Президенттердің бұзылу себебі неде? Жақсы президент ретінде бастап, кейін авторитаризмге жол беріп, ақыр аяғында қанды қол диктаторға айналудың себебі не?
Не себепті, кейбір авторитарлы басшылар жақсы бастап, жаман аяқтайды немесе күмәнді жолмен билікке келіп дұрыс жолға түседі? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрейікші.
Бұл сұрақтарға жауап іздеп көрген саясаттану ғалымдары Шаун Ларком (Кембридж), Тим Виллемс (Оксфорд) пен Мар Саррдың (Кейптаун Университеті) қызықты ойларын да келтірдік.
Ең қарт мемлекет басшысы — 91 жастағы Роберт Мугабе 1980 жылдан бері Зимбабвені үздіксіз 35 жыл
бойы басқарып келеді. Мугабе 1980 жылы президент қызметіне кіріскенде отарлық бұғаудан жаңа босаған
тәуелсіз мемлекеттің басшысына айналды. «Оның басшылығымен Зимбабве сәтті мемлекетке айналды. Ол жүргізіп жатқан ақылды экономикалық саясат ауыл шаруашылығын жаңғыртты» деп, 1986 жылы әлемге әйгілі The New York Times Мугабены мақтап
мақала жазған болатын. Ақ пен қара нәсілділер арасында келісімге келуге қосқан үлесі үшін, Мугабе 1980 жылы Нобель сыйлығына үміткер де болған.
Алғашқы басшылық жасаған жылдары Мугабе халықаралық марапаттармен марапатталып жатты: Елизавета II хан-
шайым оған рыцарь титулын тапсырды. Зимбабве экономикасы өсті, халық сауаттылығы 45%-дан 80%-ға, ортақ мектепте оқитындардың саны 2%-дан
70%-ға дейін өсті.
Кейін автократ диктаторға айнала бастады. Мугабе Солтүстік Кореяны 1948 жылдан 1994 жылы қайтыс
болғанға дейін басқарған Ким Ир Сенмен КХДР арнаулы қызметтерінің жеке өзіне қызмет ететін 20 мың адамнан
тұратын арнайы күштерді дайындауға келіседі. Бәсекелес партияның лидері, Ішкі істер министрі Джошуа Нкомо
астыртын әрекет дайындады деп айыпталып, шетелге қашты. Одан соң, Нкомо тиесілі болған тайпа көтеріліс
аяусыз басып-жаншылды, 50-100 мың шамасында бейбіт тұрғын қаза болды. Мугабе Гитлерді ақтай бастады.
Ары қарай жағдай ушыға берді. Мугабе билігінің үшінші он жылдығының соңында зимбабвалықтардың 90%
жұмыссыз болды, зимбавалық жастардың жартсына жуығы – ВИЧ инфекциясын жұқтырған, көп азаматтар елінен
қашып шықты. Африканы асырай алатын Зимбабве азық-түлік көмегіне тәуелді елге айналып шықты. Мугабе өмір бойы президент атанды. 2008 жылы инфляция 231 миллион пайызға жетті, 1990-2006 жылдары еркектердің өмір-жасының ұзақтығы 58 жастан 45
жасқа дейін, ал әйелдедің өмір-жасы 61-ден 34 жасқа дейін азайған.
Мугабе жақсы бастап, жаман бітірген жалғыз диктатор емес. Гананың негізін қалаушы Кваме Нкрума, Лондон экономика мектебінде PhD докторын алған. Президенттік жолын мектептер мен ауруханаларды салумен бастады, алайда какао құнының үш есеге өсуі оны бұзып
жіберді. Биліктің фермерлерге жасалған қысым нәтижесіндегі көтеріліс репрессиялар мен қанмен басылды. Билеудің 6-шы жылынды Кваме түрмеге сотсыз
тұтқындауға рұқсат берді, 12-ші жылында өзің өмір бойы президент жариялады. 14-шы жылы әскерилердің күшімен
биліктен ығыстырылып, шетелге қашты.
