Автор: admin

1974 жылы наурыздың 4-і күні бүкіл әлемді сенсациялық жаңалық шарлап кетеді. Филиппіннің шағын аралдарының бірінде жергілікті полиция қызметкерлеріне 52-жастағы жапон армиясының подпоручигі өз еркімен берілді. Соғыстың аяқталғанын сезбеген ол джунглиде отыз жылдан астам уақыт бойы бой тасалап жүріпті. Подпоручик қатты таңданып тұрған полицияның алдына келіп мылтығын тастайды. «Мен-подпоручик Хиро Онодамын. Маған бастығым берілуді бұйырды» дейді.

Read More

Ғасырлар даусын арқалап — мұра боп жеткен Жетіген Әр қандай іргелі елдің ірі руханый келбетін сомдайтын сүбелі жетістіктің орны бөлек . Міне содан ғибарат ; Сіздерге ұсынып отырған Қазақ елінде соңғы 25 жыл көлемінде ЖЕТІГЕНДІ – ЖЕТІЛДІРІУДІҢ не алуан ыстық – суығын бастан кешірген , еңбекқор музикатаныушы Нұргүл Бижанқызы ЖАҚЫПБЕКТІҢ осы саладағы табанды ғылмый жүмыстарының бұл жетістігі- Әлқамдуллаһый , Қазақ еліндегі тәуелсіздік таңы мен бірге қалыптасқан ұлттық музикамыздың мақтан тұтар бір жәңалығы болып саналады . Міне енді 21 – ғасыр Түркі тектес елдердің өнер сүйрер қауымы үшін жетіген жеткізген музика мәдениетінің шынайы мәні мен сәні әлемнің бір тапай елін тамсандырған…

Read More

«Қайғысы – азық, ермегі – шер болған» қазақ баласының қилы-қилы тарихын көзімен көріп, үркін-қорқын заман бейнесі көкірегіне шер болып қатқан қариялардың жер басып жүрген уақыты білген кісіге – бардың соңы, жоқтың басы. Ертең естелік терезелерінен сығалап, еміс-еміс өткенді еске алғанымызда – ұтқанымыз бен ұтылғанымыздың нарқы мен парқы талғамның таразысына өзі-ақ тартылып тұрар. Оралханша ойланғанда «неге біз осы» бейғам да, бейтараппыз… Осы ойдың құшағына сіңіп, сылбыр уақытымызды сілкіп, сілкіп қалғанымызда Уақап Қыдырханұлының сексеннің сеңгіріне аяқ басқаны санамызға сап етті. «Әңгімелесіп қайтайыншы…». Ойымыз алдамапты. Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Зайсан қаласының Құрметті азаматы Уақап Қарияның әңгімесінен айызымыз қанып қайтты…

Read More