Автор: admin

Тоқтарұлы Б. — Қытай, Шыңжаң заң институты, доцент Қытайдың Алтай районында негізінен Абақ керей рулары және кейбір найман рулары қоныстанды. XVIII ғасырдың бастарында осы рулар, Жұңғар хандығының шапқыншылығы салдарынан ауып кеткенмен, 1757 жылы Чың үкіметі жұңғарларды дүрбелеңін тыныштандырғаннан кейін, осы рулар өз мекеніне қайта оралып, тipшiлігін қайта бастады.

Read More

Ер Жәнібек Авторы: АСҚАР ТАТАНАЙҰЛЫ Асқар Татанайұлы, (1906 – 1993) жазушы, тарихшыАҢЫЗ ТҮБІ АҚИҚАТЖӘНІБЕК БАТЫРДЫҢ БАЛАЛЫҚ ШАҒЫ ТУРАЛЫЖәнібек батырдың әкесі Бердәулет арғынның қара кесек руынан шыққан Қазыбек бидің қызымен үйленгеннен кейін, бірнеше жыл бала көрмей жүріп, соңында Жәнібекті көріпті. Перзентке зар ата-ана жас нәрестенің шілдехана тойын жасап, болашақ батырдың алғашқы таңын әнмен атырады. Әйелдерді шақырып, қалжасын беріп, ат шаптырып бесік тойын жасайды. Әкесі Бердәулет баласына ат қойғызарда арғынның шақшақ руынан шыққан қарт Жәнібекті жорықтан келе жатқан жолынан түсіп сәлем береді де, қуанышты көңіл күйін айтады. Балаға зар болып жүрген Бердәулеттің тілегіне бар ықыласын берген Шақшақ Жәнібек оның үйіне түседі. Қуанышты…

Read More

Қаңлылардың әлемдік өркениетке қосқан өзіндік үлесі бар. Ертедегі шумерлерді кенгірлер-қаңлылар деп атаған. Қаңлылар Африкада, Индонезияда, Солтүстік-Шығыс Вьетнамда, Суматра және Ява аралдарын мекендеген. Әлемде өркениет тіпті қаңлылардан бастау алады деуге болады. Қаңлылар металл балқытуды меңгерген әлемдегі үш халықтың бірі болып саналады. Олардың шығу тегі туралы Ресей зерттеуші-ғалымы Б.Грозный «Шумер (кенгірлер-қаңлылар) халқы қазіргі Киргиз (қазақ) даласынан, ұзын басты үнді-европалық пен қысқа басты турандықтардың шекарасынан шыққан» деп түсіндіреді. Еуропаның белгілі ғалымдары Ф.Хоммел және А.Фалькенштейн өткен ғасырдың өзінде шумерлердің арғы аталары қаңлы болды деген пікір айтқан еді. Шумерлердің ежелгі тарихын зерттеген қазақтың талантты ақыны Олжас Сүлейменов пен белгілі ғалым Сәрсен Аманжоловтың бұл туралы пікірлері…

Read More