Бұрын түркі тұтас болған. Сондықтан да тасқа қашап «басы барды идірдік, тізесі барды бүктірдік» деп асқақтығын жазып кетті. Иә, түркі тұтас болғанда бізді басынған жұрт болған емес. Шығыстағы мол қытай қорыққаннан «Ұлы Қытай қорғанын» соқты. Олар сол қорғанның әр жағында жатса да патшасы түркі ұлына қызын беріп, сый-сияпатын ұдайы жөнелтіп тұрды. Солтүстікте тайга, тундра біздің жайлау болды. Батыста Еуропа санасты. Жыл санауымыздың 910 жылы Селжұқ Бұғара Қарахан «Қараханидтер» мемлекетін құрып, өмірімізге ислам дінін енгізді. Мемлекет 200 жыл қатарынан гүлденді. Ол шақта мемлекеттердің мұндай ұзақ жасауы сирек кездесетін жағдай еді.
Автор: admin
«…Жидебай Қожаназарұлы (1713-1815) – қазақ халқының даңқты әрі аруақты батыры, әбжіл шешен, аса ірі шежіреші, қазақ жерін жоңғар шапқыншыларынан азат етуде теңдесі жоқ ерлік көрсеткен қолбасшы, аса көрнекті мемлекет қайраткері, асқақ Абылайдың сенімді серігі, жауқарақ басы, пікірлес досы әрі биі. Абылайды ақ киізге отырғызып, хан көтеруге қатысқан кісі. Жидебай батыр Аңырақай шайқасына, Қаншеңгел, Ақсүйек соғысына қатысып ерлік көрсеткен. Баян тауын, Ертіс маңын, Нұра бойын, Қарқаралы, Ұлытау, Ақмола, Балқашты азат еткенде – мыңбасы, Тарбағатай, Аягөз, Талдықорған, Құлжа, Алатау, Талғарды азат еткенде әскербасы болған. Талғар қаласы маңындағы Жидебай асуы, Абай қыстауындағы Жидебай қорығы осы батырдың атымен аталған. Жидебай батырды ақындар жырына…
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет Керей– Теңіз көлі алабында, Қарағанды облысы Нұра ауданының солтүстік-батысындағы ағынсыз тұзды көл. Теңіз көлінің оңтүстік-батысынан 6 км, Қыпшақ көлінің шығысынан 16 км жерде, теңіз деңгейінен 312 м биіктікте орналасқан. Ауданы 34,7 км² (кей жылдары 62,8 км²-ге жетеді). Ұзындығы 7,7 км, енді жері 6 км, жағалау бойының ұзындығы 30,3 км, орташа тереңдеңдігі 0,4 м. Су жиналатын алабы 3680 км². Көл шарасы шығысқа қарай таға тәрізді иілген, саяз сулы, түбі тұнбалы. Жағалауы жазық, саздақты. Шығыс жағынан Керей өзені құяды. Көл қар, жауын-шашын, жер асты суларымен толысады. Суының деңгейі сәуірде көтеріліп, қыркүйекте төмендейді. Кей жылдары тартылып қалады