Филипин диктаторы Маркостың алғашқы басшылық еткен жылдары да прогрессивты болған, жол салып,
білімге назар аударып, өндірісті дамытып, ауыл-шаруашылығын өркендеткен еді. Ары қарай қарапайым сценарий: жемқорлық, бәсекелестерді жою, реп-
рессиялар, өлтірулер, шетелге қашу. Сирияда Асад, Румынияда Чаушеску, Ливияда Каддафи, Перуде Фухимори…
Бірақ басқа сценарийлер де жоқ емес. Мысалы Ганалық президент Джерри Ролингс қадамын өте қорқынышты
әрекеттерден бастады, бірақ кейін экономикалық либерализация өткізді, ұлттық келісім саясатын жүргізді, шетел инвестицияларын тартып Гананы тұрақты демократия жасады. Биліктен өзі бас тартып, қазіргі таңда дүниежүзінде тұрақты даму туралы дәріс беріп жүр.
Замбиялық президент Кеннет Каунда репрессиялар мен оппозициялық партияларға тыйым салудан бастап,
кейінен оларды заңдастырды. 27 жыл мемлекет басқарғаннан кейін ол, сайлауда жеңіске жеткен партияның басшысына билікті қан төкпей берді. 80-ші
жылдары Коряның президенті болған Чон Ду Хван да дикторлық әрекеттермен бастаған болатын, соңында Кореяны демократияландырды.
Оңтүстік Кореяның демократиялық жолда екенің екі күн бұрын бұл елдің премьер-министрі Ли Ван Гуның
жемқорлық жанжал туындағанына кейін өз еркімен бас тартуы дәлел. Бізде ондай қашан болып еді? Және екі күн бұрын
Каир соты Египеттің биліктен құлатылған президенті Мұхаммед Мурсиді 2012 жылы де монстранттардың өліміне қатысы бар деген айыппен 20 жылға
соттады. Осыған орай президент Назарбаевтің әлі президент болмаған 1987 жылы «Дружба народов» журна-
лына берген сұхбатынан үзінді келтірсек жөн болар: «Руководитель не должен десятилетиями занимать один и тот же высокий пост. Нет той мобильности.
Желание «казаться» на своем месте в конечном итоге создает ореол непогрешимости. Тут нужен временной ценз. И, само собой разумеется, гласность. Это лекарство от всех болезней. Вопрос состоит в моем искреннем убеждении, что любой авторитаризм в Казахстане — это путь в никуда. Только свободное демократическое общество будет гарантом нашей стабильной счастливой жизни в недалеком будущем».
Жексенбі күні өтетін сайлауда президент Назарбаевтың «жеңіске» жететініне, әрине, күмән жоқ. Алтынбек
Сәрсенбайұлы 10 жыл бұрын жазған мақаласында мынандай сөздер бар «…Тарихқа жетiк адам болғандықтан, ол басқа авторитарлық билеушiлердiң
тағдырынан хабардар. Ол Саддам Хусейннiң сайлауларда осындай жолмен «жеңгенiн» бiледi. Ол Маркостың да осындай жолмен «жеңгенiн» бiледi. Милошевич те осылайша «жеңген». Ақаев та осылайша «жеңген». Осылай «жеңу» қажет пе? Өйткенi мұндай жалған «жеңiстер» — бұл — күйреудiң ба-
стамасы!».
Алтынбек Сәрсенбайұлы Билiк үшiн кiмдер күреседi? атты мақаласында былай жазады: «Мәңгiлiк билеушi бол-
майды, мұны бәрiмiз де бiлуге тиiспiз. ТМД билеушiлерiнiң қасiретi бiр ғана мәселеге тiрелiп тұр: авторитарлық үлгi-
қалыптың болашағы жоқ және аса зиянды.
Бiз президент Назарбаевтың еңбегiн жоққа шығармаймыз. Әсiресе, Тәуелсiздiктiң алғашқы жылда рындағы. Ол КСРО тарағаннан кейiн терiс
сценарийлердiң өрiстеуiне жол берген жоқ. Ол тiптi маңызды реформаларды бастап та кеттi. Рас, орта жолда тоқтап қалды. Бәлкiм, тоқтатты. Кiм тоқтатты?
Отбасы ма, достары ма, алпауыттар ма, айналасы ма! Не керек, оның бүгiн өз халқына бергенiнен гөрi алғаны әлдеқайда көбейiп кеттi.
