (монголша төртінші басылуына және жаңа аудармасына сәйкес қазақша жөнделіп толықтырылып үшінші рет басылуы. Аударушы С.Мағауия, Сапаршылар: Б.Базылхан, К.Биқұмар) , — Ұлан-батыр, 2002.-154.
- Базылхан Напил Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Енисей, Талас). Ғылыми редакторы: Б. Базылхан // Серия «Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері» -II том. –Алматы:Дайк-Пресс, 2005. -252-б.+144-бет жапсырма.
- Моңғолдың құпия шежіресі (көне моңғол тіліндегі түпнұсқалық транскрипциясы, ғылыми мағыналық аудармасы мен түсіндермелерін көрсеткіштерін жасаған Напил Базылхан). Ғылыми редакторы: Бұқатұлы Базылхан, М.Қ.Абусеитова // Серия «Қазақстан тарихы туралы моңғол деректемелері». -I том. – Алматы: Дайк-Пресс, 2006. -400.
VIII. Ғылыми баяндамалары
- Монгол, хасаг хэлний ижил язгуурт үг // ШУА-ийн Хэл зохиолын хүрээлэнгийн 1971-1975 оны эрдэм шинжилгээний тайлан бага хурал. –Улаанбаатар, 1975. 10 сарын 3.
- Монгол, түрэг хэлний ижил язгуурт үг // Олон улсын монголч эрдэмтдийн III их хурал. –Улаанбаатар, 1976. 8-сарын 30 / 9-сарын 3.
- Дунд сургуульд монгол хэлний үгийн утгат хэсгийг заах асуудалд // Ерөнхий боловсролын сургуулийн сурагядын хэлний боловсролыг дээшлүүлэх арга зам сэдвэт онол практикийн бага хурал. –Улаанбаатар, 1983, 11-сарын 17.
- К вопросу структура слов монгольского и тюркского языков // Научная конференция преподователей Монгольского государсвтенного университета, посвященная 165 летию со дня рождения и 100 летию смерти Карла маркса . –Улан-батор, 1983. 4-5 мая.
- Пракоренной элемент в монгольских и других Алтайских языках // Олон улсын монголч эрдэмтдийн V их хурал. –Улаанбаатар, 1987. 9-сарын 14-20.
- Қазақ және моңғол тілдерін салыстырып зерттеуден шыққан қорытынды // Актуальные проблемы Казахстанского монголоведения : прошлое, настоящее и перспективы. Материалы международного научного колловиума 18 декабря 1998 года.
Б. Базылханның өмірі мен ғылыми зерттеулері жайында мақалалар:
- Ұйықбаев М.И. Үлкен еңбектiң үзiндiсi. // Ленiншiл жас. №4. -Алматы. 1975.07- январь.
- Дагвадорж Г. Монгол казах хэл төрөл хэл үү? // Залуучуудын үнэн. -Улаанбаатар, 1975. -23.
- Санжеев Г.Д. Рецензия «Б. Базылхан. Қазақша-моңғолша сөздiк» // Советская тюркология , 1979. -№4. –С.101-103
- Баскаков Н.А. Алтайская семья языков и ее изучение. — Москва, 1981.-С.4.
- Gua. Monggol kel shinjilgeenii ögüülel. — Beijin-Köke qota. 1985. -292-293.
- Сіздер бар да, біздер бармыз ( әңгімелескен Әнуарбек Әуелбеков) // «Қазақ әдебиеті». 20 шілде. 1990 жыл.
- Ercilasun Ahmet Bican Moğolistan ve Çin günlügü. –Ankara, 1991. -42-43
- Дэд эрдэмтэн Б.Базылханы бүтээлийн түүвэр жагсаалт // Bulletin. The International Association for Mongol Studies. 1991. No 1(7). -85-88.
- Ақеділ Тойшанұлы Моңғолтану маманы Базылхан // «Жұлдыз» .-Алматы,-1996 ж. -199-200.
