Қуат Қошанұлы
Күн көзіндей мөлдіреген ырысым,
Мазалайды жүрегімді күні-түн.
Асыл ана, ақ сүтіңнің нілінен,
Қазаққа тән қалыптасқан үмітім.
Мен ержеттім қиялымда көкбөрі,
Ең келбетті кескінделегн көп пері.
Мен туған тау , бұл күндері бейуақта,
Бөрілерге толып жатад бөктері.
Намысымнан майырылған шағымда,
Бөрі ана оранып кел сағымға.
Сағынышым Саралақаз секілді,
Көлін таппай адасып жүр қонуға.
Бір түйір қан сан қыиыннан шектеді,
Мені оятқан сахараның от демі.
Бөрі анамның тамып кеткен жасынан,
Бір түп арша, жасқанбастан көктеді.
Ана сенің алақаның ақ шатыр,
Көктен жауған жай оғыда өтпеді.
Мен телегей тілегіңнің ішінде,
Тұнып қалғам қарашығың пішінде.
Сенің әсем әлдиіңнен тербеліп,
Еміп жатам бөріана түсімде.
Рухым бөрі тұлғаланған арым кіл,
Менің сәби сезімімде барым бұл.
Кірпіктерің бөрі ананың сұғындай,
Ұрпағыңның айбатынан табылғыр.
Жанаым ана жарқыраған күнімдей,
Тірлігіме тұнықтық бер бүлінбей.
Әппақ сүтің тамырымда желігіп,
Жаңғырады бөлтіріктің үніндей.
Жаңғырады жан дауысы шырқырап,
Ән тынады, әуелейді мың сұрақ.
Кемсеңдейді ақиқаттар аялсыз,
Мазалайды лашығымнан жұлқылап.
Сары құм
Сабағына қадап құстың қанатын,
Сары құмда тынбай ұрыс салатын.
Сақ бабамнан қалға жебе сондағы,
Сары құмның тораңғысы болатын.
Дұшпанының рухы сонда күйреген,
Абыз баба арманы алға сүйреген.
Жебесімен жұлып әкеп жау басын,
Сары төбеге- сары құмға түйреген.
Сары құм асқақ, сақ бабамның әнімен,
Құлақ алмай келем тыңдап әлі мен.
Сақтар еккен сындарлы өсті тораңғы,
Суарылған дұшпанының қанымен.
Қанға малып тұңғыш рет таңдайын,
Дегендей –ақ өзегімді жалғайын.
Сары құм содан сары жапырақ тағынып,
Қызыл сауыт киіп тұрад әрдайым.
Қатал деме , қайсар мінез тораңғығы,
Сақтан сарқыт келе жатқан жоралғы.
Сан ғасырдың сағынышын арқалап,
Менің көктем көкірегіме қона алды.
Енді сөнбей сұлулықтан безінбей,
Оқиын мен жапырағың, сөзің ғой.
Сыбырыңа жүрегімді тосайын,
Қызыл сауыт киіп тұрған өзің ғой.
Мынау менің сағынышым, бастамам,
Тораңғыдай төзіміңді еске алам.
Менің ерлік тың дастаым бір өзің,
АҚҚУ АРЛ, БӨРІ ТЕКТІ САҚ БАБАМ!
kerey.kz