Масқаралыққа ұшырап, абыройдан бiржолата айырылып қалмас үшiн мұндай жағдайда өзiн-өзi сыйлайтын саясаткерлер сахнадан кетедi. Әрине, әркiм әртүрлi жолмен кетедi. Бiреулер Борис Ельцин сияқты кешiрiм
сұрап кетедi. Екiншi бiреулер Вацлав Гавел секiлдi халқына рахметi мен ризашылығын айта отырып кетедi». Алтынбек Сәрсенбайұлы мақаласын
былай аяқтайды: «Ол реформаларды жүзеге асырушы және оны логикалық түрде аяқтаған адам ретiнде де тарихқа
ене алар едi. Немесе билiкке, игiлiк пен сый-құрметке өмiрiнiң соңына дейiн жабысып қалмай, уақтылы әрi дер кезiнде кетiп қалу арқылы да тарихқа
енер едi. Бiрақ тарихқа жағымсыз жағымен де енуi
әбден мүмкiн. Авторитарлық билеушi ретiнде. Бiрде-бiр рет әдiл де таза сайлау өткiзбеген адам ретiнде. Өз халқының даусын ұрлаған, сол арқылы оның болашағын күл-талқан еткен адам ретiнде».
Осыдан дәл 10 жыл бұрын Алтынбек Сәрсенбайұлы былай деген еді: «Дүниежүзiнде құламаған, құламай қалған тоталитарлық-авторитарлық режим бар ма? Жоқ. Тоталитарлық-авторитарлық режим дегенiмiз не? Белгiлi бiр топ билiктi басып алады да, сол қоғамда өмiр сүретiн халықтың басына әңгiртаяқ ойнатып, еркiн шектеп, өзiмбiлермендiкпен басқарады. Ал халықтың әлеуетi, рухы миллиардтаған ақшасы бар адамдардан жоғары және биiк. Халық ерте ме, кеш пе, оларды бәрiбiр өз екпiнiмен лақтырып тастайды. Халықтың ойымен, санасымен, ғасырлар бойғы құндылықтармен, көзқарасымен, ерiк-жiгерiмен ұштастырмай-үйлестiрмей мемлекет болу мүмкiн емес. Ұштастырып-үйлестiрудiң жолы бiреу-ақ. Ол – демократиялық сайлау, әдiл басқару, сот жүйесiнiң бөлек болуы, парламенттiң бақылаушылық рөлiнiң күшеюi. Осы жүйеде ғана мемлекет дұрыс жолмен дами алады».
Егер тарихымызға үңіліп қарайтын болсақ, қазақтарда тек бір ғана әділетті сайлау болған екен. 2017 жылы жүз жылдығын да атап өтерміз. 1917 жылы Алаш Республикасының президенттігі сайлауы өтті, бұл — қазақ мемлекетінің тарихындағы тұңғыш республикалық негіздегі демократиялық принциптерге сай жүргізілген баламалы әділ сайлау болатын. Алаш Республикасының
президенттігіне үміткер ретінде 3 адам сайлауға
түскен. Олар: Бақтыгерей Құлманов, Айдархан Тұрлыбаев, Әлихан Бөкейхан. Сайлау қорытындысы бойынша: Құлмановқа – 19, Тұрлыбаевқа – 20, Бөкейханға – 40 адам дауыс беріп, Әлихан Бөкейхан қазақтың тұңғыш республикасы – Алаш Республикасының президенті болып сайланды. Бұл туралы президент Назарбаев 2005 жылы өзінің «Еуразия жүрегінде» атты
кітабында «Қазақстандағы алғашқы баламалы сайлау нәтижесінде, мұны атап өту керек, тәуелсіз Қазақстан Үкіметінің – Жалпықазақ Ұлттық Кеңесінің Төрағасы болып Әлихан Бөкейханов сайланды» деп жазып, Әлихан Бөкейханның тұңғыш президент екенін мойындаған болатын. Осылайша қазақтың тұңғыш һәм әзірге соңғы әділетті сайлауы бір ғасыр бұрын өтті. Тағы қанша ғасыр күтер екенбіз?
Әнуар ШОТБАЙ
«Ашық Алаң» (Қалам Мезгіл) газеті, №15, 23.04.2015 жыл



