…Бір күні батылдығым жетіп, Марат ағамның алдына бардым. «Жасыл кітабымды» көрсетіп: «Менен бірдеңе шыға ма?», – деп сұрадым. Ол қалың қабағын көтеріп: «Мен кітап оқымаушы едім. Бір бетін ашып көрейін үйде. Оқылса, бірдеңе шығады. Болмаса, әдебиетпен қош айтыс. Ертең кел, жауабын берем», – дегені. Бірақ, ертеңіне емес, араға бір апта салып бардым. Есігінен сығалап едім, «кіріп, есікті құлыпта» деді. Мен төрге жеткенше, сейфінен жартылық пен қырлы стақан шығарды. Қол алысқаннан кейін «ақаңды» стақанға толтырып: «Мә, Жан, мынаны тартып жібер», – деп ұсынды. Көзді тарс жұмып, «тартып жібердім». Өзі ішпеді. – «Заводной апельсинді» оқып па едің? – деп сұрады. – Киносын…
Автор: admin
Құлын кезім, ғажап еді сол бір шақ, Бойымда от, жалындаған алғыр сәт. Қонақ етті ауылдағы бір ақын, Алдымызда тұрды самсап «бар жұмсақ». Мақтадық па үй иесін көпіріп, Кім біледі, соның дені өтірік. Ортамызда Еркін ағам елеулі, Ерекем де сөз сөйледі лепіріп… Асын іштік, арасында «жүздеттік», Ойламадық жасайды-ау, біз көптік. Ерекеңде еркін сөйлеп отырды, Тағдырынан сыр шертеді мың беттік. Өмір жайлы, Өлең жайлы толғанды, Бастан кешкен қиын-қыстау жолдарды. Әуезовті алған кезде аузына, Жанарына жас ілуге сәл қалды. … Жас кезіміз жалындаған өрт кеуде, Жыр оқимыз «жыртыңдаймыз» көп кейде. Сайран салдық «Көкбазарда» топ сері, Айналғандай «бақырымыз»…
Қазақстан Президенті «Наурыз – нұрлы жол» деп аталған мерекелік шараға қатысты, оның барысында театрландырылған музыкалық қойылымдар көрсетілді және белгілі қазақстандық әртістер мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен концерт өтті-деп хабарлайды президент баспа сөз қызметі. Елорда тұрғындары мен қонақтары алдында сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев барша Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады. – Бұл мереке күннің алғашқы шуақты жылуымен бірге келеді. Көптеген елдер Наурызды жаңа жыл ретінде атап өтеді. Бұл күндері адамдар бір-бірімен кездесіп, өкпе-реніштерін кешіреді. Ізгі істер жасап, көмек көрсетеді және бақыт тілейді, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы Қазақстанның Тәуелсіздік жылдары азаматтары мақтан тұтатын қуатты мемлекетке айналғанын айтты. – Біз бәріміз бірге…

