Автор: admin

деген ұранмен Алаш полкы азамат соғысы жылдарында қазақ даласында ойран орнатқан қызылдар әскерімен соғысқанын қазіргі кезде біреу білсе, көпшілік білмейді. «Біз жүрген Алаштың: шын кемеңгеріміз. Егессек, ел бермес, еңіреген ерміз!.. Ер түрік ежелден… оқ тескен етіміз… Жаусын оқ, ақсын қан, шықсын жан қорқу жоқ»

Read More

Қазақ ақындарының қара қордалы ауылында туып, европадағы мәдениет пен сұлулық сарайына барып жайлауы жарасқан арқа қызын көріп сезгендей боламын. Мағжан – мәдениеті зор ақын. Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілдігіне қарағанда, бұл бір заманның шегінен асқандай, сезімі жетілмеген қазақ қауымынан ертерек шыққандай, бірақ, түбінде әдебиет таратушылары газетпен қосақталып, күндегі өмірінің тереңін терген ақын болмайды. Әдебиет – әдебиет үшін деген таңба айқын болмай, нәрлі әдебиет болуға жол жоқ. Сондықтан бүгінгі күннің бар жазушыларының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз Мағжанның сөзі», – деп толғаған екен. Осы орайда біз «Жазушы» баспасынан шыққан ақынның үш томдық шығармалар жинағында жарық көрген…

Read More

Тоқырау жылдары дегенді тарихтың бір қиын кезеңі ретінде еске аламыз да, жылы жауып қоятын болдық. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін елдің тұрмысын ауырлатып, санасына өзгеріс әкелген осы уақытқа қатысты біз назар аудармай келе жатқан түйткіл көп. Бұл қиын жылдары мыңдаған әйел табыс тауып, бала-шағаны асырауды, сөйтіп, қиын кезеңнен шығуды өзінің абыройлы міндеті санады. Экономикалық-әлеуметтік ауыртпалық қоғам өмірінің түрлі саласында әйелдерді қажырлы, тіпті азапты еңбек етуге мәжбүрледі. Тоқырау жылдарының бар кесапаты кәсіптен нәсіп табам деген қыз-келіншектердің басына түсті. Ала қаппен ауыр-ауыр жүк арқалап, белі талған да, базардан нәпақа табам деп аязға тоңған да, рэкетпен арпалысқан да – солар. Жағдайымыз тәуірленген қазіргі мезгілде…

Read More