Биыл елімізде Абылай ханның 300 жылдық мерейтойын республика көлемінде атап өтуді қолға алып отыр. Алғашқы іс-шара да Абылайдың өмірге келген Көкше жерінен бастау алатыны сөзсіз. 1991 жылы 2 тамызда Көкшетауда хан Абылайдың туғанына 280 жыл толуына арналған республикалық конференцияда академик М.Қозыбаев: «Абылай… Бұл есiмдi атағанда исi қазақ атаулының жадына «бостандық», «егемендi ел», «қазақ елi», «қазақ халқы», «туған жер», «Отан», «ел бiрлiгi», «ынтымағы» сияқты қасиеттi ұғымдар оралады… XVIII ғасырда Еуразиялық сахарада I Петр, II Екатерина , Қалдан-Серен сияқты әлемге есiмi әйгiлi мемлекет қайраткерлерi қатарына қазақ жұртынан тек қана Абылай көтерiлдi» деген едi.
Автор: admin
Сахнадағы көздің жауын алар қимылдарымен қатар әндерінің ерекшелігімен қазақ шоу-бизнесінде ойып тұрып орын алатындай, өзіндік қолтаңбасы бар топ — «Орда» тобы десек, сөге қоймассыздар. Топ құрамындағы жігіттерге қызықты сауал қойып, ойларын білген болатынбыз. Назарларыңызда «Орда» тобының ситуациялық сауалдарға жауаптары.
1925 жылдың 17 сәуіріне дейін біздің қазақты өзге жұрттың бәрі «киргиз» деп атап келді. Әуелгіде қазақты Ресейдегі «казактармен» шатастырмау үшін айтылған, кейіннен Патша ұлықтарының кемсітіп сөйлегенде қолданатын «киргизын» құлақ үйренген шақта қазақ оқығандары да жаза бастады. Сол үрдіспен Патшалық Ресей тұсындағы барлық кеңселік құжатта елдің аты «киргиз» атанып, 1920 жылы құрылған Кеңестік автономия Қырғыз Советтік Социалистік республикасы атанды.