- Щербак А. Ранние тюрко-монгольские языковые связи (VII-XIV вв.).- Санкт-петербург, 1997 .- С.29-30 .
- Құрметхан Мұхамадиұлы. Моңғолиядағы қазақ этникалық тобының қалыптасуы мен дамуы. -Улаанбаатар,1997. -15 бетте.
- Базылхан Бұқатұлы // Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998. – 509 бет. (-54 бетте)
- Жанпейiсов Е. Моңғол қазақтарының тiлiн зерттеушi // ҚР ҰҒА хабарлары. Тiл, әдебиет сериясы. -Алматы, 1999.-№5. -44-47.
- Базылхан Б. // Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. — Алматы, 2000.-2-том. -48 бетте.
- Моңғолия Түркологиясы // Түркістан энциклопедиясы, Алматы, 2000. -482 бетте.
- Дөрөвдүгээр эргэлзээ // Цэндийн Дамдинсүрэн. Бүрэн зохиол. Гутгаар боть. Интерпресс хэвлэлийн газар, 2001.- 178-179.
- Бұқатұлы Базылхан- 70 жас. Филология ғылымдарының докторы, профессор, алтаист ғалым Б.Базылханның 70 жас мерейтойына арналған өмірбаян-ғылыми еңбектері көрсеткіші. -Өлгий қаласы: «Қазмон Айнасөз қоғамы», 2002 жыл. -40-б.
- Базылхан Бұқатұлы — 70.// «Көш» Еларалық басылым. 2002 жылқы жылы, қазанның 21-і. № 03(09). -7 бетте.
- Тұңғыш түркітанушы һәм алтаист ғалым Бұхатұлы Базылхан туралы // Тіл және қоғам. Альманах. –Астана, 2006. -109-115.
- Базылхан Бухатын // Баян-Өлгий аймгийн нэвтэрхий толь. –Улаанбаатар, 2010. -484-485.
|
Моңғолия Ғылым академиясының Тiл, әдебиет институты.Ұланбатыр қаласы,1960 жыл. Фотосуретте: Алдыңғы қатарда солдан оңға қарай отырғандар- доктор Ц. Дамдинсүрэн, Я.Цэвэл, Э. Вандуй, Д.Наваанюндэн, доктор Б.Ринчен, Б. Базылхан. Артқы қатарда : Ж.Төмөрцэрэн, Б.Батаа |
|
Совет -Моңғол тарихи -мәдени бiрлескен экспедициясы. 1969 жыл, тамыз айы. Арханғай аймағы. Х.Лувсанбалдан, С.Г.Кляшторный, Б.Базылхан |
Алтай тауының қыраны
Бәз бiреулер жатқанда төрiн түрлеп,
Сен күрестiң «Алашым, өр ұлтым!» деп,
Қазақ тiлiн зерттедiң «түрік түгiл,
Моңғолға да бек құтты донор тiл» деп.
Өмiр жолын толтырдың пәк iздермен,
Ұлт зәруiн келесiң әлi iздеумен,
Әр сөзiне бабаның ғашық болдың,
Сынтасына даланың бәдiзделген.
Шарлап кеткен жиһанның әр ел-жерiн,
Көк түрiкке арналды бар еңбегiң,
Ер Күлтегiн, Шыңғысхан, Абылайхан,
Сөйлегенiн бiр тiлде дәлелдедiң.
Жаңалықтың сен ашқан даңқы нөпiр,
Шындығына тiлiң мен халқың кепiл,
Қазақ пенен Моңғолды жалғап тұрған,
Сөздiктерiң секiлдi алтын көпiр.
Қанын төгiп , ұқсап тек бөрiге көк,
Ел қорғаған бабаның жөнi бөлек.
Көк ту үшiн , Баз аға , күресе бер,
Қаламның сиясын төгiп ерек !
(Б.Базылханның шәкiрті филология ғылымдарының кандидаты, ақын Ақедiл Тойшанұлыныңұстазына арнаған өлеңi. Алматы,1996 жыл)
Баспаға дайындаған Нәпіл Базылхан



